Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 наурызда № 10409 тіркелді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 5 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығымен
бекітілді

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.02.2018 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздерде өндірістік активтер, олар мыналарды қамтиды:
вагон жөндеу депосы;
кірме жолдары;
бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны)

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздердегі өндірістік активтердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


2.

меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздерде қауіпсіздік талаптарына сай келетін тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрамның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


3.

білікті қызметкерлер штаты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес білікті қызметкерлер штатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


4.

теміржол көлігімен тасымалдау кезде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзет

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


5.

тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


6.

қауіпсіздікті басқару жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитінің жүргізілуін растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны


  Теміржол көлігімен жүктерді
тасымалдау қызметіне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне
қосымша

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша кіші қызмет

      түрі үшін мыналардың болуы:

      1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде

      өндірістік активтердің, оның ішінде:

      вагон жөндеу депосы;

      кірме жолдары, олар мыналарды қамтиды:

      өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының нөмірі және қол қойған күні ________________________________________;

      вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға

      қызмет көрсету және жөндеу деполарымен және шеберханаларымен

      шарттардың нөмірі және қол қойған күні _____________________________;

      меншік түрі __________________________________________________;

      жалға алу мерзімі ____________________________________________;

      орналасқан станциясы _________________________________________;

      құқық белгілеуші құжаттың түрі _______________________________;

      басқа ________________________________________________________;

      жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі _______________________;

      бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің

      автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының

      автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат ________________;

      2) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде

      қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда,

      жарамды жылжымалы құрам, ол мыналарды қамтиды:

      жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе)

      лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні

      ____________________________;

      жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

      және күні

      _______________________________________________________________;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

      міндетін атқарушының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен

      (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581

      нөмірмен тіркелген) бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері

      лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын

      біліктілік талаптарына сәйкес білікті қызметкерлердің штаты, ол

      мыналарды қамтиды:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________;

      лауазымы _____________________________________________________;

      тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні ______;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі ________________________________;

      білімі бойынша мамандығы _____________________________________;

      арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні ______;

      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________;

      білім алуы туралы құжаттарының нострификациялау ақпараты _____;

      4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің

      2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен (нормативтік құқықтық

      актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 нөмірмен тіркелген)

      бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген

      күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес күзет

      қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге

      арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:

      өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған

      күні

      ____________________________________________________________________;

      шарт жасалған мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне

      арналған лицензиясының нөмірі және берілген күні ___________________;

      5) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам

      паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға

      арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:

      бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні

      ____________;

      6) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:

      аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні _______________________;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады