БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарды жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржы жылы – бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтер шарты (бұдан әрі – шарт) – веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде қосылу шарты, оның талаптарын тапсырыс беруші стандартты нысандарда айқындайтын және өнім берушілер ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
4) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуден өткен тапсырыс беруші, өнім беруші;
5) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды тұлғасы немесе қатысушының өкілі;
6) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартында оның контрагенті ретінде әрекет ететін мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
8) тапсырыс берушілер - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы.
Осы Қағидаларда пайданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1 Мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттары шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметті әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу үшін көзделген тарифтерге сәйкес ақылы негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көрсетеді.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің уақыты бойынша тіркеледі.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті оператор (бұдан әрі – Оператор) жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі келесі бірізді іс-шаралардың орындалуын көздейді:
1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу (егер олар тіркелмеген болса);
2) оператордың бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына қосылу шарттарын жасасу жоспарын әзірлеу және бекіту, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;
3) оператордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша Оператор мен өнім берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың үлгілік шарттарын көздейтін қосылу шартының жобасын Оператордың мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастыруы. Қосылу шарты Оператордың бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қосылу туралы шарттың күшiн ол жасалғанға дейiн туындаған, бiрақ ағымдағы қаржы жылының басынан ерте емес қатынастарға ұзартуға жол берiледi. . Қосылу шартына Оператор электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қол қояды және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады. Оператор мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өнім берушілерге олардың орналастырылған қосылу шартына қосылуы мақсатында тиісті хабарламалар жібереді;
4) өнім беруші оператордан хабарлама алғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тиісті өтінімге қол қою арқылы қосылу шартына қосылады. Өтінімге өнім берушінің қол қоюы қосылу шартының талаптарына оның келісімін білдіру нысаны болып табылады. Қосылу шартына өзгерістерді Оператор біржақты тәртіпте Оператордың бекітілген бюджеті шегінде, оларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру арқылы енгізеді. Қосылу туралы келісімге қосымша келісімдерге қол қою талап етілмейді;
5) тараптар қосылу шартын жасасқаннан кейін өнім берушінің қызметті көрсетуі және мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы Операторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет актісін жіберуі;
6) өнім берушіден алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет актісіне Оператордың электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы немесе дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;
7) егер қосылу шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, Оператордың көрсетілген қызмет актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы төлемді жүзеге асыруы;
8) оператордың мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төленген төлемді растауы.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Н. Жумадильдаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Нысан
Бекітілді: | |
____________________________ (білім беру саласындағы уәкілетті орган операторы актісінің атауын, оның нөмірі мен күнін көрсету) |
Жекеменшік білім беру ұйымдарымен _____ жылға қосылу шартын жасасу жоспары
Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы _________ (қазақ тілінде)
_________________________________________________________________________
Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы __________ (орыс тілінде)
_________________________________________________________________________
Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының БСН______________________
№ | Жоспар тармағының типі | Сатып алу нысанасының түрі | Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы қазақ тілінде (СТЖҚ-не сәйкес) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы орыс тілінде (СТЖҚ-не сәйкес) |
Қазақ тіліндегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) |
Орыс тіліндегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) |
5 | 6 | 7 | 8 |
Қосымша сипаттама (қазақ тілінде) | Қосымша сипаттама (орыс тілінде) | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі |
9 | 10 | 11 | 12 |
Саны, көлемі | Бірлік бағасы, теңге | Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге | Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай) |
13 | 14 | 15 | 16 |
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАОЖ-ға сәйкес елді мекеннің коды) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) |
17 | 18 | 19 | 20 |
21 | |||
Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) | - | - | |
21 | - | - |
Ескерту:
"Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (жиырма таңбалы коды);
"Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;
кесте бойынша:
"№" жолы - сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;
"Жоспар пунктінің түрі" өрісі - жоспар пункті типтерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан аспайтын сатып алу;
"Сатып алу нысанасының түрі" жолы - сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс, қызмет) көрсетіледі;
"Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" ашық жолағында - СТЖҚ-ға (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
"Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (қазақ тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы қазақ тілінде көрсетіледі;
"Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (орыс тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы орыс тілінде көрсетіледі;
"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" жолы - қазақ тілінде "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" жолында енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі;
"Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) (орыс тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
"Қосымша сипаттама (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі;
"Қосымша сипаттама (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі;
"Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алуды жүргізу тәсілі көрсетіледі;
"Өлшем бірлігі" жолағы – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" жолағына енгізілген мәнге сәйкес сатып алу нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі;
"Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
"Бірлік бағасы, теңге" деген жолақта – сатып алу нысанасының бірлік үшін теңгедегі бағасы көрсетіледі;
"Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақ – "Саны, көлемі" деген жолдың мәнін "Бірлік бағасы, теңге" деген жолдың мәніне көбейту жолымен есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
"Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланатын мерзімі (айы)" деген жолақта – сатып алуды жүргізу жоспарланатын ай көрсетіледі;
"Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;
"Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;
"Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАОЖ-ға сәйкес елді мекеннің коды)" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес елді мекеннің коды сандық мәнде көрсетіледі;
"Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;
"Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі;