Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 және "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 60 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 тамызда № 34876 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 703 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12456 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Негізгі ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-7-бабына сәйкес әзірленді және республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық маңызы бар қала әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) жанындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі қызметінің нысанын, негізгі міндеттерін, қабылдайтын шешімдерінің мәртебесін және қызметінің басқа да ұйымдастырушылық мәселелерін, өкілеттіктерін, оның басшысын және оны сайлау тәртібін өкілеттіктерін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері, қызмет нысаны және өкілеттіктері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Кеңесті құру тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Кеңестің төрағасы";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Кеңес қызметінің тоқтатылуы".

      2. "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережеде:

      12-тармақтың 2) тармақшасының он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда келіседі;".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады