"Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 457 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 шілдеде № 34762 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 23.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21383 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады