Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 шілдеде № 34798 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 271 Бұйрыққа
қосымша

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттарының тізбесі

№ р/н

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларда мыналардың болуын

1

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
санитариялық-эпидемиологиялық, өрт, экологиялық талаптарына сәйкес мамандандырылған өндірістік базаның болуы

меншік немесе меншік құқығын растайтын құжат


2

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі көлік құралының (жүк автомобильдері және /немесе басқа автокөлік) болуы

көлік құралының паспорты, көлік құралын жалға алған жағдайда жалдау шарты


3

Меншік құқығында және/немесе басқа да заңды негізде автокөлік үшін кірме жолдары және/немесе кірме темір жол-тұйықтары бар жер учаскесінің болуы

жер учаскесіне акті


4

Заңды тұлғаның басшысы бекітетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың болуы

заңды тұлғаның басшысы бекіткен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі нұсқаулық


5

Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


Мамандандырылған өндірістік база және болған жағдайда филиалдар, мұндай филиалдарға мыналар жатады:

1

Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындар

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


2

Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін) қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындар (түрлі-түсті сынықтар үшін)

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


3

Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлар;

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


4

Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлер

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


5

Кәсіпорында бекітілген осы жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдық, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша айлабұйымдар

жүк көтергіш тетігінің паспорты, жүк көтергіш тетігін пайдалану беру жөніндегі нұсқаулық


6

Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, бөлуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдық

түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың болуы мен тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны


7

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

тексеру туралы сертификат

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген)

8

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарының радиация деңгейін өлшеуге арналған дозиметриялық немесе радиометриялық жабдық, оған тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

Тексеру туралы сертификат

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген)

Заңды тұлғаның немесе оның филиалының мамандандырылған өндірістік базасының бөлігі болып табылатын түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қабылдауды жүзеге асыратын қабылдау пункті мыналарды қамтиды:

1

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшем құралдары (автомобиль немесе темір жол таразылары және/немесе басқа да өлшем құралдары) оларда тексеру туралы қолданыстағы сертификат болған кезде

Тексеру туралы сертификат

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы және "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген)

2

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігін растайтын құжаттар

меншік құқығына немесе өзге де иелік ету құқығына шарт


3

Деректерді жүргізу үшін технологиялық процеске сәйкес келетін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтергіш жабдық, сондай-ақ жүк көтергіштігі бойынша айлабұйымдар

жүк көтергіш тетігінің паспорты, жүк көтергіш тетігін пайдалану беру жөніндегі нұсқаулық


4

Қабылдау пунктінің заңды тұлғаға немесе оның филиалына тиесілігі, атауы, БСН, жұмыс режимі және сатып алу бағалары прейскуранты көрсетілген маңдайшалар көруге ыңғайлы жерде, сондай-ақ заңды тұлғаның ресми сайтында (ол болған кезде)

маңдайшаның фотосы


5

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келіп түсетін түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, қабылдау-тапсыру актілері және бухгалтерлік есептің басқа да құжаттары туралы мәліметтер көрсетілетін есепке алу журналдарының және/немесе электрондық есепке алу журналдарының болуы

журналдардың фотосы


  Түсті және қара металдардың
сынықтары мен қалдықтарын
жинау (дайындау), сақтау, қайта
өңдеу және өткізу жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға рұқсат
беру талаптарына
қосымша
  Нысаны

Мәліметтер нысаны

      1. Өндірістік база туралы мәліметтер:

      1) өндірістік базаның мекенжайы ____________________________________________

      2) өндірістік базаның көлемі _________________________________________________

      3) жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі:

      _________________________________________________________________________

      4) жалдау (сатып алу-сату, т. б.) туралы шарттың нөмірі:

      _________________________________________________________________________

      5) филиалдар, қабылдау пункттері (олар болған кезде) мекенжайы:

      _________________________________________________________________________

      6) база мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті жабдықтармен жарақтандырылған

      ___________________________________________________________________

      2. Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес қолданылатын жабдықта жұмыс істеу үшін білікті персоналдың болуы:

      1) Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) __________________________________________

      2) осы ұйымда _ _ _ _ _ бастап жұмыс істейді (күнін, айын, жылын көрсету)

      3) аттестатталған, кәсіпорында оқытылған (күні, айы, жылы)

      ____________________________________________________________________

      3. Қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына арналған оттегі мен пропан баллондарын сақтауға арналған орындар:

      бар, сипаттамасы_____________________________________________________

      4. Топтары, түрлері, маркалары мен сорттары бойынша сынықтар мен қалдықтарды бөлек сақтай отырып, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған (түсті сынықтар үшін)қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар жабық үй-жайлар не асфальтталған не қатты бетонды немесе өзге де жабыны бар орындар (түрлі-түсті сынықтар үшін):

      бар, сипаттамасы_____________________________________________________

      5. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдықтары мен құралдары бар арнайы алаңдар немесе өндірістік үй-жайлар:

      бар, сипаттамасы_____________________________________________________

      6. Өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған түсті және қара металдардың жарылыс қаупі бар сынықтары мен қалдықтарына арналған қоймалар немесе жабық металл контейнерлер:

      саны, сипаттама ______________________________________________________

      7. Түсті және қара металдардың сынықтарын кесуге, кесуге, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престерге және/немесе гидравликалық қайшыларға арналған кәсіпорындағы технологиялық процеске сәйкес келетін жабдық:

      атауы, саны________________________________________________________

Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешений второй категории для осуществления деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и чҰрных металлов

Приказ и.о. Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 19 июля 2024 года № 271. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2024 года № 34798

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 10.10.2024.

      В соответствии с подпунктами 2-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые разрешительные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешений второй категории для осуществления деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов.

      2. Комитету промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 10 октября 2024 года.

      Исполняющий обязанности министра
промышленности и строительства
Республики Казахстан
А. Бейспеков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Исполняющего обязанности
министра промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 19 июля 2024 года № 271

Разрешительные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешений второй категории для осуществления деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов

№ п/п

Разрешительные требования

Документы

Примечание

1

2

3

4

      Юридическим лицам, осуществляющим деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов необходимо соответствовать требованиям, включающим наличие

1

Наличие специализированной производственной базы на праве собственности или ином законном основании, соответствующей требованиям санитарно-эпидемиологической, пожарной, экологической безопасности

документ подтверждающий право собственности или владения


2

Наличие транспортного средства (грузовые автомобили и /или другой автотранспорт), находящегося на праве собственности или ином законном основании, для перевозки лома и отходов цветных и черных металлов

паспорт транспортного средства, в случае аренды транспортного средства договор аренды


3

Наличие земельного участка с подъездными путями для автотранспорта и/или подъездными железнодорожными путями-тупиками на праве собственности и/или другом законном основании, для лома и отходов черных металлов

акт на земельный участок


4

Наличие инструкции по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, утверждаемой руководителем юридического лица

инструкция по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, утвержденная руководителем юридического лица


5

Наличие квалифицированного персонала для работы на применяемом оборудовании согласно штатного расписания предприятия

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


      Специализированная производственная база и при наличии филиалы, такие филиалы включают:

1

Места для хранения баллонов с кислородом и пропаном для лома и отходов черных металлов

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


2

Закрытые помещения либо заасфальтированные или имеющие твердое бетонное или иное покрытие места для сбора (заготовки), хранения и переработки лома и отходов цветных и черных металлов, с раздельным хранением лома и отходов по группам, видам, маркам и сортам (для цветного лома)

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


3

Специальные площадки или производственные помещения с оборудованием и инструментами для сортировки, резки и пакетирования лома и отходов цветных и черных металлов

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


4

Хранилища или закрытые металлические контейнеры для взрывоопасного лома и отходов цветных и черных металлов, оснащенные средствами пожаротушения

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


5

Стационарные или мобильные грузоподъемные механизмы, а также приспособления, по грузоподъемности соответствующее технологическому процессу для проведения данных работ, утвержденному на предприятии

паспорт грузоподъемного механизма, инструкция по эксплуатации грузоподъемного механизма


6

Оборудование, соответствующее технологическому процессу на предприятии, для резки, разделки лома цветных и черных металлов, а также прессы и/или гидроножницы для переработки лома цветных и черных металлов

форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям для осуществления деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов, включающим наличие и перечня документов, подтверждающих соответствие им


7

Средства измерений (автомобильные или железнодорожные весы и/или другие средства измерений), внесенные в реестр государственной системы обеспечения единства измерений, при наличии на них действующего сертификата об их поверке

Сертификат о поверке

Закон Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений" и Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 "Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18094).

8

Дозиметрическое или радиометрическое оборудование для измерения уровня радиации лома и отходов цветных и черных металлов, внесенное в реестр государственной системы обеспечения единства измерений, при наличии на него действующего сертификата о поверке

Сертификат о поверке

Закон Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений" и Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 августа 2022 года № ҚР ДСМ-90 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к радиационно-опасным объектам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29292).

      Приемный пункт, осуществляющий прием лома и отходов цветных и черных металлов, являющийся частью специализированной производственной базы юридического лица или его филиала, включает:

1

Средства измерений (автомобильные или железнодорожные весы и/или другие средства измерений), внесенные в реестр государственной системы обеспечения единства измерений, при наличии на них действующего сертификата об их поверке

Сертификат о поверке

Закон Республики Казахстан "Об обеспечении единства измерений" и Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 934 "Об утверждении Правил проведения поверки средств измерений, установления периодичности поверки средств измерений и формы сертификата о поверке средств измерений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18094)

2

Документы, подтверждающие принадлежность приемного пункта юридическому лицу или его филиалу

договор на право собственности или иное право владения


3

Стационарные или мобильные грузоподъемные механизмы, а также приспособления, по грузоподъемности соответствующее технологическому процессу для проведения данных работ, утвержденному на предприятии

паспорт грузоподъемного механизма, инструкция по эксплуатации грузоподъемного механизма


4

Вывески с указанием принадлежности приемного пункта юридическому лицу или его филиалу, наименования, БИН, режима работы и прейскуранта скупочных цен на удобном для обозрения месте, а также на официальном сайте юридического лица (при его наличии)

фото вывески


5

Наличие журналов учета, и/или электронных журналов учета, где должны отображаться сведения о поступающем ломе и отходах цветных и черных металлов, приемо-сдаточные акты и другие документы бухгалтерского учета в соответствии с установленным законодательством Республики Казахстан порядком

фото журналов


  Приложение
к разрешительным требованиям
к юридическим лицам,
осуществляющим деятельность
по сбору (заготовке), хранению,
переработке и реализации лома
и отходов цветных
и черных металлов

Форма сведений

      1. Сведения о производственной базе:

      1) Адрес производственной базы _____________________________________________

      2) Площадь _______________________________________________________________

      3) Номер свидетельства о регистрации недвижимости: ___________________________

      4) Номер договора об аренде (купли-продажи, т.д.): _____________________________

      5) Филиалы, приемные пункты (при их наличии) адрес: __________________________

      6) База оснащена необходимым оборудованием для выполнения заявленного вида деятельности _______________________________________________________________

      2. Наличие квалифицированного персонала для работы на применяемом оборудовании согласно штатного расписания предприятия:

      1) Фамилия, имя, отчество (при наличии) _______________________________________________________________

      2) Работает в данной организации с ____ (указать число, месяц, год)

      3) аттестован, обучен на предприятии (дата, месяц, год) _______________________________________________________________

      3. Места для хранения баллонов с кислородом и пропаном для лома и отходов черных металлов:

      имеется, описание_______________________________________________

      4. Закрытые помещения либо заасфальтированные или имеющие твердое бетонное или иное покрытие места для сбора (заготовки), хранения и переработки лома и отходов цветных и черных металлов, с раздельным хранением лома и отходов по группам, видам, маркам и сортам (для цветного лома):

      имеется, описание _______________________________________________

      5. Специальные площадки или производственные помещения с оборудованием и инструментами для сортировки, резки и пакетирования лома и отходов цветных и черных металлов:

      имеется, описание_______________________________________________

      6. Хранилища или закрытые металлические контейнеры для взрывоопасного лома и отходов цветных и черных металлов, оснащенные средствами пожаротушения:

      количество, описание_____________________________________________

      7. Оборудование, соответствующее технологическому процессу на предприятии, для резки, разделки лома цветных и черных металлов, а также прессы и/или гидроножницы для переработки лома цветных и черных металлов:

      наименование, количество_________________________________________