Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қаңтарда № 26502 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2022 жылғы 14 қаңтардағы
  № 12 бұйрығымен
  бекітілген

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтеріне шарттар жасасу тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржы жылы – бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік 1 қаңтардан басталатын және 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтер шарты (бұдан әрі – шарт) – веб-портал арқылы тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде қосылу шарты, оның талаптарын тапсырыс беруші стандартты нысандарда айқындайтын және өнім берушілер ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдауы мүмкін;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;

      4) мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуден өткен тапсырыс беруші, өнім беруші;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – қатысушының лауазымды тұлғасы немесе қатысушының өкілі;

      6) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;

      7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шартында оның контрагенті ретінде әрекет ететін мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      8) тапсырыс берушілер - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы.

      Осы Қағидаларда пайданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі

      3. Мемлекеттік сатып алу веб-порталда жұмыс істеу үшін пайдаланушылар мынадай іс-әрекеттер жиынтығын жасайды:

      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында электрондық цифрлық қолтаңбаның сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;

      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелу рәсімдерін өтеді.

      4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен жеке және заңды тұлғалар үшін шығарылған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.

      4-1 Мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттары шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметті әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу үшін көзделген тарифтерге сәйкес ақылы негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көрсетеді.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттарды жасасумен және орындаумен байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және тиісті пайдаланушының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

      6. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің уақыты бойынша тіркеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл архивтерінің мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда, оларды жүйеге әрқайсысының мөлшері 20 мегабайттан аспайтын бөліктермен жүктеу қажет.

      8. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:

      1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу (егер олар тіркелмеген жағдайда);

      2) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген өзге де тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына шарттар жасасу жоспарын әзірлеу және бекіту және оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;

      3) тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша шарт жобасын қалыптастыруы. Шарт тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес шарттың қолданылуын ол жасалғанға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылы басталғаннан ерте емес туындаған қатынастарға таратуға жол беріледі. Шартқа тапсырыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қол қояды және тиісті қаржы жылына арналған шарттарды жасасу жоспарында көзделген мерзімдерде өнім берушіге қол қою үшін жіберіледі

      4) өнім берушінің шартқа қол қоюы, бұл оның шарт талаптарымен келісетінін білдіру нысаны болып табылады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартқа өзгерістер тапсырыс берушінің бекітілген бюджеті шегінде, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны өзгерген кезде тараптардың келісімі бойынша енгізіледі. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзуға Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 402-бабында көзделген тәртіппен жол беріледі;

      5) тараптар шартқа қол қойғаннан кейін көрсеткен қызметтер және тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісін жіберу;

      6) тапсырыс беруші өнім берушіден алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген қызметтер актісіне тапсырыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы не дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;

      7) егер шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің актіге қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуді жүзеге асыруы;

      8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін жүргізілген төлемді растауы.

      Қағидалардың осы тармағының тәртібі Заңның 62-бабының 4-3-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасуға қолданылмайды.

      9. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде білім беру саласындағы уәкілетті оператор (бұдан әрі – Оператор) жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы шарттар жасасу тәртібі келесі бірізді іс-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеу (егер олар тіркелмеген болса);

      2) оператордың бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлғаның шешімімен осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қаржы жылына қосылу шарттарын жасасу жоспарын әзірлеу және бекіту, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;

      3) оператордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген өзге тұлға бекіткен нысан бойынша Оператор мен өнім берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың үлгілік шарттарын көздейтін қосылу шартының жобасын Оператордың мемлекеттік сатып алу веб-порталында қалыптастыруы. Қосылу шарты Оператордың бекітілген бюджеті шегінде жасалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қосылу туралы шарттың күшiн ол жасалғанға дейiн туындаған, бiрақ ағымдағы қаржы жылының басынан ерте емес қатынастарға ұзартуға жол берiледi. . Қосылу шартына Оператор электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы қол қояды және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады. Оператор мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өнім берушілерге олардың орналастырылған қосылу шартына қосылуы мақсатында тиісті хабарламалар жібереді;

      4) өнім беруші оператордан хабарлама алғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тиісті өтінімге қол қою арқылы қосылу шартына қосылады. Өтінімге өнім берушінің қол қоюы қосылу шартының талаптарына оның келісімін білдіру нысаны болып табылады. Қосылу шартына өзгерістерді Оператор біржақты тәртіпте Оператордың бекітілген бюджеті шегінде, оларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру арқылы енгізеді. Қосылу туралы келісімге қосымша келісімдерге қол қою талап етілмейді;

      5) тараптар қосылу шартын жасасқаннан кейін өнім берушінің қызметті көрсетуі және мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы Операторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет актісін жіберуі;

      6) өнім берушіден алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет актісіне Оператордың электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы немесе дәлелді негіздемелерді көрсете отырып, қызметтерді қабылдаудан бас тартуы;

      7) егер қосылу шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, Оператордың көрсетілген қызмет актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өнім берушінің банктік шотына ақша аудару арқылы төлемді жүзеге асыруы;

      8) оператордың мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім беруші көрсеткен қызметтер үшін төленген төлемді растауы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізілген, сондай-ақ оның жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда, күндері техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізілген немесе техникалық іркілістер туындаған күндерге сәйкес келетін мемлекеттік сатып алу веб-порталында шарттар жасасу мерзімдері техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мерзімін, сондай-ақ техникалық іркілістердің туындауын ескере отырып ауыстырылады.

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына
  1-қосымша

      Нысаны

  Бекітілді:
  _________________________
  (тапсырыс беруші актісінің
  атауын көрсету, оның
  нөмірі және берілген күні)

_____ жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу жоспары

      Тапсырыс берушінің атауы ___________ (қазақ тілінде) ________
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (орыс тілінде) ________
Тапсырыс берушінің БСН ______________________________________

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын қызметтердің атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)

Өлшем бірлігі

Жалпы саны, көлемі

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7








Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)

Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)

Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)

КАТО

Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)

Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)

-

8

9

10

11

12

13

-








      Ескертпе:

      "Тапсырыс берушінің БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);

      "Тапсырыс берушінің атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      Кесте бойынша:

      "№" деген жолақта - сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 10 тамызда № 7837 болып тіркелген) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін ескере отырып, сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" деген жолақта-сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі;

      "Өлшем бірлігі" деген жолақта-сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      "Жалпы саны, көлемі" деген жолақта-сатып алынатын қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;

      "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта-теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;

      "Жалпы сома (сатып алу үшін бекітілген), теңге" деген жолақта – "жалпы саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "бірлік үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      "Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта-қызметтерді сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта-қызмет көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта - тауарды жеткізу, қызмет көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;

      "ӘАОЖ" деген жолақта – "әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта-қызмет көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта - қызмет көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі.

  Мемлекеттік сатып алу
веб-порталы арқылы
мемлекеттік білім беру
тапсырысы қызметтерінің
шарттарын жасасу қағидаларына
1-1-қосымша

      Нысан

  Бекітілді:
  ____________________________
(білім беру саласындағы
уәкілетті орган операторы
актісінің атауын, оның
нөмірі мен күнін көрсету)

Жекеменшік білім беру ұйымдарымен _____ жылға қосылу шартын жасасу жоспары

      Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.07.2024 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы _________ (қазақ тілінде)

      _________________________________________________________________________

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы __________ (орыс тілінде)

      _________________________________________________________________________

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының БСН______________________

Жоспар тармағының типі

Сатып алу нысанасының түрі

Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды

1

2

3

4





Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы қазақ тілінде (СТЖҚ-не сәйкес)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы орыс тілінде (СТЖҚ-не сәйкес)

Қазақ тіліндегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)
(СТЖҚ-не сәйкес)

Орыс тіліндегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)
(СТЖҚ-не сәйкес)

5

6

7

8





Қосымша сипаттама (қазақ тілінде)

Қосымша сипаттама (орыс тілінде)

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

9

10

11

12





Саны, көлемі

Бірлік бағасы, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге

Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)

13

14

15

16





Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАОЖ-ға сәйкес елді мекеннің коды)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)

17

18

19

20





21




Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)


-

-

21


-

-

      Ескерту:

      "Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (жиырма таңбалы коды);

      "Білім беру саласындағы уәкілетті орган операторының атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      кесте бойынша:

      "№" жолы - сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;

      "Жоспар пунктінің түрі" өрісі - жоспар пункті типтерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:

      Қаржы жылынан аспайтын сатып алу;

      "Сатып алу нысанасының түрі" жолы - сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс, қызмет) көрсетіледі;

      "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" ашық жолағында - СТЖҚ-ға (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;

      "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (қазақ тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы (орыс тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы орыс тілінде көрсетіледі;

      "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" жолы - қазақ тілінде "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" жолында енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі;

      "Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) (орыс тілінде)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;

      "Қосымша сипаттама (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі;

      "Қосымша сипаттама (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі;

      "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алуды жүргізу тәсілі көрсетіледі;

      "Өлшем бірлігі" жолағы – "Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды" жолағына енгізілген мәнге сәйкес сатып алу нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі;

      "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;

      "Бірлік бағасы, теңге" деген жолақта – сатып алу нысанасының бірлік үшін теңгедегі бағасы көрсетіледі;

      "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақ – "Саны, көлемі" деген жолдың мәнін "Бірлік бағасы, теңге" деген жолдың мәніне көбейту жолымен есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;

      "Сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланатын мерзімі (айы)" деген жолақта – сатып алуды жүргізу жоспарланатын ай көрсетіледі;

      "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;

      "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАОЖ-ға сәйкес елді мекеннің коды)" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес елді мекеннің коды сандық мәнде көрсетіледі;

      "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;

      "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі;

  Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына
   2-қосымша 

      Нысан

Көрсетілген қызметтер актісі 

№_____

20___ж. "___"______

      Құжаттың нөмірі * қол қойылған күні* (тапсырыс берушінің актіге қол қойған күні мен уақыты белгіленеді)

      Осы акт ___________ (Жеткізушінің атауы*) _________ сәйкес ____ (шарттың атауы) _ _ _ _ _ _ жылғы 20 __ жылғы "____" _________ № _____, атынан өкілдерінің өнім беруші орындады, ал _______ (тапсырыс берушінің атауы (*) ______, атынан тапсырыс берушінің өкілі қабылдады:

Көрсетілген қызмет туралы мәліметтер **

Қызмет көрсету орны

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС-сыз

Сомасы, теңге


1

2

3

4

5

6

1







...







      Шартқа сәйкес осы АКТ бойынша көрсетілген қызметтердің құны** ___________________________ теңге, оның ішінде ҚҚС / ҚҚС-сыз (санмен, жазумен)

Жеткізушінің Атауы *

ЖСН / БСН *

ЖСК / БСК *

Банк *

Заңды мекен-жайы *

Жеткізушінің өкілдері **

Бекітемін **

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Шарт бойынша ақпарат


Жалпы ақпарат

1

Шарттың жалпы сомасы *

Аванстық төлемдер сомасы ***

Шарттың әрекет ету басынан бастап төлем сомасы ***

Бұрын актіленген сомалар ***

Қызмет көрсету мерзімін кешіктіргені немесе міндеттемелерді тиісінше орындамағаны (ішінара орындамағаны) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы ***

Мерзімі өткен күндер саны ***

1

2

3

4

5

6







2

Шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама / Кіші бағдарлама / Ерекшелік ***


3

Осы АКТ бойынша нақты көрсетілген қызметтер


Қызметтің атауы *

Қызмет көрсету күні / кезеңі *

Өлшем бірлігі *

Саны *

бірлік үшін бағасы, теңге *

сомасы, теңге *


1

2

3

4

5

6

1














4

Өнім берушіге аударуға талап етілетін сома ***


      Қосымша: құжаттардың электрондық көшірмелерінің тізбесі (бар болса Жеткізуші/Тапсырыс беруші бекітеді)

Жеткізушінің Атауы *

ЖСН / БСН *

ЖСК / БСК *

Банк *

Заңды мекен-жайы ***

Тапсырыс берушінің өкілдері ***

Бекітемін (ұйым басшысы) *

Көрсетілетін қызметті қабылдауға жауаптылар

Ресімдеудің дұрыстығына жауаптылар (деректемелер, ерекшелік)

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

Т.А.Ә. лауазымы

Қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:

      * Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен автоматты түрде толтырылады;

      ** жеткізуші толтырады;

      *** Тапсырыс беруші толтырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК-банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК-жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС-қосылған құн салығы;

      Т.а. ә. - тегі, аты және әкесінің аты (бар болса).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады