ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20315 болып тіркелген мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын:
1 тармақтың 4) -тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы немесе кәсіптік біліктілікті тану саласындағы аккридиттеу туралы, кәсіптік біліктілікті тану орталығы берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжатты оқудан немесе өз бетінше даярлаудан өткен және алған жағдайларда жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
А. Бейспеков |