Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 шілдеде № 34816 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 25 шілдедегі
№ 173 Бұйрығымен
бекітілген

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібін және шарттарын айқындайды.

      2. Қызметшiлердi аттестаттау – қызметшілердің кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығының, iскерлiк қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау жөнінде кезеңдеп жүзеге асырылатын рәсiм.

      3. Аттестаттау кезiнде негiзгi бағалау өлшемшарты қызметшiлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау қабiлетi болып табылады.

      4. Жүктi әйелдерден басқа барлық қызметшiлер аттестаттаудан өтедi.

      5. Қызметшiлер азаматтық қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтедi.

      Бала күтiмi бойынша демалыста жүрген қызметшiлер қызметке шыққаннан кейiн алты айдан кейiн аттестаттаудан өтеді.

      Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, оқу демалысында, демалыста болған қызметшілердің аттестаттаудан өтуді алты айға дейін кейінге қалдыруға беріледі.

      Қызметшiлердi олардың өтiнiшi бойынша аттестаттау жоғарыда белгiленген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзіледі.

      6. Аттестаттау мынадай кезекті кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттауды өткізуге дайындау;

      2) аттестаттауды өткізу;

      3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

2-тарау. Аттестаттауды өткiзуге дайындау

      7. Аттестаттауды өткiзуге дайындықты басшының тапсырмасы бойынша аттестаттайтын ұйымның кадр қызметi ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды қамтиды:

      1) аттестаттауды өткiзу кестесiн әзiрлеу;

      2) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;

      3) аттестаттау өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру.

      8. Кадр қызметi осы Қағидалардың 4, 5–тармағына сәйкес аттестаттауға жататын қызметшiлердi алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.

      9. Ұйымның басшысы кадр қызметiнiң ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi және аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiледi.

      10. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзудiң басталуына кемiнде бiр ай қалғанда қызметшiлердi жазбаша хабардар етедi.

      11. Аттестатталуға тиiс қызметшiнiң тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi рәсiмдеп, оны кадр қызметiне жолдайды.

      12. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуға тиiс.

      13. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн кемiнде үш апта бұрын қызметшiнi оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстыруға тиіс.

      14. Қызметшi өзiне берiлген қызметтiк мiнездемемен келiспейтiн жағдайда кадр қызметiне жазбаша түрінде ол туралы өтінішті және қосымша өзiн сипаттайтын ақпаратты ұсынады.

      15. Кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге жататын азаматтық қызметшінің аттестаттау парағын ресімдейді.

      16. Кадр қызметi жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

      17. Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң iшiнен төраға тағайындайды.

      18. Аттестаттау комиссиясының төрағасы отырыстарда төрағалық етеді, қабылданатын шешiмдерiне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.

      19. Аттестаттау комиссиясының құрамына бөлiмшелердiң, оның iшiнде кадр және заң қызметтерiнiң басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкiлi енгiзiледi.

      20. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерiн алмастыруға жол берiлмейдi.

      21. Аттестаттау комиссиясының хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады, оны кадр қызметінің басшысы айқындайды. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиiстi материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейiн хаттама ресiмдейдi. Хатшы аттестаттау комиссиясына техникалық қызмет көрсетедi және дауыс беруге қатыса алмайды.

      22. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi аттестаттаудан жалпы негiзде өтедi.

      23. Құрамының кемінде үштен екісі қатысқан аттестаттау комиссиясының отырысы заңды деп есептеледi.

      24. Дауыс берудің нәтижелері аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағын толтыру қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      25. Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң ерекше пiкiрі жазбаша түрде жазылып, хаттамаға қоса беріледі.

3-тарау. Аттестаттауды өткізу және шешім шығару тәртібі

      26. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.

      Аттестаттаудан өтуші аттестаттау комиссиясы отырысына орынды себеп бойынша келмеген жағдайда хаттамаға тиісті жазба енгізіледі және бекітілген кестеге сәйкес аттестаттау өткізудің жаңа мерзімі белгіленеді.

      27. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді және аттестатталатын қызметшiні тыңдайды.

      Аттестатталатын қызметшiге берілетін сұрақтар оның кәсіби біліктілігінің, құзыреттілігінің, дағдылық және шеберлік деңгейін анықтауға бағытталады.

      Аттестатталатын қызметшiнің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау объективті, сыпайы және жанашырлық жағдайда өткізіледі.

      28. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) қайтадан аттестатталуға жатады;

      29. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына кіретін аттестаттаудан өтушi қызметшi өзiне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

      30. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейiн осы Қағидаларда айқындалған тәртiппен өткізіледi. Қайта аттестаттауды өткізгеннен кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

      31. Аттестаттау комиссиясы қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейді деген шешім қабылдаған жағдайда, оған Кодекстің 52-бабы қолданылады.

      32. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді.

      33. Азаматтық қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады.

      34. Азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және қызметтік мінездемесі оның жеке іс қағазында сақталады.

      35. Азаматтық қызметшілер аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда оған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен шағымданады.

  Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
саласында қызметін жүзеге
асыратын азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізудің қағидалары
мен шарттарына
1-қосымша

      Нысан

Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті – ___; қайталап – ___ (керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу)

      1. Тегi, аты, әкесінің аты (болған кезде):__________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Туған күнi "___" _________ ________жыл

      3. Бiлiмi, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы мәлiметтер (қашан және қандай

      оқу орнын тәмамдаған, бiлiмi бойынша мамандығы және біліктілігі, бiлiктiлiгiн

      арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi туралы

      құжаттар):__________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi:_________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтiлi: ______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________

      6. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Аттестатталушының ой-пiкiрi: ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес азаматтық қызметшiнiң

      қызметiн тiкелей басшысының бағалауы: ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _______________ мүшелері қатысты.

      10. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын қоса берілген бағалау

      парағына сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша орман шаруашылықтары және

      жануарлар дүниесі саласында қызметін жүзеге асыратын азаматтық қызметшінің

      қызметінің бағасы:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ___________________________;

      2) қайтадан аттестатталуға жатады (дауыс саны) ______________________________;*

      3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ________________________.**

      Қорытынды баға ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары (дәлелдемелерімен қоса):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      12. Ескертпелер: __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ________________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ________________________________________

      (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: _______________________________________

      (қолы)

      ____________________________________________

      (қолы)

      ____________________________________________

      (қолы)

      ____________________________________________

                                                      (қолы)

      Аттестаттаудың өткiзiлген күнi 20___жылғы "___" __________

      Ұйым басшысының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Аттестаттау парағымен таныстым: ______________________________________

      (азаматтық қызметшінің қолы және күні)

      Ұйым мөртаңбасының орны

      Ескертпе:

      * бағасы қайтадан аттестаттаудан өткен кезде қойылмайды;

      ** бағасы қайтадан аттестаттаудан өткен кезде ғана қойылады

  Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
саласында қызметін жүзеге
асыратын азаматтық
қызметшілерді аттестаттаудан
өткізудің қағидалары
мен шарттарына
2-қосымша

      Нысан

Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)

      Аттестаттау түрі: кезекті – _________; қайтадан өту – ______________________

      (керектісін Х белгісімен белгілеу керек)

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде):____________________________________

      ____________________________________________________________________

      Лауазымы: __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аттестатталуышының бағасы:___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес)

      Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі:

      атқаратын лауазымына сәйкес, қайталап аттестациялауға жатады*,

      атқаратын лауазымына сәйкес келмейді**):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:

      ______________________________________________________________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшесі: ______________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: __________________________________

      (тегі, аты-жөні, қолы)

      Күні 20__ жылғы "___" ____________

      Ескертпе:

      * қайтадан аттестаттаудан өткен кезде шығарылмайды;

      ** қайтадан аттестаттаудан өткен кезде ғана шығарылады.

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области лесного хозяйства и животного мира

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 25 июля 2024 года № 173. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2024 года № 34816

      В соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области лесного хозяйств и животного мира.

      2. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр экологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан
от 25 июля 2024 года № 173

Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области лесного хозяйств и животного мира

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области лесного хозяйства и животного мира (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок и условия проведения аттестации гражданских служащих, осуществляющих деятельность в области лесного хозяйства и животного мира (далее – служащие).

      2. Аттестация служащих – периодически осуществляемая процедура по определению уровня профессиональной и квалификационной подготовки, деловых качеств служащих.

      3. Основным критерием оценки при аттестации является способность служащих выполнять возложенные на них должностные обязанности.

      4. Аттестации подлежат все служащие, за исключением беременных женщин.

      5. Служащие проходят аттестацию по истечении каждых последующих трех лет пребывания на гражданской службе, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.

      Служащие, находящиеся в отпуске по уходу за ребенком, аттестуются не ранее, чем через шесть месяцев после выхода на службу.

      Служащим, находившимся в учебном отпуске, в отпуске в связи с усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей) предоставляется отсрочка на прохождение аттестации до шести месяцев.

      Аттестация служащих, по их заявлению, проводится до истечения вышеуказанных сроков.

      6. Аттестация включает в себя следующие последовательные этапы:

      1) подготовка к проведению аттестации;

      2) проведение аттестации;

      3) вынесение решения аттестационной комиссии.

Глава 2. Подготовка к проведению аттестации

      7. Подготовка к проведению аттестации служащих организуется кадровой службой аттестующей организации по поручению ее руководителя и включает следующие мероприятия:

      1) разработку графика проведения аттестации;

      2) определение состава аттестационной комиссии;

      3) организацию разъяснительной работы о целях и порядке проведения аттестации.

      8. Кадровая служба один раз в течение шести месяцев определяет служащих, подлежащих аттестации в соответствии с пунктом 4, 5 настоящих Правил.

      9. Руководитель организации по представлению кадровой службы принимает приказ, которым утверждается список аттестуемых лиц, график проведения аттестации и состав аттестационной комиссии.

      10. Кадровая служба письменно уведомляет служащих о сроках проведения аттестации не позднее месяца до начала ее проведения.

      11. Непосредственный руководитель служащего, подлежащего аттестации, оформляет служебную характеристику и направляет в кадровую службу.

      12. Служебная характеристика содержит обоснованную, объективную оценку профессиональных, личностных качеств и результатов служебной деятельности аттестуемого служащего.

      13. Кадровая служба ознакамливает служащего с представленной на него служебной характеристикой в срок не позднее, чем за три недели до заседания аттестационной комиссии.

      14. В случае несогласия служащего с представленной на него служебной характеристикой, он заявляет об этом в письменном виде в кадровую службу с приложением информации, характеризующей его.

      15. Кадровой службой оформляется аттестационный лист на гражданского служащего, подлежащего аттестации по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      16. Кадровая служба направляет собранные аттестационные материалы в аттестационную комиссию.

      17. Аттестационная комиссия состоит из членов и секретаря комиссии. Из числа членов аттестационной комиссии руководителем организации назначается председатель.

      18. Председатель аттестационной комиссии председательствует на заседаниях, осуществляет общее руководство и контроль за принятыми решениями.

      19. В состав аттестационной комиссии включаются руководители подразделений, в том числе кадровой и юридической служб организации, представитель работников организации.

      20. Замещение отсутствующих членов аттестационной комиссии не допускается.

      21. Секретарем аттестационной комиссии является представитель кадровой службы, который определяется руководителем кадровой службы. Секретарь аттестационной комиссии подготавливает соответствующие материалы к заседанию комиссии и оформляет протокол после его проведения. Секретарь осуществляет техническое обслуживание аттестационной комиссии и не участвует в голосовании.

      22. Члены аттестационной комиссии проходят аттестацию на общих основаниях.

      23. Заседание аттестационной комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      24. Результаты голосования определяются большинством голосов членов аттестационной комиссии по результатам заполнения каждым членом аттестационной комиссии оценочного листа на гражданского служащего, подлежащего аттестации, по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам. При равенстве голосов голос председателя аттестационной комиссии является решающим.

      25. Особое мнение члена аттестационной комиссии излагается в письменном виде и прилагается к протоколу.

Глава 3. Порядок проведения аттестации и вынесения решения

      26. Аттестационная комиссия проводит аттестацию в присутствии аттестуемого служащего.

      В случае неявки аттестуемого служащего на заседание аттестационной комиссии по уважительной причине в протоколе делается соответствующая запись и устанавливается новый срок прохождения аттестации, согласно утвержденного графика.

      27. В ходе заседания аттестационная комиссия изучает представленные материалы, заслушивает аттестуемого служащего.

      Вопросы, задаваемые аттестуемому служащему, направлены на выявление уровня его профессиональной квалификации, компетентности, навыков и умений.

      Обсуждение профессиональных, деловых и личностных качеств аттестуемого служащего проходит в обстановке объективности, корректности и доброжелательности.

      28. По результатам изучения представленных материалов и собеседования со служащим аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) подлежит повторной аттестации.

      29. Решение аттестационной комиссии принимается открытым голосованием. Проходящий аттестацию служащий, входящий в состав аттестационной комиссии, в голосовании относительно себя не участвует.

      30. Повторная аттестация проводится через три месяца со дня проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном настоящими Правилами. После проведения повторной аттестации аттестационная комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) не соответствует занимаемой должности.

      31. В случае принятия аттестационной комиссией решения о несоответствии служащего занимаемой должности к нему применяется статья 52 Кодекса.

      32. Решение аттестационной комиссии оформляется протоколом, который подписывается членами аттестационной комиссии и секретарем, присутствовавшими на ее заседании.

      33. Гражданский служащий ознакамливается с решением аттестационной комиссии.

      34. Аттестационный лист и служебная характеристика на гражданского служащего хранятся в его личном деле.

      35. Гражданские служащие в случае несогласия с решением аттестационной комисии обжалуют его в порядке, установленном Трудовым кодексом Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам и условиям
проведения аттестации
гражданских служащих,
осуществляющих деятельность
в области лесного хозяйства
и животного мира
  Форма

Аттестационный лист на гражданского служащего, подлежащего аттестации

      Вид аттестации: очередная– ___; повторная – ___ (нужное отметить знаком Х)
      1. Фамилия, имя, отчество (при наличии): _________________________________
      _____________________________________________________________________
      2. Дата рождения "___" _________ ________ года.
      3. Сведения об образовании, о повышении квалификации, переподготовке (когда и какое учебное заведение окончил, специальность и квалификация по образованию, документы о повышении квалификации, переподготовке, ученая степень, ученое звание, дата их присвоения): _______________________________________________________________
      ________________________________________________________________________

      4. Занимаемая должность и дата назначения: _________________________________
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      5. Общий трудовой стаж: __________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      6. Замечания и предложения, высказанные членами аттестационной комиссии:
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      7. Мнение аттестуемого: ____________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________

      8. Оценка деятельности гражданского служащего непосредственным руководителем согласно служебной характеристике аттестуемого:
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      9. На заседании присутствовало ___ членов аттестационной комиссии.
      10. Оценка деятельности гражданского служащего подлежащего аттестации по результатам голосования, согласно прилагаемому оценочному листу на гражданского служащего, осуществляющего деятельность в области лесного хозяйства и животного мира, заполняемому каждым членом аттестационной комиссии:
      1) соответствует занимаемой должности (количество голосов)____________________;
      2) подлежит повторной аттестации (количество голосов) _______________________;*
      3) не соответствует занимаемой должности (количество голосов) _______________.**
      Итоговая оценка ___________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________

      11. Рекомендации аттестационной комиссии (с указанием мотивов, по которым они даются):
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      12. Примечания: ___________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________

      Председатель аттестационной комиссии:_______________________________________
                                                            (подпись)
      Секретарь аттестационной комиссии:__________________________________________
                                                            (подпись)
      Члены аттестационной комиссии: ____________________________________________
                                                            (подпись)
                                    ____________________________________________
                                                            (подпись)
                                    ____________________________________________
                                                            (подпись)
                                    ____________________________________________
                                                            (подпись)

      Дата проведения аттестации "____" ______________ 20 ___ года.
      Решение руководителя организации по итогам аттестации:
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      С аттестационным листом ознакомился:_______________________________________
                                          (подпись гражданского служащего и дата)
      Место для печати организации
      Примечание:
      * оценка при проведении повторной аттестации не выставляется;
      ** оценка выставляется только при проведении повторной аттестации

  Приложение 2
к Правилам и условиям
проведения аттестации
гражданских служащих,
осуществляющих деятельность
в области лесного хозяйства
и животного мира
  Форма

Оценочный лист

на гражданского служащего, подлежащего аттестации

      (заполняется членом аттестационной комиссии)

      Вид аттестации: очередная – _________; повторная– ___________________________
                                                      (нужное отметить знаком Х)
      Фамилия, имя, отчество (при наличии):_______________________________________
      _________________________________________________________________________
      Должность:_______________________________________________________________
      _________________________________________________________________________
      Оценка аттестуемого: ______________________________________________________
      _________________________________________________________________________
                  (отлично, хорошо, удовлетворительно, неудовлетворительно)
      Решение члена аттестационной комиссии (одно из перечисленных: соответствует занимаемой должности; подлежит повторной аттестации*; не соответствует занимаемой должности**):
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Обоснование членом аттестационной комиссии своего решения:
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Член аттестационной комиссии: _________________________________________
                                          (фамилия, инициалы) (подпись)
      Секретарь аттестационной комиссии:_____________________________________
                                          (фамилия, инициалы) (подпись)
      Дата "____" ________________ 20 __ года
      Примечание:
      * при проведении повторной аттестации не выносится;
      ** выносится только при проведении повторной аттестации