"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үлгілік әріптестік келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 219/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Үлгілік әріптестік келісім
Бір тараптан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)
және ______________________________________________________________
(әріптестік ұйымның атауы) (бұдан әрі – әріптестік ұйым), бұдан әрі бірлесіп аталатын Тараптар деп аталатындар, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-2-бабы 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша осы Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Осы Келісімнің мәні әріптестік ұйымға мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі өкілеттіктер берілген кезде туындайтын Тараптардың өзара қарым-қатынасы болып табылады.
2. Осы Келісімде Заңда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) жазылған терминдер мен ұғымдар пайдаланылады.
3. Әріптестік ұйымдар Мемлекеттік корпорациямен ынтымақтастықтың келесі үш түрі түрінде ынтымақтасады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының агенті – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен әріптестік келісім жасасқан дара кәсіпкер;
2) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының" интеграцияланған ақпараттық жүйесін" (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) пайдалануға беру кезінде әріптестік ұйымдармен ынтымақтастық;
3) ХҚКО-ны сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі ынтымақтастық.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Әріптестік ұйымның құқықтары мен міндеттері:
1) Әріптестік ұйым Мемлекеттік корпорацияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бойынша Мемлекеттік корпорациядан консультациялық, ақпараттық-анықтамалық қызметтер алуға құқылы.
2) әріптестік ұйым міндетті:
ХҚКО ИАЖ-ні өз кеңселерінде және (немесе) мобильді ұйымдастыру техникасында (ноутбукта) қосу үшін қауіпсіз байланыс арнасын қамтамасыз етуге;
Заңға және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;
нақты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беруге, оның ішінде Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басының биометриялық аутентификациясын пайдалана отырып өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға;
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсету тәртібі туралы, оның ішінде көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімділігін ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру жөніндегі қызметтерге мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті алушыға кедергісіз тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсететін қызметкерлердің біліктілігінің уәкілетті орган Заңның 11-2-бабы 2-тармағына сәкес белгілеген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органды (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Мемлекеттік корпорацияны тиісті хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдауға;
көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін үй-жайлардың Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО үшін белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беруді дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асыру;
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру бойынша қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушылардан мыналарды талап етуге жол берілмейді:
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтер;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әріптестік ұйымға салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері.
Әріптестік ұйымдар осы Келісімге 3-қосымшаның 8-тармағына сәйкес мөлшерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар үшін тұрақсыздық айыбын төлейді.
5. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсетуге құжаттарды қабылдау мақсатында әріптес ұйымның ХҚКО ИАЖ-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету және осы Келісімнің талаптары мен оған қосымшаларды ескере отырып сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
әріптестік ұйымдарға Мемлекеттік корпорацияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бойынша консультациялық, ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету;
әріптестік ұйымға ХҚКО ИАЖ-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру, оның ішінде осы Келісімнің және оған қосымшалардың талаптарын ескере отырып, Заңда көзделген жағдайда жеке басын биометриялық аутентификациялау мүмкіндігімен көрсетілетін қызметті алушыға өкілеттіктер беруді қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсетуге әріптестік ұйым қабылдаған өтінімдерге оларды көрсету тәртібін айқындайтын қағидаларды сақтау мәніне тұрақты негізде талдау жүргізу.
6. Тараптардың "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының әріптестік ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін осы Келісімнің 4-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға беру жөніндегі ынтымақтастық түрлері бойынша құқықтары мен міндеттері де осы Келісімге 1-қосымшада белгіленген.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тараптар Келісім бойынша қабылданған өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі Тарап қолданыстағы заңнамаға, осы Келісімге және оған қосымшаларға сәйкес жауапты болады.
8. Әріптестік ұйым осы Келісімге 3-қосымшада көрсетілген қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, Мемлекеттік корпорация уәкілетті органды осы Келісімнің біржақты тәртіппен бұзылғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
9. Осы Келісім бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамау нәтижесінде тараптарға және (немесе) үшінші тұлғаларға келтірілген залалды кінәсінен осы залал туындаған тарап өтеуі тиіс.
4-тарау. Дербес деректердің құпиялылығы
10. Жалпыға қолжетімді және қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын Тараптар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
11. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары, атап айтқанда дүлей зілзалалар туындаған, төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген, төтенше жағдай жарияланған жағдайда не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шаралары енгізілген кезде, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі, ереуілдер немесе олар әсер еткен Тарап нақты әсер ете алмайтын және ол әсер етпейтін кез келген басқа мән-жайлар туындаған оның пайда болуы Тараптардың бірінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің тікелей немесе жанама нәтижесі болып табылмағанын болжай алады, осы келісімге қол қойылғаннан кейін пайда болған және келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін міндеттемелерді орындау мерзімі осындай мән-жайлардың қолданылу уақытына ұзартылады.
12. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты осы келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкін создстігі туындаған Тарап бұндай мән-жайлар туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламада қамтылған фактілерді уәкілетті ұйымдар құжатпен растауы тиіс.
13. Орын алған төтенше жағдайлар туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тиісті Тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біреуіне сілтеме жасау құқығынан айырады.
6-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі, оны өзгерту және бұзу тәртібі
14. Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
15. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), Заңда және осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісімді өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады.
16. Тараптардың бірінің талабы бойынша осы Келісім тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
1) осы Келісімді екінші Тарап елеулі түрде бұзған кезде;
2) Кодексте, Заңда немесе осы Келісімде көзделген өзге де жағдайларда.
Тараптардың бірінің осы Келісімді бұзуы елеулі деп танылады, ол екінші Тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол осы Келісімді жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады.
17. Тарап осы Келісімді өзгерту немесе бұзу туралы талапты екінші Тараптың осы Келісімді өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан бас тартуын алғаннан не отыз күн мерзімде жауап алмағаннан кейін ғана сотқа мәлімдей алады.
18. Осы Келісім бұзылған кезде Тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.
19. Осы Келісім өзгерген кезде Тараптардың міндеттемелері өзгертілген түрде қолданысын жалғастырады.
20. Осы Келісім бұзылған немесе өзгертілген жағдайда міндеттемелер осы Келісімді өзгерту немесе бұзу туралы Тараптардың осы Келісіміне қол жеткізген сәттен бастап, ал осы келісімді сот тәртібімен бұзған немесе өзгерткен кезде – осы Келісімді бұзу немесе өзгерту туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап тоқтатылған немесе өзгертілген болып есептеледі.
21. Егер Кодексте немесе осы Келісімде өзгеше белгіленбесе, Тараптар осы Келісім бұзылған немесе өзгерген кезге дейін міндеттеме бойынша өздері орындаған нәрсені қайтаруды талап етуге құқылы емес.
22. Егер осы Келісімді бұзу немесе өзгерту үшін Тараптардың бірінің осы Келісімді елеулі түрде бұзуы негіз болса, екінші Тарап осы Келісімді бұзу немесе өзгерту салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
23. Осы Келісімді орындаудан біржақты бас тартуға (келісімнен бас тартуға) Кодексте немесе осы Келісімде көзделген жағдайларда жол беріледі.
24. Тараптардың бірі осы Келісімді орындаудан бас тартуға құқылы:
1) осы Келісімге негізделген міндеттемені орындаудың мүмкін емес жағдайда (Кодекстің 374-бабы);
2) Егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, екінші Тарап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған;
3) негізінде осы Келісім жасалған уәкілетті органның актісі өзгерген немесе жойылған жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Тараптар бұл туралы уәкілетті органды кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша хабардар ете отырып, осы Келісімді бұзу рәсіміне біржақты соттан тыс тәртіппен бастамашылық етуге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
26. Тараптар хат-хабарларды жіберу бойынша шығыстарды дербес көтереді. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар айналысы саласындағы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда Тараптар электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, құжат айналымын жүзеге асыра алады.
27. Әріптестік ұйым ай сайын, жарты жылда бір рет, тоқсан сайын жыл ішінде және жыл қорытындысы бойынша, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы Мемлекеттік корпорацияны хабардар етеді.
28. Әріптестік ұйым Заң мен осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, сондай-ақ егер әріптестік ұйымның Мемлекеттік корпорацияға ұсынатын мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі қызметтерді ұсыну туралы ақпаратты зерделеу қорытынды жөнінде Мемлекеттік корпорация немесе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі қызметтерді ұсыну жөніндегі функциялардың сапасыз жүзеге асырылуын белгіледі, Мемлекеттік корпорация әріптестік ұйымды күнтізбелік отыз күн ішінде анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
29. Осы тараудың 28-тармағында көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда Мемлекеттік корпорация уәкілетті органды кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар ете отырып, Кодексте және осы Келісімде белгіленген тәртіппен тиісті әріптес ұйыммен жасалған осы Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық жасайды.
30. Ынтымақтастықтың бірінші және екінші моделі бойынша әріптестік ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі қызметтер тізбесі туралы ақпарат, сондай-ақ әріптестік ұйымдардың атауы мен байланыс деректері Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру орындарында орналастырылады.
31. Ынтымақтастықтың бірінші және екінші моделі бойынша әріптестік ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы Үлгілік Келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындалады.
32. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі әріптестік ұйымдар арасындағы өзара есеп айырысу түрлері осы Келісімге 3-қосымшада белгіленген.
33. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, олардың әрқайсысының заңдық күші тең.
34. Осы Келісімнің барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады.
8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
"Азаматтарға арналған үкімет" |
|
Үлгілік әріптестік келісімге | |
1-қосымша |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының әріптестік ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі бойынша ынтымақтастық түрлері
1-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының агенті
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының агенті (бұдан әрі – агент) – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) әріптестік келісім жасасқан дара кәсіпкер.
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы агенттерінің тізілімінде" тіркелген агент оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының талап ету орны бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) тіркелген ноутбук арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес Үлгілік әріптестік келісімге 3-қосымшаға сәйкес шығумен мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) және "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы қолжетімді дайын нәтижелерді беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік корпорация міндетті:
агенттерге көрсетілетін қызметті алушылардан өтінімдер мен төлемдер үшін мемлекеттік қызметтер тізімін ұсынуға;
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау үшін "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының" интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) қауіпсіз байланыс арнасына қол жеткізе отырып, агенттің ноутбугын баптау бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға;
агенттер көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ХҚКО ИАЖ-ға өтініш берушілердің дербес деректеріне қол жеткізуді сұрау және жеке басын биометриялық аутентификациялау функционалымен қамтамасыз етуге;
агентті "Мемлекеттік корпорация агенттерінің" тізіліміне енгізуге;
2) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер агенттері қабылдаған өтінімдерге оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуы тұрғысынан оларға тұрақты негізде талдау жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;
агент қабылдаған мемлекеттік қызметтер бойынша оларды көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталу мәніне бұзушылықтар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға агенттің өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс жіберуге құқылы;
3) агент міндетті:
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау үшін ХҚКО ИАЖ-мен қауіпсіз байланыс арнасына қол жеткізе отырып, баптау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін жарамды ноутбук ұсынуды қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету және дайын нәтижелер беру үшін өтініштерді қабылдау бойынша қызметтер көрсетуге;
көрсетілетін қызметті алушылардың дербес деректерін қорғауды, оның ішінде қызмет көрсету аяқталғаннан кейін барлық тасығыштардан дереу жоюды қамтамасыз етуге.
4) агент мемлекеттік қызметтер көрсету үшін өтініштерді қабылдау және дайын нәтижелерді беру жөнінде көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша қажет болған жағдайда кете отырып қызметтер көрсетуге құқылы.
4. Осы түрге сәйкес келесі өзара әрекеттесу алгоритмі қарастырылған:
1) дайындық кезеңі:
Мемлекеттік корпорация мен агент арасында келісім жасасу;
ХҚКО ИАЖ-ға кіру және оқыту үшін агенттің төлемі;
әріптестің VPN бағдарламалық-аппараттық кешенін сатып алуы;
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау үшін ХҚКО ИАЖ-ға қолжетімділігі бар әріптестің ноутбугын баптау.
2) іске асыру кезеңі – әріптестің мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсетуі:
көрсетілетін қызметті алушының қажеттіліктерін анықтау;
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру, оның ішінде ХҚКО ИАЖ-да биометриялық аутентификация арқылы;
көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдауға өтініш алу және қажет болған жағдайда кете отырып, дайын нәтижелерді беру;
құжаттар топтамасын қалыптастыру;
төлем қабылдау;
клиентке үйге шығу (қажет болған жағдайда);
мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау бойынша қызмет көрсету;
өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жеткізу (қажет болған жағдайда);
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеткізу және көрсетілетін қызметті алушыға беру.
2-тарау. ХҚКО ИАЖ-ны пайдалануға беру кезінде әріптестік ұйымдармен ынтымақтастық
5. ХҚКО ИАЖ-ны пайдалануға беру кезінде әріптестік ұйымдармен ынтымақтастық – қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді ескере отырып, әріптестік ұйымдардың өз алаңдарында ХҚКО арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер көрсетуі.
6. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік қызметтер көрсетуге құжаттарды қабылдау мақсатында ХҚКО ИАЖ-ға әріптестік ұйымдарға қол жеткізуді ұсыну және сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
әріптестік ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша ХҚКО ИАЖ-да өтініш берушілердің дербес деректеріне қол жеткізуді сұрау салудың функционалын және жеке басын биометриялық сәйкестендіруді қамтамасыз ету.
7. Әріптес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері:
бөлімшелерде (кеңселерде) ХҚКО ИАЖ қосу үшін қауіпсіз байланыс арнасын қамтамасыз ету;
заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынуды ескере отырып, дербес деректерге қол жеткізуді сұрау салумен және жеке басын биометриялық сәйкестендірумен жеке өзі келген кезде ғана мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға құқылы;
өз ғимараттарын (үй-жайларын, кеңселерін) тәулік бойы күзетудің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
8. Осы түрге сәйкес келесі өзара әрекеттесу алгоритмі қарастырылған:
1) дайындық кезеңі:
Мемлекеттік корпорацияның және әріптестің Халыққа қызмет көрсету әріптестік орталығының (бұдан әрі – ХҚКӘО) орналасқан жерін айқындауы және бекітуі;
Мемлекеттік корпорация мен әріптес арасында келісім жасасу;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік корпорация қызметінің Қағидаларына сәйкес ХҚКО үшін белгіленген талаптарға сәйкес келтіру үшін әріптес жаңа ХҚКӘО құру, жөндеу жұмыстарын жүргізу;
ХҚКО ИАЖ-ға қол жеткізу және оқыту үшін әріптестің төлеуі;
Мемлекеттік корпорацияның әріптес қызметкерлерін оқытуды жүргізуі (не ХҚКО-ның жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін жұмысқа орналастыру);
қауіпсіз байланыс арнасын қамтамасыз ету;
қызмет көрсету алаңын дайындау (үй-жай, ұйымдастыру техникасы, жиһаз және басқалар);
ХҚКО ИАЖ және электрондық кезекті баптау;
2) іске асыру кезеңі:
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыларға беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған ХҚКӘО-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО жұмыс кестесіне ұқсас ХҚКӘО жұмыс кестесін сақтау;
көрсетілетін қызметті алушылардың қажеттіліктерін айқындау;
көрсетілетін қызметті алушыларды сәйкестендіру, оның ішінде ХҚКО ИАЖ-да биометриялық аутентификация арқылы;
көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету және дайын нәтижелер беру үшін құжаттарды қабылдауға өтініштер алу;
құжаттардың толық пакеттерін қалыптастыру;
төлем қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау бойынша қызметтер көрсету;
көрсетілетін қызметті берушілерге өтініштер мен құжаттар топтамасын жеткізу (қажет болған жағдайда);
мемлекеттік қызмет көрсету және көрсетілетін қызметті алушыларға беру нәтижесін жеткізу.
3-тарау. ХҚКО-ны сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі ынтымақтастық
9. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері:
әріптес ұйымға ХҚКО өтініштерді қабылдау және дайын құжаттарды беру бойынша 1 жылдан кем емес өтілі бар қызметкерлердің штат санымен келісілген ХҚКО үй-жайын беруге;
ХҚКО ИАЖ-ға қосылуды қамтамасыз ету;
ХҚКО қызметінің бизнес-процестерінің анықталған бұзушылықтарын жою бойынша әдіснамалық көмекті жүзеге асыруға міндетті.
10. Әріптес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері:
көрсетілген кестеге сәйкес ХҚКО жұмысын сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету:
№ | Қызмет | Беру уақыты |
1 | ХҚКО жұмысын қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
2 | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
3 | ХҚКО қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізу | Тұрақты негізде |
4 | ХҚКО инфрақұрылымының санитарлық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
5 | Ұйымдастыру техникасымен және кеңсе керек-жарақтарымен жабдықтауды қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
6 | Азаматтарды күту залында Wi-Fi жария Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
7 | Бөлімнің жүктемесіне және ауысымдылығына байланысты фронт-офистердің қызметкерлерімен күніне 1 сағаттан артық емес оқыту жүргізу | Тұрақты негізде |
8 | Құжаттарды курьерлердің көрсетілетін қызметті берушілерге және ХҚКО уақтылы жеткізуін қамтамасыз ету | Тұрақты негізде |
9 | ХҚКО қызметінде Мемлекеттік корпорацияның Ахуалдық орталығы анықтаған бұзушылықтарды жою | Тұрақты негізде |
өз ғимараттарын (үй-жайларын, кеңселерін) тәулік бойы күзетудің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
12. Осы түр бойынша келесі өзара әрекеттесу алгоритмі қарастырылған:
1) дайындық кезеңі:
Мемлекеттік корпорацияның және ХҚКО әріптесінің сенімгерлік басқаруға беру үшін айқындауы;
Мемлекеттік корпорация мен әріптес арасында ХҚКО басқару жөніндегі функцияларды әріптеске сенімгерлік басқаруға беру жөнінде келісім жасасу;
қолданыстағы ХҚКО актісі бойынша әріптеске білікті қызметкерлердің қажетті штатымен беру;
әріптестің жөндеу жұмыстарын жүргізуі (қажет болған жағдайда);
Мемлекеттік корпорацияның әріптес қызметкерлерін оқытуды жүргізуі (қажет болған жағдайда);
әріптестің ХҚКО ИАЖ-ға қол жеткізгені үшін, қызметкерлерді оқытқаны үшін (қажет болған жағдайда) және ХҚКО мүлкін пайдаланғаны үшін төлеуі;
2) іске асыру кезеңі:
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыларға беру жөнінде ХҚКО-ның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсету;
мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияға беру бойынша көрсетілген қызметтер туралы әріптестің есебі;
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға уәкілетті органға беру бойынша әріптес көрсеткен қызметтер туралы Мемлекеттік корпорацияның есебі.
13. Жеке тұлғалардың дербес деректеріне қол жеткізе алатын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру бойынша қызметтер көрсету процесіне қатысатын әріптес ұйымның қызметкерлері және (немесе) лауазымды тұлғалары ХҚКО-да, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы мүмкін.
Үлгілік әріптестік келісімге | |
2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен әріптестік ұйымдар арасындағы өзара есеп айырысу түрлері
1. Тараптардың барлық өзара есеп айырысулары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
2. Әріптестік ұйым "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Үлгілік әріптестік келісімде және оған қосымшаларда айқындалған шарттарға сәйкес мынадай төлемдерді төлейді:
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
әріптестік келісімді іске асыру уақытына акт бойынша алынған Мемлекеттік корпорацияның мүлкін және мүліктік емес құқықтарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бірлескен қосымша сервистерді іске асырудан түскен пайданың бір бөлігі;
осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтарына сәйкес төлемдерді әріптес ұйым (тоқсан сайын) қол қойылған өзара есеп айырысуларды салыстыру актілеріне сәйкес актіге қол қойылған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде төлейді.
3. Тараптардың келісімі бойынша Мемлекеттік корпорация, егер әріптестік ұйым халыққа мемлекеттік қызметтерді өтеусіз негізде көрсеткен жағдайда, әріптестік сыйақы төлеуді жүргізе алады.
4. Бұл ретте, әріптестік сыйақы Мемлекеттік корпорация тарифтеріне сәйкес әріптестік ұйым көрсеткен қызметтер санына барабар есептеледі.
5. Әріптестік сыйақы тоқсан сайын ақшалай қаражатты әріптестік ұйымның есеп шотына қолма-қол ақшасыз аудару жолымен, Тараптар көрсетілген қызметтер актісін бекіткен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде төленеді.
6. Әріптестік сыйақы сомасына әріптестік ұйым пайдаланатын салық салу жүйесіне байланысты төлеуге жататын барлық салықтар кіреді.
Үлгілік әріптестік келісімге | |
3-қосымша |
нысан
Ынтымақтастықтың бірінші және екінші моделі бойынша әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі қызметтер тізбесі
№ | Мемлекеттік қызметтің атауы | Ынтымақтастық түрі, саласы |
1 | ||
2 | ||
… |