"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34597 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жоғары білімін куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

      4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) тиісті "электрондық үкімет" шлюзі ақпараттық жүйелер арқылы алынған адвокатқа немесе нотариусқа біліктілік емтиханын немесе аттестаттауды тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі, адвокатқа немесе нотариусқа лицензия (бар болған жағдайда);

      8) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

      Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда кандидатты аудиторлыққа аттестаттауға тіркемейді.

      Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: № ___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ресiмдеу күнi көрсетiледi.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "6. Аудитор өтініш беру кезінде тегі, аты, әкесінің атын өзгерту үшін (ол болған жағдайда) Комиссия "аудитор" біліктілік куәлігінің берілген күні мен нөмірін сақтай отырып, қайта ресімдеу жолымен "аудитор" біліктілік куәлігіне өзгерістер енгізеді.

      Қағаз нысанда берілген "аудитор" біліктілік куәлігі жоғалған, бүлінген кезде аудитор "аудитор" біліктілік куәлігінің телнұсқасын алады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Бухгалтерлік есеп және аудит саласында Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Қауымдастырылған Дипломды Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) –Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы, Certified Public Accountant (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (CPA (США) СИПИЭЙ) Сертификатталған Жария Бухгалтердің толық біліктіліктерінің бірі немесе The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломы бар аудиторларға кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама).

      Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Бухгалтерлік есеп саласындағы Institute of Financial Accountants (Институт оф Файнаншл Экаунтэнтс) (IFA Ұлыбритания) АЙФИЭЙ) – Қаржылық Бухгалтерлер Институты, Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы Диплом толық біліктіліктерінің бірі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Адвокатқа немесе нотариусқа, не судьяға біліктілік емтиханын тапсырған, не лицензиясы бар, не аттестаттаудан өткен аудиторларға кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломының "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржы менеджменті", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби әдеп" сертификаттары бар аудиторларға үміткерлер тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.

      11. Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен – әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген аудитордың жеке мөрi берiледi.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Комиссия аудиторлыққа кандидаттарды қағазбен, қаламсаппен, калькулятормен қамтамасыз етеді, сондай-ақ емтихан жұмыстарын жинауды және оларды актімен уәкілетті органның өкіліне беруді жүзеге асырады.

      Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейнетіркеу құралдарымен жабдықталады. Емтиханның бейнежазбасы 5 (бес) жыл бойы сақталады.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Емтихандар аяқталғаннан кейiн уәкілетті органның өкілі емтихан жұмыстарына кандидаттың аты-жөнiн көрсетпей, төрт мағыналы код қою арқылы кодтайды, ол сол сәтте емтихан карточкасына көшiрiледi.

      Комиссия мүшелерінің қатысуымен Комиссия хатшысы кодтағаннан кейін аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері жасалады немесе электрондық тасығышқа сканерден өткізіледі. Көшірмелер немесе электрондық тасығыштағы сканерден өткізілген нұсқалар түпнұсқалармен салыстырылады, жеке конвертке (немесе конверттерге) салынады, олар желімделеді, мөрмен бекітіледі және Комиссия мүшелерінің, сондай-ақ уәкілетті орган өкілінің қолдарымен расталады. Осыдан кейін Комиссия төрағасы беру актісі бойынша конвертті (немесе конверттерді) уәкілетті органның өкіліне береді.

      24. Емтихан жұмыстарының кодын тiкелей Комиссия отырысында Комиссия мүшесі болып табылатын уәкілетті органның өкілі Комиссия мүшелерінің қатысуымен ашады.

      Емтиханның нәтижелерін шығарғаннан кейін уәкілетті органның өкілі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстыру үшін Комиссия мүшелерінің қатысуымен аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері бар конверттерді ашады. Уәкілетті органның өкілі салыстырып тексергеннен кейін емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің көшірмелері немесе сканерден өткізілген нұсқалары бар конвертті (немесе конверттерді) Комиссияға қайтарады, ол оны (оларды) емтихан күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы сақтайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау қорытындылары бойынша шешім күнтізбелік 10 (он) күннен кешiктiрмей бағалау рәсiмi аяқталғаннан кейiн Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол хаттамаға жазылады және отырысқа қатысушы Комиссияның барлық мүшелерi әр бетiне қол қояды.

      Комиссия емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің түпнұсқаларын хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жыл сақтайды.

      Емтихан қорытындылары кандидаттардың электрондық мекенжайларына жұмыстарды бағалауды бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 "Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июня 2024 года № 398. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2024 года № 34597.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273 "Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4354) следующие изменения:

      в Правилах проведения аттестации кандидатов в аудиторы, утвержденных указанным приказом:

      в часть третью пункта 3 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 6 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункты 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "10. Кандидаты в аудиторы сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      финансовый учет и отчетность по международным стандартам финансовой отчетности;

      управленческий учет;

      финансы и финансовый менеджмент;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, имеющие одну из полных квалификаций Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Ассоциированный Дипломированный Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциация Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров, Certified Public Accountant (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (CPA (США) СИПИЭЙ) – Сертифицированный Публичный Бухгалтер или диплом "Финансы и управление бизнесом" квалификации The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциация Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров в области бухгалтерского учета и аудита сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство).

      Кандидаты в аудиторы, имеющие полную квалификацию Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Великобритания) СИАЙЭМЭЙ) – Дипломированный Институт Управленческих Бухгалтеров в области бухгалтерского учета и аудита сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      финансовый учет и отчетность по международным стандартам финансовой отчетности;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, имеющие одну из полных квалификаций Institute of Financial Accountants (Институт оф Файнаншл Экаунтэнтс) (IFA (Великобритания) АЙФИЭЙ) – Институт Финансовых Бухгалтеров, Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Диплом в области Международной Финансовой Отчетности в области бухгалтерского учета сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      управленческий учет;

      финансы и финансовый менеджмент;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, сдавшие квалификационный экзамен либо прошедшие аттестацию на адвоката или нотариуса, либо судью, либо имеющие лицензию освобождаются от сдачи экзамена по дисциплине "право".

      Кандидаты в аудиторы, имеющие сертификаты: "Управление эффективностью бизнеса", "Финансовая отчетность", "Финансовый менеджмент", "Аудит и сопутствующие услуги", "Профессиональная этика" диплома "Финансы и управление бизнесом" квалификации The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциации Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров освобождаются от сдачи соответствующих экзаменов.

      11. Лицам, успешно завершившим аттестацию, решением Комиссии выдается квалификационное свидетельство о присвоении квалификации "аудитор", и личная печать аудитора с указанием номера квалификационного свидетельства, фамилии, имени, а также, по желанию, – отчества (при его наличии).";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Комиссия обеспечивает кандидатов в аудиторы бумагой, авторучкой, калькулятором, а также осуществляет сбор экзаменационных работ и их передачу представителю уполномоченного органа по акту.

      Помещение для проведения экзамена оснащается средствами видеофиксации. Видеозапись проведения экзамена хранится в течении 5 (пяти) лет.";

      пункты 23 и 24 изложить в следующей редакции:

      "23. По окончании экзамена представителем уполномоченного органа экзаменационные работы кодируются посредством проставления четырехзначного кода без указания фамилии, имени и отчества кандидата, который тут же переносится в экзаменационную карточку.

      После кодирования секретарем Комиссии в присутствии членов Комиссии рабочие тетради, содержащие экзаменационные работы кандидатов в аудиторы, копируются или сканируются на электронный носитель. Копии или сканированные версии на электронном носителе сверяются с оригиналами, помещаются в отдельный конверт (или конверты), который заклеивается, скрепляется печатью и заверяется подписями членов Комиссии, а также представителя уполномоченного органа. После этого Председатель Комиссии передает по акту передачи конверт (или конверты) представителю уполномоченного органа.

      24. Экзаменационные работы раскодируются представителем уполномоченного органа, являющимся членом Комиссии, в присутствии членов Комиссии непосредственно на заседании Комиссии.

      После вынесения результатов экзаменов конверт (или конверты) с копиями рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы кандидатов в аудиторы, вскрываются в присутствии членов Комиссии для сверки представителем уполномоченного органа подлинности копий с оригиналами. Представитель уполномоченного органа после сверки возвращает конверт (или конверты) с копиями или сканированными версиями на электронном носителе рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы, в Комиссию, которая хранит его (их) в течении 5 (пяти) лет со дня экзамена.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Решение по итогам проверки и оценивания экзаменационных работ принимается не позднее чем через 10 (десять) календарных дней после завершения процедуры оценки простым большинством голосов членов Комиссии, заносится в протокол и подписывается постранично всеми членами Комиссии, присутствующими на заседании.

      Комиссия хранит оригиналы рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы, 5 (пять) лет со дня подписания протокола.

      Результаты экзамена направляются кандидатам в течении 3 (трех) рабочих дней после утверждения оценки работ на электронные адреса.".

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев