"Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 шiлдедегi № 576 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 шiлдеде № 34810 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22306 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.".

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) көрсетілетін қызметті алушыға "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) осы Қағидаларға қосымшада көзделген "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызметін көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес жеке жүгінген кезде құжаттар топтамасын береді.

      Процесс сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді енгізетін мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың тізімі Тізбеде жазылған.".

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы қағидаларда бекітілген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ШТҚ ТП орталық торабына ресімделген электрондық формулярды береді.

      Электрондық формуляр орталық торапқа түскеннен кейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың Полиция департаменттерінің көші-қон қызметтері басқармаларының (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкері бір жұмыс күні ішінде электрондық формулярды толтырудың дұрыстығына және негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.

      Тізбенің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздемелер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акті қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдаудың нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші оларды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды және жеке басын куәландыратын құжатты дайындауға электрондық формуляр жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдайды.".

      19-тармақ жойылсын.

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбеде көрсетілген.".

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызметін көрcету қағидаларына қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 576 Бұйрыққа
қосымша
  "Жол жүру құжатын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша

"Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызметін көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

17 жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 минут; Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жол жүру құжатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 615-бабының 3) тармақшасына сәйкес 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижелерін беру дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен.
2) Мемлекеттік корпорация – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында - www.gov4c.kz;
3) порталда – www.egov.kz орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші:
мынадай құжаттардың біреуін:
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған босқындар жол жүру құжаттарын алу кезінде);
азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
шетелдік паспорт;
өтінімді берген күнге кемінде 3 ай босқын мәртебесінің әрекет ету мерзімімен босқын куәлігі.
Жоғалтуға байланысты жол жүру құжатын ауыстыру үшін босқын уәкілетті мемлекеттік органға жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, жол жүру құжатын қалпына келтіру туралы жазбаша өтінішті қосымша ұсынады.
Айқындамалық деректерінің, жынысының өзгеруіне байланысты жол жүру құжатына өзгерістер енгізу үшін босқын жүгінуінің негізділігін растайтын құжат ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

"Мемлекеттік қызметтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

10

Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар.

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде немесе порталда "жеке кабинет" арқылы алу мүмкіндігі бар;
2) Мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіре берістер пандустармен жабдықталған, күту үшін креслолар бар;
3) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777;


О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 марта 2021 года № 134 об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача проездного документа"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 июля 2024 года № 576. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 июля 2024 года № 34810

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 5 марта 2021 года № 134 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача проездного документа" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22306) следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача проездного документа", утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила оказания государственной услуги "Выдача проездного документа" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон) и определяют порядок оказания государственной услуги "Выдача проездного документа" лицам, которым присвоен статус беженца для передвижения за пределами территории Республики Казахстан.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Для получения государственной услуги физическое лицо (далее – услугополучатель) подает при личном обращении (за детей и граждан, признанных судом недееспособными, их законные представители (родители, опекуны, попечители) с предоставлением документов, подтверждающих полномочия на представительство) к услугодателю в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) пакет документов в соответствии с перечнем основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача проездного документа" (далее - Перечень), согласно Приложению к настоящим Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в Перечне.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10.Услугодатель в течение двух рабочих дней со дня получения документов услугополучателя проверяет полноту представленных документов.

      В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, утвержденному настоящими правилами, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает в приеме заявления.".

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. При представлении услугополучателем полного пакета документов услугодатель в течение одного рабочего дня передает на центральный узел РП ДРИ оформленный электронный формуляр.

      После поступления электронного формуляра на центральный узел сотрудник управления миграционной службы Департаментов полиции городов Астаны, Алматы и Шымкента, областей (далее – УМС) в течение одного рабочего дня осуществляет проверку на правильность и обоснованность заполнения электронного формуляра.

      При наличии оснований для отказа, предусмотренных в пункте 9 Перечня услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить услугополучателю позицию по предварительному решению.

      Услугополучатель уведомляется услугодателем о заслушивании заранее, но не менее чем за 3 (три) рабочих до дня принятия административного акта. Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления.

      По результатам заслушивания услугодатель принимает решение об их удовлетворении и направляет электронный формуляр на изготовление документа, удостоверяющего личность либо принимает решение о полном или частичном отказе в оказании государственной услуги.";

      пункт 19 исключить.

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан, указаны в Перечне.".

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу), в соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      Жалоба подается услугодателю и (или) должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее трех рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, решение, действие (бездействие) которого обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение трех рабочих дней примет решение либо иное административное действие, полностью удовлетворяющие требованиям, указанным в жалобе.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Если иное не предусмотрено законом, обращение в суд допускается после обжалования в досудебном порядке.".

      Приложение к Правилам оказания государственной услуги "Выдача проездного документа" изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан и Комитет миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

  Приложение к Приказу
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 24 июля 2024 года № 576
  Приложение
к Правилам оказания
государственной услуги
"Выдача проездного документа"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача проездного документа"

1

Наименование услугодателя

Территориальные органы полиции.

2

Способы предоставления государственной услуги (каналы доступа)

Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через услугодателя в Государственной корпорации.

3

Срок оказания государственной услуги

17 рабочих дней.
Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов в Государственной корпорации - 15 минут.
Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя в Государственной корпорации - 30 минут.

4

Форма оказания государственной услуги

Бумажная.

5

Результат оказания государственной услуги

Выдача проездного документа либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги.
Форма предоставления результата государственной услуги: бумажная.

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

За оказание государственной услуги взимается государственная пошлина, которая в соответствии с подпунктом 3) статьи 615 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) составляет 8 месячных расчетных показателей.
Оплата производится в наличной и безналичной форме через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций.

7

График работы

1) услугодатель – с понедельника по пятницу (с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов) кроме выходных (суббота, воскресенье) и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан.
Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется услугодателем с понедельника по пятницу с 9.00 до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.
2) Государственной корпорации - прием документов и выдача готовых результатов государственных услуг осуществляется с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 18.00 часов без перерыва, дежурные отделы обслуживания населения Государственной корпорации с понедельника по пятницу включительно с 9.00 до 20.00 часов и в субботу с 9.00 до 13.00 часов кроме праздничных и выходных дней согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан.
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе Министерства – www.mvd.gov.kz в разделе "О Министерстве, подразделе "Веб-ресурсы структурных подразделений Министерства внутренних дел Республики Казахстан";
2) интернет-ресурсе Государственной корпорации – www.gov4c.kz;
3) портала – www.egov.kz.

8

Перечень документов необходимых для оказания государственной услуги

При обращении к услугодателю в Государственной корпорации:
один из следующих документов:
свидетельство о рождении (при получении проездного документа беженцами, не достигшими 16 лет);
удостоверение лица без гражданства;
заграничный паспорт;
удостоверение беженца со сроком действия статуса беженца не менее 3 месяцев на день подачи заявки.
Для замены проездного документа в связи с утратой беженцем в уполномоченный государственный орган дополнительно представляется письменное заявление о восстановлении проездного документа с указанием обстоятельств утраты.
Для внесения изменений в проездной документ, связанных с изменением установочных данных, пола беженцем дополнительно представляется документ, подтверждающий обоснованность обращения.

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

В соответствии статьей 19-1 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", в оказании государственной услуги отказывается в случае:
1) установления недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствия услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги.

1) Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг или через "личный кабинет" на портал;
2) Предусмотрены условия для обслуживания услугополучателей с ограниченными физическими возможностями, входы в здания оборудованы пандусами, имеются кресла для ожидания;
3) Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.mvd.gov.kz, раздел "Государственные услуги". Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг 1414, 8 800 080 7777;