ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21383 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |