"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.01.2024 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің 2020 жылғы № 169 бұйрығымен бекітілген |
Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы біліктілік талаптары көппәтерлі тұрғын үйді басқарушысына қойылады және мынадай талаптарды қамтиды:
1) орта кәсіптік, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Табиғи монополиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен мемлекеттік органдардың өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық және тұрғын үй-коммуналдық қызметті регламенттейтін актілері) білуі;
3) басқару шешімдерін жедел қабылдау және іске асыру, жұмысты жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерін жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу, қолданылатын басқару шешімдерінің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану, ұйымдастыру өкімдік құжаттар әзірлеу дағдыларын, қызметтік құжаттамалармен жұмыс істей білуі, компьютерді және басқа ұйымдастыру техникасын меңгеруі, сондай-ақ "Тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды басқару" кәсіби стандартының талаптарына жауап беруі;
4) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы немесе кәсіптік біліктілікті тану саласындағы аккридиттеу туралы, кәсіптік біліктілікті тану орталығы берген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжатты оқудан немесе өз бетінше даярлаудан өткен және алған жағдайларда жүргізіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.01.2024 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 11.06.2024 № 218 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.