БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын (бұдан әрі – грант) беру тәртібін айқындайды.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Ғылым" – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Бизнес" – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Волонтерлік – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Грантты қайтадан беруге жол берілмейді. Конкурсқа үміткер бір бағыт бойынша 1 (бір) конкурстық өтінім береді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдайды және олардың осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.
Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді 1 (бір) реттен аспайтын мөлшерде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді.
Конкурстық өтінім хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтірілмеген кезде уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.
Конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.
Осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қарауына жібереді.";
22-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотты грант алушы грантты аудару үшін бөлек ашады.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз: "Ғылым", "Мәдениет", "Ақпараттық технологиялар", "Бизнес", "Медиа", "Волонтерлік")".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі