"Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары;
2) ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Е. Досаев
2015 жылғы 15 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына 1-қосымша |
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.04.2020 № 143/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
3. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.
4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
5. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің тәртібі
6. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) құжаттарды Тізбенің 8-тармағына сәйкес жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды немесе құқықтардың өзгеруін (құқық ауыртпалығының) мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті беруші жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған және (немесе) олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері белгіленген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеруді, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтауды жүзеге асырады.
3) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мынадай іс-әрекет жасайды:
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті рәсімдейді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдайды.
Құқықтардың өзгеруін (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу кезінде ғарыш объектілер тіркеліміне жазба енгізеді және осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығы тіркелгенін растайтын ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді рәсімдейді не құқықтар ауыртпалығын мемлекеттік тіркеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін Тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Ескерту. Қағида 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.03.2022 № 71/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.13. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді жауап жібереді.
14. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер жойылған кезде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi қайтадан беруге болады.
15. Ғарыш объектісін ғарыш объектілерінің тіркеліміне енгізген кезде оған ғарыш объектілерінің тіркелімінде ғарыш объектісі туралы мәліметтер жазбасының реттік нөмірі болып табылатын мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.
16. Ғарыш объектісі жойылған немесе кәдеге жаратылған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мүддесінде ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның өтініші негізінде ғарыш объектілерінің тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.
17. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін құжаттарды Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынады.
Ғарыш объектілер тіркеліміне жазбаны енгізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғарыш объектілер тіркелімінен үзіндіні көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.07.2024 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар және хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, оның көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, жоғары тұрған органның, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау уәкілетті органның атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға болады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.03.2022 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.03.2022 № 456/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау және нәтижелерін ұсыну www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері | Көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, ғарыш объектісіне құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді, не осы Тізбеде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін – 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшеріне қарай құрайды. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
_________________________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)
________________________________________________________________ ғарыш объектісін
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және ________________________________________
________________________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
_________________________ "___"_________________________________________________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км _____ еңіс
бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________
Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ ж. "___" ___________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы №_____ куәлік
1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты | 2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі | 3. Ұшырылған күні және орны | 4. Орбитаның негізгі параметрлері |
5. Тіркелген құқық түрі: *____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)
6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ______________________
________________________________________________________________________________
7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің
тіркелімінде тіркелгендігі расталады
_________________________________ _______ _______________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ж. "___" _________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) өзгеруін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
_________________________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)
________________________________________________________________ ғарыш объектісін
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және
________________________________________________________________________ негізінде
(құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
__________________________________________ "___"_______________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км __________
еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. ______________
Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________________________
_________________________ ______ ___________________________
(көрсетілетін қызметті алушы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20___ ж. "___" ___________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді
№ ____________________ "___" ______ _______
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН (бар болса);
________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)
1. Төмендегі ғарыш объектiсіне:
Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты | Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі | Ұшырылған күні және орны | Орбитаның негізгі параметрлері |
мынадай құқық тiркелгенін:
Құқық түрi | Мазмұны | Құқық иесi | Ортақ меншiк нысаны, үлесi | Құқықтың туындау негiздемесi | Тiркелген күнi, уақыты |
мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:
Ауыртпалықтың түрi | Мазмұны | Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға) | Ортақ меншiк нысаны, үлесi | Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi | Тiркелген күнi, уақыты |
растау үшін берілді.
2. Жоғарыда көрсетілген ғарыш объектісі көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жойылғанын (кәдеге жаратылғанын) растау үшін берілді.
Басшы: ____________ _______________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Өтініш
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне ____________________________________________
________________________________________________________________________________
(мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның мекенжайы)
_________________________________________________________________________ тиесілі
________________________________________________________________________________
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
20__ ж. "__"______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны
(кәдеге жаратылғаны) туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: _____________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)
________________________________________ _____ __________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы және оның мекенжайы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)
20___ ж. "___" __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
Ғарыш объектілерінің тіркелімі
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.03.2022 № 71/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.
Р/с № | Тіркелу нөмірі | Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға1 | Ұшырылған күні (әлемдік уақыт бойынша/Гринвич бойынша) | Ұшырылған жері | Орбитаның негізгі параметрлері | Ғарыш объектісінің жалпы мақсаты | Қосымша мәліметтер2 | ||||
Апогей, км | Перигей, км | Еңістену бұрышы, град. | Айналу кезеңі, сек. | Ұзақтық, градуспен | |||||||
Ескертпе:
1 "Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға" бағанында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз болған құқық белгілейтін құжаттар жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
2 "Қосымша мәліметтер" бағанында Жер айналасындағы орбитаға шығарылғанымен, сол орбитада болмайтын ғарыш объектілері жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда ғарыш объектілерін ұшыру ерекшеліктері көрсетіледі.