ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбес бекітілсін.";
бұйрыққа қойылатын біліктілік талаптарының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72 - жолдармен толықтырылсын:
"
7. Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының қызметі үшін | |||
62 | Оқу жұмыс жоспарларының № 500 бұйрықпен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына және № 348 бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | |
63 |
Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. | Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Қабылданған балалардың санына қарай білім беру-сауықтыру орталығының (бұдан әрі – БСО) басшысы лауазымы мен оқу-тәрбие кешенінің (орталық жанындағы мектеп) директорының лауазымы біріктірілуі мүмкін. |
64 |
№44 бұйрықпен бекітілген нормаларға және № 216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. |
Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына | Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдары жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады. |
65 |
Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. № 37 бұйрығына, "Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы), "Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген), "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген), "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген), "Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 78 бұйрығы), "Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-292/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21842 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензияның болуы. | Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша. | Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. |
66 | "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген) талаптарын ескере отырып, № ҚР ДСМ-76 бұйрығы, № ҚР ДСМ-16 және № 78 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің (оқу корпустарында) болуы. |
Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер | Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына жол беріледі. Тамақтану объектісі жалға берілген жағдайда жалға алушының тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы. |
67 |
№ ҚР ДСМ-76 бұйрығына, № ҚР ДСМ-78 бұйрығына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына | |
68 |
№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына | |
69 |
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету 3 жылда кемінде 1 рет және 36 сағаттан кем болмауы тиіс. |
Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер | Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін үш жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды. |
70 | № 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ және әкімшілік деректері ҰБДҚ-мен сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы. |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына | |
71 | № ҚР ДСМ-№78 бұйрығына сәйкес балалар үшін тұру жағдайларының болуы. | Қоршалған қатты төсегі бар бір немесе екі қабатты кереуеттермен, кереует жанындағы тумбалармен, киімге арналған шкафтармен, унитаздармен, қол жуғыштармен, ванналармен, себезгі тұғырықтарымен жабдықталған душпен, бір жатын орынға (кемінде екі) төсек жабдығы жиынтығымен жабдықталғандығы туралы мәлімет көрсетілген тұрғын үй-жайлар паспортының көшірмесі. | Үй-жайлар жарамды күйде ұсталады және мақсаты бойынша пайдаланылады. Үй-жайларды әрлеудегі ақаулар, зақымданулар, жиһаздың, қатты мүкәммалдың, жабдықтың, санитариялық-техникалық аспаптардың сынуы мен зақымдануы, сондай-ақ бүлінген және тозған жұмсақ мүкәммал жөндеуге немесе ауыстыруға жатады. |
72 | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелді), Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңына сәйкес балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші мен балаларды тасымалдауға арналған автокөліктің болуы |
Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері, | Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жыпылықтайтын шамшырақпен жабдықталуы тиіс, алдыңғы және артқы жағында "Балаларды тасымалдау" айырым белгілері бар, техникалық жай-күйі автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сай келетін кемінде екі есігі бар. |
". |
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Е. Оспан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі