"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 шiлдедегi № 448/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 шiлдеде № 34833 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖ АЖ) арқылы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін (бұдан әрі – әкімші) шығыстар есебін ұсынудың басталу және аяқталу мерзімдері туралы хабардар етуді, құжаттарды қабылдау, сараптама жүргізу туралы хабардар етуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына қорытынды жіберуді қамтамасыз етеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына МЖ АЖ арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесіне сәйкес енгізеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ағымдағы қаржылық жылдың бюджетіне түзетуді немесе нақтылауды жүргізген кезде әкімші шығыстардың есебін бюджеттің түзетілуін немесе нақтылауын жүргізу туралы бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде электрондық құжат түрінде МЖ АЖ пайдалана отырып, немесе осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген қағаз тасығышта құпия сипаттағы мәліметті құрайтын уәкілетті органға енгізеді.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін, осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) активтер және олардың ағымдағы баланстық құны бойынша көшірмесі, оның ішінде мемлекеттік орган активтерінің тозу тізілімі;

      2) теңгерімге алынбаған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдардың объектілерін (тауардың құны, тауардың атауы, техникалық ерекшеліктерінің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар бар болған жағдайда);

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдар объектілерінің техникалық жағдайы, пайдаланудан алынуы және іске жарату туралы мәліметтер беріледі.

      14. "Электрондық үкіметтің" ахитектуралық порталында (бұдан әрі – архитектуралық портал) ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтер болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 12-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);

      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;

      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.

      15. Шығыстардың есебі МЖ АЖ арқылы уәкілетті органға өтінімді жолдаған кезеңнен бастап, осы Нұсқаулықтың 8 тармағында көзделген құпия сипаттағы мәліметті құрайтын шығыстардың есебі қағаз тасығышта ұсынылған күннен бастап деп есептеледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әкімші уәкілетті органнан қорытынды алған күннен бастап сегіз күнтізбелік күн ішінде МЖ АЖ шығыстар есеп-қисабын пысықтайды және электрондық құжат түрінде қайта қарау үшін уәкілетті органға ұсынады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. МЖ АЖ шығыстар есебі бойынша деректерді әкімші республикалық бюджет туралы заң немесе жергілікті бюджет туралы маслихат шешімдері бекітілгеннен кейін, соның ішінде бюджетті түзету немесе нақтылау жүргізілгеннен соң жоспарлы кезеңге жаңартады.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

"О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 "Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июля 2024 года № 448/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2024 года № 34833

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 274 "Об утверждении Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13631) следующие изменения:

      в Инструкции по составлению, представлению и рассмотрению расчета расходов на государственные закупки товаров, работ, услуг в сфере информатизации, утвержденной указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Уполномоченный орган в сфере информатизации (далее – уполномоченный орган) посредством информационной системы государственного планирования (далее – ИС ГП) обеспечивает уведомление администраторов бюджетных программ, за исключением специальных государственных органов Республики Казахстан (далее – администратор) о сроках начала и окончания представления расчета расходов, извещение о принятии документов, проведении экспертизы, направление заключения на представленные администраторами бюджетных программ расчеты расходов на государственные закупки товаров, работ и услуг в сфере информатизации.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Администратор ежегодно до 1 марта текущего финансового года посредством ИС ГП в форме электронного документа вносит на рассмотрение уполномоченному органу расчет расходов на очередной плановый период в соответствии с перечнем товаров, работ, услуг в сфере информатизации, согласно приложению 1-1 к настоящей Инструкции.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. При проведении корректировки или уточнения бюджета текущего финансового года расчет расходов вносится администратором на рассмотрение уполномоченному органу с использованием ИС ГП в виде электронного документа, либо на бумажном носителе, содержащий сведения секретного характера, предусмотренных в пункте 8 настоящей Инструкции, в течение пятнадцати календарных дней с момента уведомления уполномоченным органом по бюджетному планированию о проведении корректировки или уточнения бюджета.";

      пункты 13, 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "13. Для обоснования расходов по закупке товаров в сфере информатизации, дополнительно к документам, указанным в пункте 12 настоящей Инструкции, предоставляются:

      1) выписка по активам в сфере информатизации и их текущей балансовой стоимости, в том числе ведомость износа активов государственного органа;

      2) сведения из договоров о государственных закупках объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры (количество товара, стоимость товара, наименование товара, электронные копии технических спецификаций), которые не поставлены на баланс (при их наличии);

      3) сведения о техническом состоянии объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры, снятых с эксплуатации и их утилизации за отчетный и (или) текущий финансовый год.

      14. Для обоснования расходов по закупке работ и услуг, при отсутствии сведений об объектах информатизации на архитектурном портале "электронного правительства" (далее – архитектурный портал), дополнительно к документам, указанным в пункте 12 настоящей Инструкции, предоставляются:

      1) сведения из договоров о государственных закупках аналогичных работ и услуг за трехлетний период по выполненным работам и оказанным услугам (объем работ и услуг, стоимость работ и услуг, наименование работ и услуг, электронные копии технических спецификаций) (при их наличии);

      2) копии технических спецификаций на планируемые к закупке работ и услуг в сфере информатизации на очередной финансовый год;

      3) сведения из актов выполненных работ (оказанных услуг) аналогичных работ и услуг за трехлетний период с указанием фактических объемов выполненных работ (при их наличии).

      15. Расчет расходов считается представленным с момента отправления заявки в уполномоченный орган посредством ИС ГП, для расчета расходов, содержащего сведения секретного характера - с даты представления на бумажном носителе, предусмотренных в пункте 8 настоящей Инструкции.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Администратор со дня получения заключения от уполномоченного органа в течение восьми календарных дней дорабатывает расчет расходов в ИС ГП и представляет уполномоченному органу для повторного рассмотрения в виде электронного документа.";

      пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Администратор обновляет данные по расчетам расходов в ИС ГП после утверждения закона о республиканском бюджете на плановый период или решений маслихата о местном бюджете, в том числе в случаях проведения корректировки или уточнения бюджета.".

      2. Департаменту цифровой трансформации Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан