ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген):
кіріспеге мынадай редакция жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады, оны алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, қалалық рельстік көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайда, тіркеу алымының төленгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызмет беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 130 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20140 болып тіркелген):
кіріспеге мынадай редакция жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";
3 және 4 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – лицензия) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
4. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) лицензия алу және (немесе) қайта ресімдеу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
1) мынадай өтініштердің біреуін жолдайды:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші (бұдан әрі – лицензия алу үшін ЖТ өтініші);
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші (бұдан әрі – лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны бойынша мәліметтерді толтырады (бұдан әрі – біліктілік талаптар).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші және (немесе) лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтінішінде көрсетілетін жағдайларда жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 253 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
_________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші атауы)
_________________________________________________________________________
(ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат "Жеке
тұлға" мемлекеттік деректер қоры немесе "Заңды тұлға" мемлекеттік деректер қоры
арқылы автоматты түрде тартылады)
Өтініш
____________________ (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында
тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.
Мекенжайы:
__________________қаласы, ______________________көшесі
жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі:
_______________________________________________________________
байланыс телефондары (факс)_____________________________________
Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
"Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Алматы, Павлодар, Өскемен және Теміртау қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару кезінде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізілімінен шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. |
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Заңды тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
__________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше атауы, үйлер / ғимараттар нөмірі (стационарлық үй-жайлар)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы)_______________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені), өше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Осымен: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
________________________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Жеке тұлғаның лицензияны алу үшін өтініші
_________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауын көрсету)
мыналарды жүзеге асыруға лицензия беруді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _______________________________________________________
Телефондары _____________________________________________________________
Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы ________________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
Жеке тұлға__________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" ___________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Лицензияны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші ______________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған
жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын (қажеттісінің астын сызу)
20___ жылғы "___" ___________ № ____________,
__________________________________________________________________ берілген,
(лицензияның нөмірі, берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)
Жүзеге асыруға__________________________________________
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық атауы)
(тиісті торкөзде көрсетіңіз Х):
1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті торкөзде х көрсетіңіз) жолымен қайта ұйымдастыру): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ бөліп шығару ____ бөліну ____
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі және (немесе) орналасқан жерінің өзгеруі (лицензияда мекенжайын көрсеткен кезде)
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда
5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі
Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
– шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта ________________________________________________________
Телефондары ______________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы
________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады;
_____________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Лицензияны қайта ресімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші
_________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
__________________________________________________________________________
жүзеге асыруға
20___ жылғы " ___ " ______________ № ___________, ____________________ берілген,
(лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) мынадай негіз(дер)
бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгеруі _____
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
5) қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _____________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы_____________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жайлар нөмірі) ______.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісетіндігі расталады.
Жеке тұлға ____________ _______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Бұйрыққа 7-қосымша |
|
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша |
"Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіндегі 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің (жеке немесе заңды тұлғалардың) осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz алу мүмкіндігі бар интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" деген кіші бөлімде Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті деген бөлімінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. |