БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нурпеисов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті