Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 85 қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 65/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34314 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылдың 27 қыркүйегіндегі № 85 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15917 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 12-тармағының алтыншы бөлігіне, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 10-тармағының он бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 249-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарында әскери қызметшілерді оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және метериалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 65/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 85 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – АрМО туралы Заң) 10-бабы 12-тармағының алтыншы бөлігіне, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы Заң) 26-бабы 10-тармағының он бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 249-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ҰҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің ӘАОО немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. ҰҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілері тамақтандыруды қамтамасыз ету, стипендия төлеу және ӘАОО-да оқу кезінде жол жүруге жұмсалған шығыстарға сәйкес бюджеттік қаражатты АрМО туралы Заңы 10-бабының 12 мен 13-тармақтарында және Әскери қызмет туралы Заңы 26-бабының 10-тармағында қарастырылған жағдайларда мемлекетке өтейді.

      Шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында ҰҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің оқытуға кететін шығыстар сомасы келісімшартта жəне (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарымен білім беру қызметтерін көрсетуге жасалған шарттарда (келісімшарттарда) айқындалады.

2-тарау. Оқуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу тәртібі

      3. ӘАОО-ның кадр бөлімшесі қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерімен бірлесіп ӘАОО немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында қызметкерге, әскери қызметшіге оқытуға жұмсалған нақты шығыстардың жиынтық есебі жыл сайын әр оқу курсын бітіргеннен кейін немесе ӘАОО-дан шығарып жіберілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште дайындалады және ӘАОО бастығы бекітеді.

      Оқу кезеңінде әр қызметкер мен әскери қызметшіге жиынтық есеп олардың жеке ісіне қоса тігіледі.

      4. ӘАОО-да оқытуға жұмсалған нақты шығыстар сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, ал шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу курсы аяқталу немесе шығарып жіберу күніне – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің курсын қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

      5. Қызметкердің, әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық және өзге де органдарының кадр бөлімшесі:

      қызметтен (оқудан) шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бөлімше басшысының атына мемлекетке ӘАОО-да немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқыту үшін қызметкерге, әскери қызметшіге жұмсалған бюджеттік қаражатты өтеу қажеттігі туралы баянат ұсынады;

      мемлекетке өтелуі тиіс қарыздың есебін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде пошта байланысы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына хабарлама жіберу арқылы қызметкерге, әскери қызметшіге оны күнтізбелік 30 күн ішінде өз еркімен өтеу туралы хабарлама береді.

      Ерікті түрде өтеу үшін ұсынылған берешекті күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін өтемеген жағдайда, сотқа беру үшін заң бөлімшесіне ӘАОО тізіміне енгізу және одан шығару (босату) туралы бұйрықтан үзіндіні, қарыз есебі, қызмет өткеру туралы келісімшарттың, жеке куәліктің, қарызы туралы хабарламаның көшірмелерін қоса ұсына отырып, баянат жолдайды.

      6. ҰҚК ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері, аумақтық және өзге де органдарының қаржы бөлімшесі оқитындарды ӘАОО немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған нақты шығыстардың жиынтық есебінің негізінде кадр бөлімшесінен баянат түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қызметтен шығарылған қызметкерге, әскери қызметшіге мемлекет шығысын өтеуге қатысты есеп жасап, оны кадр бөлімшесіне береді.

      7. Оқуға жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талап қою жұмысын жұмыстан шығарылған немесе қызметкердің, әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орнына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасымен белгіленген тәртіппен ҰҚК ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері, аумақтық және өзге де органдарының заң бөлімшесі жүзеге асырады.

      8. ӘАОО немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында қызметкерді, әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған шығыстарды өтеуден түсетін ақша республикалық бюджеттің кірісіне аударылуға жатады.

  Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік
органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілерінің
әскери, арнаулы оқу
орындарында немесе шет
мемлекеттердің білім беру
ұйымдарында оқытуға
жұмсалған бюджет қаражатын
мемлекетке өтеу қағидаларына
қосымша

      (нысан)

  Бекітемін
___________________________
(лауазымы)
____________________________
(әскери (арнаулы) атағы, тегі,
аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
20 ___ ж. "__"__________

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерін, әскери қызметшісін

      ____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________білім беру бағдарламасы бойынша 20__ жылғы "__" ____ бастап 20__

      жылғы "__" _____ оқу жылы (жылдары) оқыту кезеңінде оқытуға

      жұмсалған нақты шығыстардың

      жиынтық есебі

р/с №

Шығыстардың атауы

Шығындардың сомасы (теңге)

1

Стипендия


2

Жол жүру


3

Тамақтандыруды қамтамасыз ету


4*

Қазақстан Республикасы мен оқытатын ел арасында жасалған шарт сомасына барабар ақша (оқыған кезең үшін)



Оқытуға жұмсалған нақты шығындар қорытындысы


      Ескертпе:

      * – шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген ҰҚО әскери қызметшілеріне қолданылмайды.

      Қызметкердің, әскери қызметшінің

      соңғы қызмет (оқу) орны бойынша

      кадр бөлімшісінің бастығы

      м.о.____________________________________________________________

      (әскери (арнаулы) атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20__ж. "__" ___________

      Қызметкердің, әскери қызметшінің

      соңғы қызмет (оқу) орны бойынша

      материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшісінің бастығы

      м.о.____________________________________________________________

      (әскери (арнаулы) атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20__ж. "__" ___________

      Қызметкердің, әскери қызметшінің

      соңғы қызмет (оқу) орны бойынша

      қаржы бөлімшісінің бастығы

      м.о.____________________________________________________________

      (әскери (арнаулы) атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      20__ж. "__" ___________

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 85 нс "Об утверждении Правил возмещения государству денег, затраченных на обучение военнослужащих в военных, специальных учебных заведениях органов национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 29 апреля 2024 года № 65/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2024 года № 34314

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 27 сентября 2017 года № 85 нс "Об утверждении Правил возмещения государству денег, затраченных на обучение военнослужащих в военных, специальных учебных заведениях органов национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15917) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил возмещения сотрудниками и военнослужащими органов национальной безопасности Республики Казахстан государству бюджетных средств, затраченных на обучение в военных, специальных учебных заведениях или организациях образования иностранных государств";

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с частью шестой пункта 12 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах Республики Казахстан", частью одиннадцатой пункта 10 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" и подпунктом 249-2) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 приказа изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения сотрудниками и военнослужащими органов национальной безопасности Республики Казахстан государству бюджетных средств, затраченных на обучение в военных, специальных учебных заведениях или организациях образования иностранных государств.";

      Правила возмещения государству денег, затраченных на обучение военнослужащих в военных, специальных учебных заведениях органов национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Службе финансового и материально-технического обеспечения Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. С настоящим приказом ознакомить сотрудников и военнослужащих органов национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

  Приложение к приказу
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 29 апреля 2024 года № 65/қе
  Утверждены приказом
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
от 27 сентября 2017 года № 85 нс

Правила возмещения сотрудниками и военнослужащими органов национальной безопасности Республики Казахстан государству бюджетных средств, затраченных на обучение в военных, специальных учебных заведениях или организациях образования иностранных государств

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возмещения сотрудниками и военнослужащими органов национальной безопасности Республики Казахстан (далее – ОНБ) государству бюджетных средств, затраченных на обучение в военных, специальных учебных заведениях (далее – ВСУЗ) или организациях образования иностранных государств (далее – Правила), разработаны в соответствии с частью шестой пункта 12 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах Республики Казахстан" (далее – Закон о СГО), частью одиннадцатой пункта 10 статьи 26 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" (далее – Закон о воинской службе) и подпунктом 249-2) пункта 15 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, и определяют порядок возмещения сотрудниками и военнослужащими ОНБ государству бюджетных средств, затраченных на их обучение в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств.

      2. Возмещение сотрудниками и военнослужащими ОНБ государству бюджетных средств, соответствующих затратам на обеспечение питанием, выплату стипендии и проезд в период их обучения в ВСУЗ, осуществляется в случаях, предусмотренных пунктами 12 и 13 статьи 10 Закона о СГО и пунктом 10 статьи 26 Закона о воинской службе.

      Сумма затрат на обучение сотрудников и военнослужащих ОНБ в организациях образования иностранных государств определяется контрактом и (или) договорами (контрактами), заключенными с организациями образования иностранных государств на оказание образовательных услуг.

Глава 2. Порядок возмещения государству бюджетных средств, затраченных на обучение

      3. Сводный расчет фактических затрат на обучение сотрудника, военнослужащего в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств составляется кадровым подразделением совместно с подразделениями финансового и материально-технического обеспечения ВСУЗ ежегодно в течение тридцати календарных дней после окончания каждого курса обучения или отчисления из ВСУЗ, на бумажном носителе по форме согласно приложению к Правилам и утверждается начальником ВСУЗ.

      В период обучения сводный расчет на каждого сотрудника и военнослужащего приобщается в их личное дело.

      4. Сумма фактических затрат на обучение в ВСУЗ рассчитывается в национальной валюте Республики Казахстан, в организациях образования иностранных государств – в национальной валюте Республики Казахстан по ставке рефинансирования курса Национального Банка Республики Казахстан на день окончания курса обучения или отчисления.

      5. Кадровым подразделением ведомств, структурных подразделений, территориальных и иных органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ) по последнему месту службы (обучения) сотрудника, военнослужащего:

      в течение трех рабочих дней со дня увольнения (отчисления) подается на имя руководителя подразделения рапорт на возмещение государству денег, затраченных на обучение сотрудника, военнослужащего в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств;

      в течение семи рабочих дней с даты получения расчета задолженности, подлежащей возмещению государству, посредством почтовой связи или направления сообщения на абонентское устройство сотовой связи уведомляется сотрудник, военнослужащий о добровольном погашении ее в течение 30 календарных дней.

      В случае неуплаты задолженности по истечении 30 календарных дней, предоставленных для добровольного погашения, передается рапорт, с приложением к нему выписки из приказа о зачислении в ВСУЗ и увольнении (отчислении), расчета задолженности, копии контракта о прохождении службы, удостоверения личности, уведомления об имеющейся задолженности в юридическое подразделение для подачи иска в суд.

      6. Финансовым подразделением ведомств, структурных подразделений, территориальных и иных органов КНБ на основании сводного расчета фактических затрат на обучающихся в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств в течение пяти рабочих дней с момента получения рапорта кадрового подразделения производится расчет задолженности за уволенным сотрудником, военнослужащим, подлежащей возмещению государству, и передается в кадровое подразделение.

      7. Исковая работа по возмещению затрат на обучение осуществляется юридическим подразделением ведомства, структурного подразделения, территориальных и иных органов КНБ в зависимости от последнего места службы (учебы) уволенного (отчисленного) сотрудника, военнослужащего в порядке, установленном гражданским процессуальным законодательством Республики Казахстан.

      8. Средства от возмещения затрат на обучение сотрудника, военнослужащего в ВСУЗ или организациях образования иностранных государств подлежат перечислению в доход республиканского бюджета.

  Приложение
к Правилам возмещения
государству бюджетных средств,
затраченных на обучение
сотрудников
и военнослужащих органов
национальной безопасности
Республики Казахстан
в военных, специальных
учебных заведениях
или организациях образования
иностранных государств
  (форма)
  Утверждаю
_________________________
(должность)
_________________________
(воинское (специальное) звание,
подпись, Ф.И.О.
(при его наличии)
"___" __________ 20__ г.

Сводный расчет фактических затрат на обучение сотрудника, военнослужащего

      ___________________________________________
(Ф.И.О. (при его наличии)
органов национальной безопасности Республики Казахстан
за период обучения с "__" _____ 20__ по "__" _____ 20__
учебный(е) год(ы) по образовательной программе ____________

№ п/п

Наименование расходов

Сумма затрат
(тенге)

1

Стипендия


2

Проезд


3

Обеспечение питанием


4*

Деньги, эквивалентные сумме заключенного договора между Республикой Казахстан и страной обучения (за период обучения)



Итого фактических затрат на обучение


      Примечание:
* – не распространяется на военнослужащих ОНБ, отчисленных
из организаций образования иностранных государств.
Начальник кадрового подразделения
по последнему месту службы (обучения)
сотрудника, военнослужащего
м.п.
__________________________________________________________
(воинское (специальное) звание, подпись, Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ___________ 20__ г.
Начальник материально-технического подразделения
по последнему месту службы (обучения)
сотрудника, военнослужащего
м.п.
__________________________________________________________
(воинское (специальное) звание, подпись, Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ___________ 20__ г.
Начальник финансового подразделения
по последнему месту службы (обучения)
сотрудника, военнослужащего
м.п.
__________________________________________________________
(воинское (специальное) звание, подпись, Ф.И.О. (при его наличии)
"__" ___________ 20__ г.