БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесі";
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесінен жазбаша өтініші (әрі қарай – өтініш) немесе жергілікті атқарушы органның өтініші немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) өтініші ұсынылады";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кондоминиум объектісін тіркеу Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүліктің кадастрының ақпараттық жүйесіне жер учаскесін, бастапқы объектілерді және кондоминиум объектісін тіркеу үшін қажетті қайталама объектілердің сипаттамаларын, сондай-ақ құқық түрі, ортақ меншік нысаны (өзге де заттық құқық) туралы мәліметтерді енгізу және кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшерін автоматты түрде анықтауды сәйкестендіретін тиісті мәліметтер арқылы ұсынылған құжаттар негізінде меншік құқығын растаудан тұрады";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кондоминиум қатысушыларының ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық пәтердің пайдалы алаңдарының және барлық тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңдарының жиынтығына қатынасы арқылы анықталады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мемлекеттік қызметті алу үшін кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті пәтерлердің, көп пәтерлі тұрғын үйдің, тұрғын емес үй-жайларының, орынтұрақ орындарының, қоймаларының кемінде екі меншік иесі немесе олардың уәкілетті өкілі немесе немесе көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс беруші (құрылыс салушы) бере алады;
Ереженің 1, 2 және 4 қосымшалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2024 жылғы 13 мамырдағы № 411 Бұйрығына қосымша |
|
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 1 қосымша |
________________________________________________________________________ ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы) Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____________________________
ӨТІНІШ Өтініш берушілер: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (кондоминиум қатысушылары)
Олардың атынан әрекет ететін: _____________________________________________
(уәкілетті өкілдің атауы мен деректемелері)
________________________________________________________ тіркеуді сұраймын
(мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)
Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:
Кондоминиум объектісінің мекенжайы: ______________________________________
Жылжымайтын мүлік түрі: _________________________________________________
Бөлек меншіктегі кейінгі объектілердің саны __________________________________
Ғимараттың жалпы ауданы (бастапқы объект) _________________________________
Бөлек меншіктегі барлық пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының,
қоймалардың пайдалы алаңы (кейінгі объектілер) ____________________ шаршы/м
Ғимаратты пайдалану үшін жер учаскесінің жалпы алаңы (бастапқы объект) _____ га
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________________
Ауданы көрсетілген жалпы пайдалану орындарының қысқаша сипаттамасы
_________________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):
1. Төлем туралы құжат: түрі _________ № ______ сомасы______ теңге
2. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын құжаттар (жер учаскесін беру бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
_____________/_________________/_________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)
Өтініш беру күні: 20__ жылғы _______.
Уақыты ______ сағ. ______ мин
Өтінішті орындау / қарау / нәтижесі
_______________________________________________________________________
Тексерілді: күні 20__жылғы________________
_______________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған тіркеуші маманның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы)
Ескертпе: Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушы өзі көрсеткен тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, жұмыс орны, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы дұрыс екендігін, ал көрсетілген контактілерге жіберілген хабарлама (хабархат) тиісті және жеткілікті деп саналатындығын өзінің қолтаңбасымен растайды.
_______________ _ 20__ жылғы "___"_______.
(қолы)
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 2 қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жүгінген кезде: |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік тіркеу үшін төлем "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17498 болып тіркелді) белгіленген тарифтерге сәйкес алынады және 2 147,3 теңгені құрайды (қосылған құн салығын есепке алмағандағы баға, теңге). Төлем сондай-ақ портал арқылы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда - дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығының түрі және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын адамның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен орындалады. Цифрлық құжаттар сервисі пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет. |
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне № 4 қосымша |
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама
"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы) | НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО) | ||
(күні)___________ | № | (номері) | (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай) |
Кондоминиум объектісіне қатысушылардың үлесін есептеу
Мекенжай:_______________________________
Көп пәтерлі тұрғын үйдің пайдалы алаңы ____________шаршы/м
Пәтерлер/ тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындардың, қоймалардың пайдалы алаңы ________________ шаршы /м
Жер учаскесінің жалпы алаңы (ортақ үлестік меншік құқығында)____________га
Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі _______________________
Көп пәтерлі тұрғын үйдің кадастрлық нөмірі _________________
Р/с № | Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (пәтер/тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орыны, қойма) кейінгі объектінің мекенжайы) | Меншік иесінің Т.А.Ж. | Пәтердің/тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орынның, қойманың жалпы ауданы | Үлес |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді тоқтата тұру туралы хабарлама
"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы) | НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО) | ||
(күні)___________ | № | (номері) | (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай) |
Кондоминиум объектісін тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
"АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ (КЕАҚ аумақтық филиалы) | НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО "ГОСУДАРСТВЕННАЯ КОРПОРАЦИЯ "ПРАВИТЕЛЬСТВО ДЛЯ ГРАЖДАН" (территориальный филиал НАО) | ||
(күні)___________ | № | (номері) | (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мына мекенжайда тұратын: (мекенжай) |