"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 456/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 тамызда № 34874 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.".

      5-тармақ алып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) құжаттарды Тізбенің 8-тармағына сәйкес жолдайды.

      7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды немесе құқықтардың өзгеруін (құқық ауыртпалығының) мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтауды жүзеге асырады.

      3) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мынадай іс-әрекет жасайды:

      Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті рәсімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды.

      Құқықтардың өзгеруін (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезінде ғарыш объектілер тіркеліміне жазба енгізеді және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығы тіркелгенін растайтын ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді рәсімдейді не құқықтар ауыртпалығын мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылады.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін құжаттарды Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынады.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға болады.".

      Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымша сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 456/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша

"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, не осы Тізбеде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін – 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай құрайды.
Тіркеу алымы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленеді.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекенжайлар:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы.
2) ғарыш объектісіне құқықтардың өзгергенін (құқықтардың ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;
ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
3) ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы, тіркеу алымының төленгені туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 "Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 июля 2024 года № 456/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 августа 2024 года № 34874

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 484 "Об утверждении Правил государственной регистрации космических объектов и прав на них и формы регистра космических объектов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11382) следующие изменения:

      преамбулу указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О космической деятельности", подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах", подпунктом 41) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501, ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах государственной регистрации космических объектов и прав на них, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила государственной регистрации космических объектов и прав на них (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 11) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О космической деятельности", подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон), подпунктом 41) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного Постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 и определяют порядок государственной регистрации космических объектов и прав на них.";

      пункт 5 исключить;

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Основные требования к оказанию государственной услуги изложены в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Государственная регистрация космических объектов и прав на них" (далее – Перечень) согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Для получения государственной услуги физические и юридические лица Республики Казахстан (далее – услугополучатели) направляют услугодателю посредством веб-портала "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) документы согласно пункту 8 Перечня.

      7. Государственная регистрация космических объектов и прав на них или изменения прав (обременения прав), указанных в подпункте 1) пункта 2 настоящих Правил, осуществляется в следующем порядке:

      1) Канцелярия услугодателя в день поступления документов осуществляет их прием и регистрацию.

      Работник ответственного структурного подразделения услугодателя (далее – работник услугодателя) в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, проверяет полноту представленных документов и (или) сведений. В случае представления услугополучателем неполного пакета документов и (или) сведений согласно Перечню и (или) с истекшим сроком действия, работник услугодателя в указанный срок отказывает в приеме заявления в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

      2) в случае полноты документов работник услугодателя в течении трех рабочих дней осуществляет проверку документов, представленных на государственную регистрацию, установление отсутствия противоречий между заявляемыми правами и уже зарегистрированными правами на данный космический объект, а также оснований для отказа в государственной регистрации.

      3) по итогам проверки сведений, указанных в подпункте 2) пункта 7 настоящих Правил, работник услугодателя совершает следующие действия:

      При государственной регистрации космических объектов и прав на них оформляет свидетельство о государственной регистрации космического объекта согласно приложению 3 к настоящим Правилам, либо готовит мотивированный отказ в оказании государственной услуги и направляет результат оказания государственной услуги в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      При государственной регистрации изменения прав (обременения прав) вносит запись в регистр космических объектов и оформляет выписку из регистра космических объектов согласно приложению 5 к настоящим Правилам, подтверждающую регистрацию обременения на космический объект, либо готовит мотивированный отказ в государственной регистрации обременений прав и направляет результат оказания государственной услуги в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа, подписанного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.";

      пункт 8 исключить;

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Государственная регистрация обременений прав, налагаемых государственными органами и иными уполномоченными лицами, производится немедленно с момента поступления соответствующего документа услугодателю.

      В тех случаях, когда права (обременения прав) возникают на основании сделки, удостоверенной в нотариальном порядке, регистрация осуществляется по заявлению любой стороны (участника) сделки с приложением копии документа, содержащего обременение права на космический объект (нотариально засвидетельствованная, в случае непредставления оригинала для сверки).

      При проведении операции, предусмотренной подпунктом 11) пункта 2 статьи 5-1, статьей 61-4 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", для государственной регистрации изменения прав (обременения прав) на космический объект услугодателю представляются документы согласно пункту 8 Перечня.";

      пункт 10 исключить;

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по основаниям, указанным в пункте 9 Перечня.";

      часть первую пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Для внесения записи в регистр космических объектов, подтверждающих факт уничтожения или утилизации космического объекта, услугополучатели подают услугодателю документы согласно пункту 8 Перечня.";

      пункт 19 дополнить частью седьмой следующего содержания:

      "Отказ в государственной регистрации космического объекта и прав на него может быть обжалован в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.".

      приложение 1 к Правилам государственной регистрации космических объектов и прав на них изложить в редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Аэрокосмическому комитету Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      СОГЛАСОВАН
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 31 июля 2024 года № 456/НҚ
  Приложение 1 к Правилам
государственной регистрации
космических объектов
и прав на них

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Государственная регистрация космических объектов и прав на них"

Наименование государственной услуги: Государственная регистрация космических объектов и прав на них

1

Наименование услугодателя

Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется посредством веб-портала "электронного правительства" (далее – портал): www.egov.kz.

3

Сроки оказания государственной услуги

Срок оказания – 5 (пять) рабочих дней.

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (частично автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Свидетельство о государственной регистрации космического объекта, выписка из регистра космических объектов, подтверждающая регистрацию обременения на космический объект, выписка из регистра космических объектов, подтверждающая факт уничтожения или утилизации космического объекта, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным настоящим Перечнем.

6

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

За оказание государственной услуги взимается регистрационный сбор, который в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" составляет за государственную регистрацию космических объектов и прав на них – 14 месячных расчетных показателей (далее – МРП), исходя из размера МРП, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на дату оплаты сбора. Регистрационный сбор оплачивается через банки второго уровня или организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, а также через платежный шлюз "электронного правительства".

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9:00 до 18:30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13:00 часов до 14:30 часов.
2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).
Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя: www.gov.egov.kz в разделе "Государственные услуги";
2) портале.

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) для государственной регистрации космических объектов и прав на них:
заявление о государственной регистрации космического объекта в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя согласно приложению 2 к настоящим Правилам;
электронная версия правоустанавливающего документа на космический объект.
2) для государственной регистрации изменения прав (обременения прав) на космический объект:
заявление о государственной регистрации изменения прав (обременения прав) на космический объект в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя согласно приложению 4 к настоящим Правилам;
нотариально засвидетельствованные копии договора об одновременной передаче активов и обязательств, договора, предусматривающего приобретение организацией, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, активов и прав требований (с приложением передаточного акта или выписки из него), договора, содержащего условие об уступке права (требования);
документ, подтверждающий уплату в бюджет суммы сбора за государственную регистрацию космического объекта и прав на него.
3) для внесения записи в регистр космических объектов, подтверждающих факт уничтожения или утилизации космического объекта:
заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя согласно приложению 6 к настоящим Правилам;
копии документов, подтверждающих факт уничтожения или утилизации космического объекта.
Сведения о документах, удостоверяющих личность услугополучателя, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, о регистрации услугополучателя в качестве индивидуального предпринимателя, об оплате регистрационного сбора, о лицензии на право осуществления деятельности в сфере использования космического пространства услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законами Республики Казахстан

1) представление услугополучателем неполного пакета документов, необходимых для государственной регистрации;
2) представление услугополучателем документов, не соответствующих требованиям законодательства Республики Казахстан;
3) наличие обременения прав на космический объект, ограничивающих или исключающих распоряжение космическим объектом;
4) решение суда, вступившее в законную силу, ограничивающее или исключающее право распоряжения космическим объектом.
Требование подпункта 3) настоящего пункта не применяется при государственной регистрации космического объекта и прав на него в случае проведения операции, предусмотренной подпунктом 11) пункта 2 статьи 5-1, статьей 61-4 Закона Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан".

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

1. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе www.gov.egov.kz, раздел "Государственные услуги".
2. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме посредством портала при условии наличия ЭЦП.
3. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
4. При оказании государственной услуги посредством портала доступна версия для слабовидящих.
5. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе www.gov.egov.kz, раздел "Государственные услуги". Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 7777.