Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 338-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 тамызда № 34883 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31921 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалар мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу шеңберінде Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды, сондай-ақ шет мемлекеттердің Басшыларымен бірлесіп Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарының қатысуымен өтетін іс-шараларды қаржыландыруға қолданылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақтан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 февраля 2023 года № 51 "Об утверждении Правил финансирования и нормативов финансирования проведения социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств"

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 1 августа 2024 года № 338-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 августа 2024 года № 34883

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 февраля 2023 года № 51 "Об утверждении Правил финансирования и нормативов финансирования проведения социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31921) следующее изменение:

      пункт 3 Правил изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящие Правила не распространяются на финансирование проведения социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом в рамках выплат субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам, а также мероприятий с участием охраняемых лиц Республики Казахстан совместно с Главами иностранных государств.".

      2. Комитету культуры Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 июня 2024 года.

      Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан