"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны" волонтерлік саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 3 маусымдағы № 223-НҚ Бұйрығына қосымша |
"Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны" волонтерлік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны".
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1-КВВН.
Кезеңділігі: жартыжылдық.
Есепті кезең: 20__ жылдың ___ жартыжылдығы.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей
кестесі
Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны
№ | Өңірдің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды | Волонтерлердің саны (адам) | Жынысы бойынша (адам) | Жасына қарай (адам) | ||||
Ер | Әйел | 13жасқа дейін | 14 жастан 34 жасқа дейін | 35 жастан 63 жасқа дейін | 64 жас және одан асқан | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
Волонтерлік бағыттар бөлінісінде волонтерлердің саны (адам) | Волонтерлік бірлестіктер (бірлік) | |||||||||||
Медицина | Білім беру | Өнер саласында | Эковолонтерлік | Зооволонтерлік | Медиа волонтерлік | Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу бойынша | Төтенше жағдайлардың салдарларын жою | Этностық волонтерлік | Әлеуметтік волонтерлік | Оқиғалы волонтерлік | Бастамашыл волонтерлер топтары |
Тіркелген волонтерлік |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
кестенің жалғасы
Волонтерлік жобалар саны | |||||||||||
Жобалар саны | Іс-шаралар саны | Бюджет (мың теңге) | Волонтерлік бағыттар бөлінісінде жобалар мен іс-шаралар саны (бірлік) | ||||||||
Жоспарланатын | Нақты | Медицинадағы волонтерлік | Білім берудегі волонтерлік | Өнер саласындағы волонтерлік | Эковолонтерлік | ||||||
Жобалар: |
Іс-шаралар: | Жобалар: | Іс-шаралар: | Жобалар:: | Іс-шаралар: | Жобалар | Іс-шаралар: | ||||
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 |
кестенің жалғасы
Волонтерлік жобалар саны | |||||||||||||
Волонтерлік бағыттар бөлінісінде жобалар мен іс-шаралар саны (бірлік) | |||||||||||||
| Медиа волонтерлік |
Із-түссіз жоғалған | Төтенше жағдайлардың салдарларын жою | Этностық волонтерлік | Әлеуметтік волонтерлік | Оқиғалқ волонтерлік | |||||||
Жобалар:: | Іс-шаралар: | Жобалар:: | Іс-шаралар: | Жобалар:: | Іс-шаралар: | Жобалар: | Іс-шаралар: | Жобалар: | Іс-шаралар: | Жобалар: | Іс-шаралар: | Жобалар: | Іс-шаралар: |
36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 |
Атауы____________________________ Мекенжайы______________
Телефон______________________________
Электрондық почта мекенжайы__________
Орындаушы___________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам____________ __________________
қолы
_________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде),
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) |
|
"Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны" волонтерлік саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Волонтерлер мен волонтерлік бағыттар саны" волонтерлік саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. 1-бағанда нөмір реттік сан "№" бойынша толтырылады.
2. 2-бағанда өңірдің (облыстың, қаланың) атауы көрсетіледі.
3. 3-бағанда "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды көрсетіледі
4. 4-бағанда волонтерлердің жалпы саны көрсетіледі.
5. 5 және 6-бағандарда жыныстық қатыстылығы (ер немесе әйел) бойынша волонтерлер туралы мәліметтер көрсетіледі.
6. 7, 8 және 9-бағандарда жасы бойынша волонтерлер туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-бағандарда волонтерлік бағыттар бөлінісінде волонтерлердің саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. 22-бағанда бастамашыл топтардың саны көрсетіледі.
9. 23-бағанда тіркелген волонтерлік ұйымдардың саны көрсетіледі.
10. 24-бағанда іске асырылатын (іске асырылған) жобалардың саны көрсетіледі.
11. 25-бағанда іске асырылған іс-шаралардың саны көрсетіледі.
12. 26 және 27-бағандарда бюджет туралы деректер (жоспарланатын және нақты) көрсетіледі.
13. 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, және 49-бағандарда волонтерлік бағыттар бөлінісінде іске асырылатын (іске асырылған) жобалар мен іске асырылған іс-шаралардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.