Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 357/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34545 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 364-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2024 жылғы 21 маусымдағы
№ 357/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 364-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу тәртібі

      2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді (бұдан әрі – іріктеу) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      3. Іріктеуге "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-2-бабының талаптарына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 214/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34250 болып тіркелген) бекітілген әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектісіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері жіберіледі.

      4. Әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) интернет-ресурсына "Мемлекеттік корпорациямен әріптестік" бөлімінде еркін нысанда өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Өтініште әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 219/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34248 болып тіркелген) бекітілген үлгілік әріптестік келісімге сәйкес айқындалған Мемлекеттік корпорациямен ынтымақтастық түрін, онымен серіктестік келісім жасасу қажеттілігінің себептерін, мақсаттары мен негіздемесін, сондай-ақ қызмет көрсету сапасының төмендеуіне жол бермеу жөнінде міндеттеме көрсетеді.

      5. Мемлекеттік корпорация орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген шарттар мен Талаптарға сәйкестігі тұрғысынан орналастырылған өтінімді қажет болған жағдайда сол жерге бара отырып зерделейді және өтінімді зерделеу қорытындысы бойынша анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) қалыптастырады.

      6. Халыққа қызмет көрсету орталығын (бұдан әрі – ХҚКО) сенімгерлік басқаруға беру жолымен ынтымақтастыққа іріктеу осы Қағидалардың 7, 8, 11, 17 және 18-тармақтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      7. Конкурстық құжаттамада:

      1) ХҚКО-ны сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі әріптестік келісімнің жалпы құны;

      2) әріптестік ұйым үшін төлемдердің мерзімдері мен сомасы;

      3) талаптарды қою және жою шарттары;

      4) әріптестік келісім бойынша міндеттемелерді уақтылы немесе сапасыз орындағаны үшін айыппұл санкцияларын өндіріп алудың мөлшері мен шарттары;

      5) Мемлекеттік корпорацияның персоналына немесе мүлкіне залал келтірілген жағдайда өтемақы;

      6) мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру жөніндегі қызметтерді уақтылы немесе сапасыз көрсетуден туындаған үшінші тараптың шағымдары туындаған жағдайда өтемақы;

      7) әріптестік ұйыммен жасалған әріптестік келісім бұзылған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның ХҚКО қайтару тәртібі.

      8. Бір ғана кәсіпкерлік субъектісі ХҚКО сенімгерлік басқаруға беру жолымен ынтымақтастыққа әріптестік келісім жасасу үшін жүгінген кезде әріптестік келісім осы кәсіпкерлік субъектісімен жасалады.

      9. Іріктеу мақсатында уәкілетті органның жанынан Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      10. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысына анықтама ұсынады.

      11. Заңның 11-2-бабының талаптарына және талаптарға сәйкес келмеуі Мемлекеттік корпорация тарапынан іріктеуден бас тартуға негіз болып табылады.

      12. Комиссия қарау қорытындылары бойынша тиісті негіздемемен оң немесе теріс шешім шығарады.

      13. Комиссияның шешімін ескере отырып, уәкілетті орган Комиссия шешімі шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Мемлекеттік корпорациямен іріктеу туралы не іріктеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      14. Мемлекеттік корпорация уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында орналастырады және кәсіпкерлік субъектісіне электрондық мекенжайға уәкілетті органның шешімі туралы хабарлама жібереді.

      15. Уәкілетті органның теріс шешіміне әсер еткен себептер жойылғаннан кейін әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсына қайта өтініш береді.

      16. Кәсіпкерлік субъектісі уәкілетті органның теріс шешімімен келіспеген жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым жасай алады.

      17. Уәкілетті органның оң шешімі Мемлекеттік корпорация мен кәсіпкерлік субъектісі арасында әріптестік келісім жасасу үшін негіз болып табылады.

      18. Уәкілетті органның (оң немесе теріс) шешіміне қарамастан, іріктеу процесіне байланысты кәсіпкерлік субъектісінің барлық шығыстарын (жол жүру, тұру, ұйымдастыру техникасы, кеңсе керек-жарақтары және басқалар) әріптестік келісім жасасуға үміткер кәсіпкерлік субъектісі көтереді.

Об утверждении правил отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 21 июня 2024 года № 357/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2024 года № 34545.

      В соответствии с подпунктом 364-2) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения.

      2. Комитету государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

  Утвержден приказом
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 21 июня 2024 года № 357/НҚ

Правила отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 364-2) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501, и определяют порядок отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения.

Глава 2. Порядок отбора субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения

      2. Отбор субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения (далее – отбор) осуществляется уполномоченным органом в сфере оказания государственных услуг (далее – уполномоченный орган).

      3. К отбору допускаются субъекты предпринимательства, соответствующие статье 11-2 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон), требованиям к субъекту предпринимательства для заключения партнерского соглашения, утвержденным приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2024 года № 214/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 34250) (далее – Требования).

      4. Субъект предпринимательства, претендующий на заключение партнерского соглашения, подает на интернет-ресурс Государственной корпорации "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) заявление в произвольной форме (далее – заявление) в разделе "Партнерство с Государственной корпорацией".

      В заявлении субъект предпринимательства, претендующий на заключение партнерского соглашения, указывает вид сотрудничества с Государственной корпорацией, определенный в соответствии с типовым партнерским соглашением, утвержденным приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 10 апреля 2024 года № 219/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 34248), мотивы, цели и обоснование необходимости заключения с ним партнерского соглашения, а также обязательство по недопущению снижения качества оказания услуг.

      5. Государственная корпорация в срок, не превышающий 15 (пятнадцать) рабочих дней со дня размещения изучает заявление, размещенное на интернет-ресурсе Государственной корпорации, на предмет соответствия условиям и Требованиям, указанным в пункте 3 настоящих Правил, с выездом на место при необходимости, и формирует справку по итогам изучения заявления (далее – справка).

      6. Отбор на сотрудничество путем передачи в доверительное управление центра обслуживания населения Государственной корпорации (далее – ЦОН) осуществляется на конкурсной основе в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках с учетом пунктов 7, 8, 11, 17 и 18 настоящих Правил.

      7. В конкурсной документации указываются:

      1) общая стоимость партнерского соглашения по передаче ЦОН в доверительное управление;

      2) сроки и сумма платежей для партнерской организации;

      3) условия выставления и устранения претензий;

      4) размер и условия взыскания штрафных санкций за несвоевременное или некачественное исполнение обязательств по партнерскому соглашению;

      5) компенсации в случае нанесения ущерба персоналу или имуществу Государственной корпорации;

      6) компенсации в случае возникновения претензий третьей стороны, вызванных несвоевременным или некачественным оказанием услуг по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче результатов;

      7) порядок возврата ЦОН Государственной корпорации в случае расторжения партнерского соглашения, заключенного с партнерской организацией.

      8. При обращении для заключения партнерского соглашения на сотрудничество путем передачи в доверительное управление ЦОН не более одного субъекта предпринимательства партнерское соглашение заключается с данным субъектом предпринимательства.

      9. В целях отбора при уполномоченном органе создается Комиссия по отбору субъектов предпринимательства для заключения партнерского соглашения (далее – Комиссия).

      10. Государственная корпорация в течение 5 (пять) рабочих дней после истечения срока, указанного в пункте 5 настоящих Правил, представляет справку на заседание Комиссии.

      11. Несоответствие требованиям статьи 11-2 Закона и Требованиям, являются основаниями для отказа в отборе с Государственной корпорацией.

      12. Комиссия по итогам рассмотрения выносит положительное либо отрицательное решение с соответствующим обоснованием.

      13. С учетом решения Комиссии уполномоченный орган в срок, не превышающий 5 (пять) рабочих дней со дня вынесения решения Комиссии, принимает решение об отборе либо об отказе в отборе с Государственной корпорацией.

      14. Государственная корпорация в срок, не превышающий 5 (пять) рабочих дней после принятия уполномоченным органом соответствующего решения, размещает на интернет-ресурсе Государственной корпорации и направляет субъекту предпринимательства на электронный адрес уведомление о решении уполномоченного органа.

      15. После устранения причин, послуживших для отрицательного решения уполномоченного органа, субъект предпринимательства, претендующий на заключение партнерского соглашения повторно подает заявление на интернет-ресурс Государственной корпорации.

      16. При несогласии субъекта предпринимательства с отрицательным решением уполномоченного органа, субъект предпринимательства может обжаловать его в соответствии с Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      17. Положительное решение уполномоченного органа является основанием для заключения партнерского соглашения между Государственной корпорацией и субъектом предпринимательства.

      18. Все расходы субъекта предпринимательства, связанные с процессом отбора (проезд, проживание, организационная техника, канцелярские принадлежности и другие), независимо от решения уполномоченного органа (положительного или отрицательного), несет субъект предпринимательства, претендующий на заключение партнерского соглашения.