"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналарға:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 - қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 - химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін;
Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 12 000 - өзге де арбаларды, 8607 19 100 1 - бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 - ілмектерді және өзге шынжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның құбырларын, рельстерін, элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН 7302 коды – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7303 00 коды – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 коды – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН 7305 коды – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 коды – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 коды – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.11.2024 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрықтың бірінші тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орын ауыстыруының болжанатын күніне дейін бес жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне жылжымалы құрам элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (ол бар болған кезде), сондай-ақ көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстар актілерін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарлардың орнын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің күні мен атауын көрсете отырып, сүйемелденеді.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарлардың орын ауыстыруы жоспарланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
4. "Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 304 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34954 болып тіркелген), "Қара және түсті металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34290 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі