Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 34290 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 370 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 21.10.2024 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналарға:

      Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 – мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 – алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 – қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 – қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 – құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 – химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін әкетуге алты ай мерзімге;

      Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0 – қоспалы болаттың, құрамында 8 мас.% немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, 7204 21 900 0 - өзгелерін, 7204 29 000 0 – өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 – қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын) әкетуге алты ай мерзімге;

      Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 19 100 1 – бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 – ілмектерді және өзге шыңжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, өзгелерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін, 8607 29 000 0 - өзгелерін, 8607 12 000 – өзге де арбаларды қоспағанда, бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары – 7302 – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, 7303 00 – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, 7304 – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7305 - дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм-ден артық, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7306 - қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 8607 – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды, осьтерді және доңғалақтарды және олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және теңіз көлігінің түрімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Осы бұйрықтың бірінші тармағының төртінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орын ауыстыруының болжанатын күніне дейін бес жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне жылжымалы құрам элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (ол бар болған кезде), сондай-ақ көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актілерін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарлардың орнын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің күні мен атауын көрсете отырып, сүйемелденеді.

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарлардың орын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етеді.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі 

О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных и цветных металлов

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 23 апреля 2024 года № 145. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2024 года № 34290. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства РК от 21.10.2024 № 370.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра промышленности и строительства РК от 21.10.2024 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 6.

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 6 и подпунктом 1) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "О национальной безопасности Республики Казахстан", статьей 29 Договора о Евразийском экономическом союзе, а также разделом 10 Приложения 7 к Договору о Евразийском экономическом союзе, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет:

      сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан всеми видами транспорта: коды товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – коды ТН ВЭД ЕАЭС) 7404 00 - отходы и лом медные, 7602 00 - отходы и лом алюминиевые, 7802 00 000 0 - отходы и лом свинцовые, 8549 11 000 0 - отходы и лом свинцовых аккумуляторов, отработавшие свинцовые аккумуляторы, 8549 12 000 0 - прочие, содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 13 000 0 - отсортированные по химическому типу и не содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 14 000 0 - несортированные и не содержащие свинец, кадмий или ртуть, 8549 19 000 0 - прочие;

      сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан автомобильным и морским видом транспорта: код ТН ВЭД ЕАЭС 7204 - отходы и лом черных металлов, слитки черных металлов для переплавки (шихтовые слитки), за исключением кодов ТН ВЭД ЕАЭС 7204 21 100 0 – отходы и лом легированной стали, коррозионностойкой стали содержащей 8 мас. % или более никеля, 7204 21 900 0 - прочие, 7204 29 000 0 – прочие;

      сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан автомобильным и морским видом транспорта бывших в употреблении труб, рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава: коды ТН ВЭД ЕАЭС 7302 - изделия из черных металлов, используемые для железнодорожных или трамвайных путей, рельсы, контррельсы и зубчатые рельсы, переводные рельсы, крестовины глухого пересечения, переводные штанги и прочие поперечные соединения, шпалы, стыковые накладки и подкладки, клинья, опорные плиты, крюковые рельсовые болты, подушки и растяжки, станины, поперечины и прочие детали, предназначенные для соединения или крепления рельсов, 7303 00 - трубы, трубки и профили полые, из чугунного литья, 7304 - трубы, трубки и профили полые, бесшовные, из черных металлов (кроме чугунного литья), трубы для нефте- или газопроводов, 7305 - трубы и трубки прочие (например, сварные, клепаные или соединенные аналогичным способом), с круглым сечением, наружный диаметр которых более 406,4 мм, из черных металлов, трубы для нефте- или газопроводов, 7306 - трубы, трубки и профили полые прочие (например, с открытым швом или сварные, клепаные или соединенные аналогичным способом), из черных металлов, трубы для нефте- или газопроводов, 8607 - части железнодорожных локомотивов или моторных вагонов трамвая или подвижного состава, тележки, оси и колеса, и их части, за исключением бывших в употреблении элементов подвижного состава, ввозимых на территорию Республики Казахстан для ремонта и вывозимых обратно, а также вывозимых с территории Республики Казахстан для ремонта и ввозимых обратно автомобильным видом транспорта: коды ТН ВЭД ЕАЭС 8607 19 100 1 - бывшие в употреблении, 8607 19 100 9 - прочие, 8607 19 900 9 - прочие, 8607 21 100 9 - прочие, 8607 21 900 9 - прочие, 8607 30 000 0 - крюки и прочие сцепные устройства, буфера, их части, прочие, 8607 99 800 0 - прочие, 8607 29 000 0 - прочие, 8607 12 000 0 – тележки прочие.

      2. По товарам, указанным в абзаце четвертом пункта первого настоящего приказа, участники внешнеэкономической деятельности за пять рабочих дней до предполагаемой даты перемещения товаров через государственную границу Республики Казахстан представляют в Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан договоры (контракты) на проведение ремонта элементов подвижного состава, декларацию на товары (при ее наличии), а также акты выполненных работ в течение пяти рабочих дней после ввоза указанных товаров на территорию Республики Казахстан. Представление документов сопровождается с указанием даты и наименования пункта пропуска на государственной границе Республики Казахстан, через который планируется перемещение товаров.

      Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в течение трех рабочих дней с даты получения от участников внешнеэкономической деятельности документов, указанных в части первой настоящего пункта, уведомляет Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан об участниках внешнеэкономической деятельности, товаре, дате и пункте пропуска на государственной границе Республики Казахстан, через который планируется перемещение товаров.

      3. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан, Министерству транспорта Республики Казахстан, а также Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан при взаимодействии с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, в пределах своей компетенции обеспечить контроль по исполнению пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      4. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан;

      3) информирование Евразийской экономической комиссии о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 5 мая 2024 года.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
К. Шарлапаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан