БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектеге № 607 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемесі жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзiнiң өзге мемлекеттiң азаматтығына жататындығына дәлелдемесі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
2) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
3) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет.
2-тарау. Азаматтығы жоқ адам мәртебесін анықтау тәртібі
4. Азаматтығы жоқ адам мәртебесін алу үшін жеке тұлға тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық полиция органдарына жеке өзі Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Полиция департаменттері (бұдан әрі - ПД) бірінші басшыларының атына мәртебе үшін жүгіну себебін көрсете отырып, азаматтығы жоқ адам мәртебесін алу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
18 жасқа толмаған адамдар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып береді.
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін тану рәсімі адамның өтініші бойынша бастамашылық етіледі.
Өтініш жазбаша түрде беріледі. Бұл ретте өтініш беруші жеке басты куәландыратын құжаттарды алу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтер ұсынғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 495-бабына сәйкес жауапкершілік туралы ескертіледі.
Он алты жасқа толған адамдар міндетті дактилоскопиялық тіркеуге жатады.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама;
2) өлшемі 3,5 х 4,5 см алты (6) фотосурет.
3) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті дактилоскопиядан өткені туралы анықтама.
4) Тергеу-қамауындағы адамдарға қатысты ПД Тергеу басқармасының өтінішхаты қосымша беріледі.
5) Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қатысты өтініш беруші отырған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өтінішхаты және сот үкімі қоса беріледі.
Аталған құжаттардан басқа:
1) Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСРО) паспорты бойынша тұратын адамдар қосымша мынадай құжаттардың (болған жағдайда) көшірмелері мен түпнұсқаларын (салыстыру үшін) ұсынады:
туу туралы, некені тіркеу немесе бұзу туралы куәлік;
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты;
оқу кезеңі туралы оқу орнынан анықтама, негізгі орта білімі туралы аттестат, орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом;
шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік (тіркеу куәлігі), әскери билет;
еңбек кітапшасы;
олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұратынын растайтын құжат (үй кітапшасы, пәтер бойынша карточка, азаматтарды тіркеу кітабы, шаруашылық кітабінан мұрағаттық анықтама-үзінді);
бас бостандығынан айыру орнынан босатылғаны туралы анықтама не өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіретін басқа құжат.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады және көші-қон қызметі қызметкерінің қолымен және бөліністің елтаңбалы мөрімен расталады.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, көші-қон қызметінің қызметкерлері қазақстандық немесе шетелдік уәкілетті органдардан қажетті ақпарат алу үшін сұрау салу жолдайды.
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген, Қазақстан Республикасының азаматтығынан немесе шет мемлекеттің азаматтығынан шығуды ресімдеген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бес жыл тұрған және тұрақты тіркеулері жоқ адамдар (оларға қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы сот шешімдері бар жағдайларды қоспағанда):
басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуын растайтын, тиісті мемлекеттің азаматтығы саласындағы құзыретті органы берген құжат, оның қолданылу мерзімі берілген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан аспауы тиіс құжат;
басқа мемлекеттің бұрынғы азаматтығын растайтын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
6. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.
7. Өтініш келіп түскен күні уәкілетті қызметкер оны қабылдауды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініштерді тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады.
8. Өтініш тіркелген күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініш білдірген адамның куәлігі беріледі. Мәртебесін анықтау немесе анықтаудан бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін куәлік жойылады.
Куәлік өтінішті қарау кезеңіне беріледі, көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамның куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адам деп тану туралы өтініштің тіркелгендігін растайды.
9. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін анықтау туралы өтініш білдірген кезде және/немесе оны қарау кезеңінде, ұсынылған мәліметтерде сәйкессіздіктер фактісі анықталған жағдайда, көші-қон қызметі органы өтініш берушімен, еркін нысанда сұрақ-жауап хаттамасын ресімдей отырып, әңгімелесу жүргізеді.
10. Құжаттарды қабылдағаннан кейін полиция органдарының уәкілетті қызметкері күнтізбелік жеті күн ішінде:
1) тұрақты сақтау мерзімімен тұрақты жеке есепке алу ісіне материалдарды қалыптастырады;
2) өтініш беруші туралы мәліметтердің дұрыстығын анықтау үшін қазақстандық және шетелдік уәкілетті органдардан ақпаратты сұратады:
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын беру туралы өтініш берушіге 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын берген ішкі істер органына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша №1 нысандағы өтініштің көшірмесін беру және өтініш берушіге 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының берілу фактісін және фотосуреттердің ұқсастығын растау үшін, сондай-ақ ерекше белгілердің болуы тұрғысынан (шет мемлекеттің азаматтығы, паспортты айырбастау, жоғалту туралы, құзыретті органдардың сұрау салуы) № 2 нысандағы 1974 жылғы үлгідегі паспорттардың берілуін есепке алу кітабы туралы сұрау салу жолдайды
басқа мемлекеттің уәкілетті органына паспортпен немесе жеке басты куәландыратын басқа құжатпен құжаттау туралы;
туу туралы акт жазбасы туралы - өтініш беруші қайтадан берілген туу туралы куәлікті ұсынған жағдайда, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына сұрау салу жолдайды;
өтініш берушінің республика аумағында тұруы туралы - ПД мекенжай-анықтама бюросының архивіне, Мемлекеттік архивтерге, ауылдық округ әкімдіктеріне, білім беру және қорғаныс органдарына тұруы туралы;
басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылғандығын растау;
3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің барлық сервистері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер базасы бойынша адамды тексеруді жүзеге асырады, адамды Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды не оны жоғалтуды, республика аумағында шетелдік ретінде тіркелуді есепке алу бойынша тексеруді жүргізеді. Өтініш берушінің республика аумағында болу фактісін растау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өтуі туралы мәліметтер сұратылады.
Сұрау салулар адамның паспорттық деректері бойынша, сондай-ақ олар өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні бойынша жолданады.
Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан жауаптар болмағанда, жолдаған күннен бір ай өткеннен кейін сұрау салу қайта жолданады.
Бұл ретте материалды қарау мерзімі біруақытта өтініш берушіге хабарлай отырып, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді қорытынды негізінде тоқтатылады.
Материалды қарау мерзімдерін жаңғырту сұратылған мәліметтердің түсуі арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беруші ұсынған шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтату туралы құжатты ішкі істер органдары ІІМ Қазақстан Республикасы ратификациялаған, көші-қон саласындағы Келісімдерге сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органдарына сұрау салу жолдау арқылы немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы түпнұсқалығына тексереді.
Сұрау салулардың нәтижелері іс материалдарына тігіледі.
өздері туралы хабарлайтын ақпаратқа сәйкестігін немесе айырмашылығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарға қатысты фотосуреттер бойынша жеке басына тану жүргізіледі.
Жеке басын тануды өтініш берушінің жақын туыстары немесе өтініш берушіні кемінде 10 жыл танитын адамдар жүзеге асырады.
Танушы адамдардан тиiстi адамды қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады. Егер танушы адам көрсетілген фотосуреттердің бірін көрсетсе, одан сол адамды қандай белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығандығын түсіндіруді сұрайды.
Жеке басын тану үшін фотосуреттерді ұсыну туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама (бұдан әрі-тану хаттамасы) толтырылады.
Тану хаттамасын көші-қон қызметінің қызметкері өтініш берушінің фотосуреті бойынша біруақытта өтініш берушімен келбеті мен жасында қатты айырмашылықтар жоқ жыныстас басқа адамдардың 3 фотосуретін ұсына отырып жасайды. Фотосуреттер тігілген және көші-қон қызметі бөлінісінің елтаңбалы мөрімен бекітілген болуы тиіс. Хаттамада тану шарттары, барысы, нәтижелері көрсетіледі және мүмкіндігіне қарай танушы адамның түсініктемелері сөзбе-сөз жазылады.
11. Өтінішті қарау мерзімі – күнтізбелік отыз күн.
12. Көші-қон қызметі органы мәртебесін айқындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу үшін шетелдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиялары мен консулдық мекемелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен халықаралық немесе үкіметтік емес ұйымдардың көмегін пайдалана алады.
13. Өтінішті қабылдағаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына өтініш-сауалнаманың көшірмесін қоса бере отырып, мәртебе іздеуші мәртебесін айқындау ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне сәйкес келе ме, жоқ па туралы сұрау салу жолданады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары сұратылған ақпаратты күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
14. Тексеру іс-шаралары өткізілгеннен кейін өтініш беруші ұсынған құжаттар және үш жұмыс күн ішінде қарау барысында алынған құжаттар негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәртебені айқындау немесе одан бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарылады, онда өтініш берушіні сипаттайтын белгіленген фактілер егжей-тегжейлі баяндалады, оны ПД бастығы немесе оның орынбасары бекітеді және ол есепке алу ісіне тігіледі.
Қабылданған шешім туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жолданады.
15. Өтініш оң қаралған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы анықтама беріледі, бұл ретте бұрын шет мемлекеттің азаматтығында тұрған адамдардан Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхаты (болған жағдайда) алып қойылады.
16. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындаудан бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті алдын ала, бірақ әкімшілік акті қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдаған Қазақстан Республикасының ішкі істер органы өтініш берушіге әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге көзқарасын білдіру үшін тыңдау жүргізілетіні туралы хабарлама жолдайды. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) одан әрі қарау туралы шешім қабылданады.
Мәртебесін айқындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған кезде өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындаудан бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарламаның екінші данасы өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі.
17. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру рәсімі жүзеге асырылмайды.
18. Мәртебесін айқындау мынадай негіздердің бірі бойынша бас тартылады:
1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтығы бар екендігі анықталса;
2) мәртебесін анықтауға әсер ететін, құжаттардың дұрыс еместігі не ұсынылған материалдардың сәйкессіздігі еместігі анықталған немесе өтініш беруші өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған жағдайда;
3) өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес құжаттардың толық топтамасын немесе сауалнама мәліметтерін толық ұсынбаған кезде;
4) ұлттық қауіпсіздік органдарында өтініш берушінің Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздіктің мүдделеріне байланысты тұруы мақсатқа сай еместігі туралы ақпарат болғанда.
19. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесін айқындау кезінде жалған құжаттар немесе ақпарат беру фактісі анықталған кезде өтініш берушінің тұрақты тұратын жері бойынша көші-қон қызметі органы мәртебенің күшін жою туралы қорытынды шығарады, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алып қоюды және тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алып тастауды жүзеге асырады.
20. Азаматтығы жоқ адамның мәртебесі адамның Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматтығына қабылдауға байланысты немесе өліміне байланысты тоқтатылады.
Қандай да бір мемлекеттің азаматтығын алған кезде өтініш беруші отыз күндік мерзімде көші-қон қызметі органына хабарлауы тиіс. Мәртебені тоқтату туралы шешім адамға Қазақстан Республикасының аумағында өзінің жаңа құқықтық мәртебесін реттеуге жеткілікті уақыт беру мақсатында бекітілгеннен кейін бір айдан соң күшіне енеді.
21. Шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды шағымды қарайтын жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.
22. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға (лауазымды адамға) беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымданбауға құқығы бар.
23. Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қаралады.
24. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге болады.
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 1-қосымша |
|
(35 x 45 мм) | |
фотосуреттің орны |
АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМ МӘРТЕБЕСІН БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА
_________________________________________________________________________
полиция органының атауы
Өтініш беруші туралы мәлімет:
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
өзгерту себебі
____________________________________________________________________
2. Туған күні, айы, жылы және туған жері
____________________________________________________________________
3. Азаматтығы
____________________________________________________________________
Бұрынғы азаматтығы
____________________________________________________________________
қайда,қашан және қандай негізде жойды
4. Жынысы
________________________________________________________ еркек,әйел
5. Ұлты _____________________________________________
қалауы бойынша көрсетіледі
6. Отбасылық жағдайы _________________________________________
үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыс құрмаған)
____________________________________________________________________
ажырасқан), неке қию (бұзу) туралы куәлік нөмірі, берілген күні мен орны)
7. Кәмелетке толмаған балаларды (оның ішінде асырап алынған, қорғаншылықтағы, қамқорлықтағы) қоса алғанда, отбасы мүшелері:
Өтініш берушіге қатысы | Тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері |
Азаматтығы | Тұратын, оқу орнының мекенжайы | Жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда | Жұмыс орны |
8. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер (хронологиялық тәртіппен көрсетіледі):
Оқудың, жұмыстың басталу және аяқталу күні | Оқу орнының, ұйымның атауы | Оқу орнының, ұйымның мекенжайы |
9. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
10. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығыңыз бар ма, егер болса, неше рет және қашан
__________________________________________________________________________
11. Паспорттың деректері:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
құжаттың нөмірі, берілген орны мен күні, қолданылу мерзімі, құжатты берген
органның атауы документ (бар болған жағдайда)
12. Қазақстан Республикасында
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
мекенжайында тұрамын.
Әдетте тұратын елдегі тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өмірбаян
Өтініш берушінің белгілі бір азаматтығы жоқ адамның жағдайына тап болған мән-жағдайларды егжей-тегжейлі және еркін баяндауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________
20___жылғы "__"_______________________
(өтініш берген күн)
__________________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өтініш 20___ жылғы "__" ________ қарауға қабылданды.
Өтініштің дұрыс толтырылғанын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын
____________________________________________________________________
арнаулы атағы(егер болса), лауазымы, тегі,
____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның аты-жөні
___________________________________________________________________
(лауазымды адамның қолы)
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 2-қосымша |
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініштерді тіркеу журналы
р/с | Өтінішхатты қабылдау және тіркеу күні |
Тегі, аты, әкесінің аты, (бар | Туған күні мен туған жері | Азаматтығы, бұрынғы азаматтығы | Қазақстан Республикасында тұратын мекенжайы | Қабылдау жүргізген қызметкердің тегі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 3-қосымша |
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтініш берген адамның куәлігі
Көші-қон қызметінің бөлінісі_____________________________
Полиция органының атауы
Осы куәлік:
3x4 фотоның орны |
Тегі___________________________________________________________ |
яғни, азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы өтінішті көші-қон қызметі бөлінісінде тіркелгені туралы берілді. (полиция органының атауы)
Куәлік иесінің тұрғылықты мекенжайы
___________________________________________________________
20___жылғы "____"___________тіркеу №_____
Куәлік: ______бастап________дейін жарамды
Куәлік берген орган_______________________________
Куәлік берілген күн 20____жылғы "___"_________________
Полиция органының көші-қон қызметі бөлінісінің бастығы
________________________________________
(тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 4-қосымша |
|
нысан |
№ 1 нысанды өтініштің көшірмелерін беру туралы сұрау салу
Полиция орғанының мөртабаны
20__ жылғы "____" ________ шығыс № _____________
Кімге __________________________________
_______________________________________
Кімнен____________________________________________________________
(Т.А.Ә (бар болған жағдайда), туған жылы, тумасы
____________________________________________________________________
________________ "__" ___________ жылы берілген № сериялы 1974 үлгідегі
КСРО паспортын жоғалтқаны туралы өтініш келіп түсті;
берген орган
"____" _____________________жылы берілген № жеке басты куландыратын
құжаттың нөмірі.
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының, жеке басын куәландыратын құжаттың
берілгенін растауды сұраймын (құжат түрін көрсету)
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
белгіленген тәртіппен куәландырылған № 1 нысандағы өтініштің көшірмесімен және
1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарын беруге өтініштерді есепке алудың № 2
кітабындағы жазбамен растауды сұраймын (құжат түрін көрсету).
____________________________________________________________________
(полиция органының атауы
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә..(бар болған жағдайда), полиция органының лауазымды адамының қолы)
20__ жылғы "____" __________
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 5-қосымша |
Жеке басын тану ХАТТАМАСЫ
20___ жылғы "___" ___________
ФОТО ФОТО ФОТО ФОТО
(барлық фотосуреттер тігіліп, көші-қон қызметі бөлінісінің елтаңбалы мөрімен расталады, мөр бедері анық, еркін оқылатын болып қойылады, мөр нөмірі хаттама бланкісінде орналастырылады (фотосуретте емес).
1. Танушы адам ____________________________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(тіркелген мекенжайы) жеке басты куәландыратын құжаттың № және түрі,
берген орган және күні
2. Танушы адам _____________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________
(тіркелген мекенжайы) жеке басты куландыратын құжаттың № және түрі,
берген орган және күні
3. Танушы адам ____________________________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(тіркелген мекенжайы) жеке басты куландыратын құжаттың № және түрі,
берген орган және күні
№ _____фотосуретте ____________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты,әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні) көрсетілген азаматты
(шаны) танимыз.
Тану нәтижесі:_____________________________________________________
танылды.
Танушы адамдар тану алдында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 495-бабында көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертіледі.
Тану барысында немесе аяқталған соң өтініштер келіп түскен жоқ.
Тану аяқталған соң хаттама оқу үшін оның қатысушыларына берілді.
Хаттама дауыстап оқылды. Хаттамаға ескертулер жоқ.
Жеке басын таныған адамдардың қолы:
1.__________________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
2.___________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
3.__________________________________________________________________
(Т.А.Ә.. (бар болған жағдайда) (қолы)
Хаттаманы:
_______________________________________
(Т.А.Ә.( бар болған жағдайда), уәкілетті қызметкердің лауазымы) қолы) толтырды
___________________________________________________________________
( полиция органының атауы)
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 6-қосымша |
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беруді айқындау немесе одан бас тарту туралы қорытынды
__________________________________________________________________
қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
өтінішті қарап _________________________________________________
_________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және өтініш
беру негіздемесін көрсету
айқындады:
Өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, тіркелген жері, өтініш беруге итермелеген уәждері көрсетіледі;
білімі, кәсібі, айналысатын қызмет түрі, Қазақстан Республикасының аумағында бұрын тұрған кезеңі, тұрғылықты жері;
өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, өмір сүру көзі, отбасылық жағдайы, жақын туыстары туралы қысқаша ақпарат;
балалар туралы мәліметтер және олардың толық сауалнамалық деректері;
ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша жеке басты тексеру нәтижелері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәліметтер;
азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру үшін негіздер;
Қаулы етті:
1. Азаматтығы жоқ адам мәртебесін беруді айқындау туралы оң немесе теріс шешім қабылдаудың дәлелді негіздемесі баяндалады.
2. Өтініш берушіні азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттандыруды және тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қамтамасыз ету үшін қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.
_______________________________ ____________________________________
Лауазымы, арнаулы атағы, қолы) қызметкердің Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
КЕЛІСЕМІН
Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары
______________________________ _________________________________
арнаулы атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "__" ____________
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 7-қосымша |
|
фотосуреттің орны (35 x 45 мм) |
Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін № ____анықтама берілді_
Тегі_______________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні _________________________________________________
"Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтығы жоқ адам болып табылады.
Негіздеме:
Облыстың ПД бастығының 20__жылғы "___" ____№ _____қорытындысы
ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы ______________________
(қолы) мөр орны
Анықтаманың түбіртегі № _____
Тегі ______________________________________________________
Аты ________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________
Туған күні _______________________________________________
"Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтығы жоқ адам болып табылады.
Негіздеме:
облыстың ПД 20 __ жылғы "___" ________ № _____қорытындысы
Инспектор ____________________
(қолы)
Анықтаманы алдым 20___жылғы_________________ "____" ____________.
(қолы)
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 8-қосымша |
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін анықтаудан бас тарту туралы хабарлама
_____________________________________________________________
шешім қабылдаған органды, шешім қабылданған күнді және нөмірді көрсету
_________________________________________________ шешіммен
сізге __________________________________________________________
Қағиданың тармағын көрсету
__________________________________________________________________
азаматтығы жоқ адамның мәртебесін анықтаудан бас тартылды
__________________________________________________________________
Полиция органы көші-қон қызметі бөлінісінің бастығы (бөлім, бөлімше)
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)
20__ жылғы "__" ____________
Мөр орны
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 9-қосымша |
Азаматтығы жоқ адам мәртебесін анықтауды тоқтату туралы қорытынды
__________________________________________________________________
қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Өтінішті қарап_________________________________________________
_________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және өтініш беру негіздемесін көрсету
анықтады:
Өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, тіркелген жері, тоқтатуға негіз болған уәждері (қашан және қайда сұрау салу жолданғаны, мазмұны және шығыс нөмірі) көрсетіледі;
Қаулы етті:
1. Сұралған мәліметтер алынғанға дейін матералдарды қарау мерзімін
тоқтату_______________________________ _______________________________
Лауазымы, арнаулы атағы, қолы) қызметкердің Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
КЕЛІСЕМІН
Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары
______________________________ _________________________________
арнаулы атағы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
Азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларға 10-қосымша |
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиядан өтуі туралы АНЫҚТАМА
____________________________________________________________________ берілді
(Т. А. Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжат құжатта көрсетілсе), туған күні)
ЖСН____________________________________
Тіркеу идентификаторы: KZ______________
Ішкі істер органының атауы ____________________________________
Дактилоскопиялау жүргізген ______________
(лауазымы,атағы, Т. А. Ә. (егер ол қызметкердің
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе,)
________________________________________
(дактилоскопиялау күні) (қызметкердің қолы)
Мөр орны (бар болса)
Анықтама ұлттық паспортты көрсеткен кезде жарамды