БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Негізгі ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-7-бабына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) жанындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің нысанын, негізгі міндеттерін, қабылдайтын шешімдерінің мәртебесін және қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін, өкілеттіктерін, оның басшысын және оны сайлау тәртібін өкілеттіктерін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері, қызмет нысаны және өкілеттіктері";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Кеңесті құру тәртібі";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Кеңестің төрағасы";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Кеңес қызметінің тоқтатылуы".
2. "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережеде:
12-тармақтың 2) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда келіседі;".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |