Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 16 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 ақпанда № 31921 болып тіркелді

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа:

      1) 1-қосымшаға сәйкес Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары;

      2) 2-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      министрдің міндетін атқарушы Н. Дауешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  министрдің міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
1-қосымша

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;

      3) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

      4) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;

      5) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма.

      3. Осы Қағидалар мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу шеңберінде Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыруға қолданылмайды.

2-тарау. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру тәртібі

      4. Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру тиісті жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларына және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру нормативтеріне сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастырады.

      6. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыруға негіз болып табылады:

      1) тиісті қаржы жылдарына бекітілген бюжеттік бағдарламалар;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған қаулысымен бекітілген мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары;

      3) қаржыландырудың жоспарланған көздерін көрсете отырып, қаржы-экономикалық есеп (смета).

      7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі шығыстар сметасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру нормативтерінің тиісті шығыстар баптарының толық немесе ішінара тізбесінен қалыптастырылады.

      8. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландырудың көлемі сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс.

      9. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыруға қарастырылған бюджет қаражатын қайта бөлу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

  министрдің міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
2-қосымша

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру нормативтері

      Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерді өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерге құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, жекелеген орындаушылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

5 дейін

7.

Жүргізушілер қызметі

0,5 дейін

8.

Стилистер, визажистер, костюмерлер қызметі

0,1 дейін

9.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

10.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

1 дейін

11.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

12.

Кіші сәулет нысандары

1 дейін

13.

Фитодизайн

1 дейін

14.

Пиротехникалық жабдықтарды (фейерверк, отшашу, суық отшашу, конфетти) ұсыну жөніндегі қызметтер

0,3 дейін

15.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

30 дейін

16.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

5 дейін

17.

Сахнаны және өзге де элементтерді сараптау

0,1 дейін

18.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

19.

Музыкалық аспаптарды, жиһазды, сахналық костюмдерді, жануарларды жалға алу

0,1 дейін

20.

Бейнетүсірілімдер, фототүсірілімдер, жылжымалы телевизиялық станцияны және өзге де түсірілімдер мен трансляциялар түрімен қамтамасыз ету

5 дейін

21.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру

0,1 дейін

22.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерге қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстары

20 дейін

23.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерге қатысушылардың тамақтану шығыстары

20 дейін

24.

Көліктік қызметтер

5 дейін

25.

Баспа өнімдер әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

2 дейін

26.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

27.

Стейджмендер қызметтері

0,1 дейін

28.

Авторлық сыйақылар

0,5 дейін

29.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдер өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар мен салтанатты концерттерге құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КРО Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдар, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, кинематографиялық қызмет субъектісі, жекелеген орындаушылар, кинематография саласындағы қайраткерлер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

3 дейін

7.

Жүлде қоры

35 дейін

8.

Жүргізушілер, стилистер, визажистер, костюмерлер қызметі

0,1 дейін

9.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

10.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

0,5 дейін

11.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

12.

Фитодизайн

1 дейін

13.

Кіші сәулет нысандары

1 дейін

14.

Пиротехникалық жабдықтарды (фейерверк, отшашу, суық отшашу, конфетти) ұсыну жөніндегі қызметтер

0,3 дейін

15.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

30 дейін

16.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

2 дейін

17.

Қазылар Төрағасының және мүшелерінің қызметтері

5 дейін

18.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

19.

Музыкалық аспаптарды жалға алу

0,2 дейін

20.

Бейнетүсірілімдер, фототүсірілімдер, жылжымалы телевизиялық станциясы және өзге де түсірілімдер мен трансляциялар түрімен қамтамасыз ету

5 дейін

21.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру

0,1 дейін

22.

Республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстары

20 дейін

23.

Республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысушылардың тамақтану шығыстары

20 дейін

24.

Көліктік қызметтер

5 дейін

25.

Баспа өнімдер әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

2 дейін

26.

VIP-қонақтарды қорғау үшін қызметтер

5 дейін

27.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

28.

Кәдесый өнімдері

2 дейін

29.

Авторлық сыйақылар

0,5 дейін

30.

Тіркеу жарнасын және фильмдерді коммерциялық емес көрсету құқығы үшін төлеу

5 дейін

31.

Аудармашының қызметтері

0,2 дейін

32.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрінің шетелдік делегациялармен ресми және бейресми кездесулері кезінде концерттік және басқа бағдарламалар ұйымдастыру (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрінің шетелдік делегациялармен ресми (бейресми) кездесулері шеңберінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыру кезінде құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КРО Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, жекелеген орындаушылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

3 дейін

7.

Жүргізушілер, стилистер, визажистер, костюмерлер, сахна жұмыскерлері қызметтері

0,1 дейін

8.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

9.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

0,3 дейін

10.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

11.

Фитодизайн

1 дейін

12.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

30 дейін

13.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

2 дейін

14.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

15.

Музыкалық аспаптарды, жиһазды, сахналық костюмдерді жалға алу

0,1 дейін

16.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрінің шетелдік делегациялармен ресми және бейресми кездесулері кезінде концерттік және басқа бағдарламаларға қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстар

20 дейін

17.

Көліктік қызметтер

5 дейін

18.

Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрінің шетелдік делегациялармен ресми және бейресми кездесулері кезінде концерттік және басқа бағдарламаларға қатысушылардың тамақтану шығыстары

20 дейін

19.

Баспа өнімдер әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

0,1 дейін

20.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

21.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Жеке шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларға және қазақстандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдердің бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Жеке шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларға және қазақстандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдердің бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету кезінде құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КРО Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, жекелеген орындаушылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

5 дейін

7.

Жүргізушілер, стилистер, визажистер, костюмерлер қызметтері

0,1 дейін

8.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

9.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

1 дейін

10.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

11.

Кіші сәулет нысандары

1 дейін

12.

Фитодизайн

1 дейін

13.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

30 дейін

14.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

2 дейін

15.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

16.

Музыкалық аспаптарды, жиһазды, сахналық костюмдерді жалға алу

0,1 дейін

17.

Бейнетүсірілімдер және фототүсірілімдер қамтамасыз ету

1 дейін

18.

PR кампаниясын жүргізу

1 дейін

19.

Шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларға және қазақстандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдердің бағдарламаларына қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстар

30 дейін

20.

Көліктік қызметтер

5 дейін

21.

Логистикалық қызметтер

2 дейін

22.

Шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларға және қазақстандық фильмдердің халықаралық кинофестивальдердің бағдарламаларына қатысушылардың тамақтану шығыстары

30 дейін

23.

Баспа өнімдер әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

1 дейін

24.

Іс-шараны ұйымдастыру бойынша шетелдегі қосымша персоналдың және (немесе) заңды тұлғалардың қызметтері

3 дейін

25.

Визаларды ресімдеу және төлеу, іс-шараға қатысушыларды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету

5 дейін

26.

Аккредитациялық жиналымдар

10 дейін

27.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

28.

Аудармашының қызметтері

0,5 дейін

29.

Нотариалдық қызметтер

0,5 дейін

30.

Субтитрлері бар DCP көшірмелерін жасау

5 дейін

31.

Авторлық сыйақылар

1 дейін

32.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет күндерін және шетелдегі қазақстандық кино күндерін өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет күндерін және шетелдегі қазақстандық кино күндерін өткізу кезінде құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КРО Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

Халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, жекелеген орындаушылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Киноматография саласындағы қайраткерлер

7 дейін

7.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

5 дейін

8.

Жүргізушілер, стилистер, визажистер қызметтері

0,1 дейін

9.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

10.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

1 дейін

11.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

12.

Кіші сәулет нысандары

1 дейін

13.

Фитодизайн

1 дейін

14.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

10 дейін

15.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

2 дейін

16.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

17.

Музыкалық аспаптарды, жиһазды, сахналық костюмдерді жалға алу

0,1 дейін

18.

Бейнетүсірілімдер және фототүсірілімдер қамтамасыз ету

1 дейін

19.

PR-кампания өткізу

1 дейін

20.

Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет күндерін және шетелдегі қазақстандық кино күндеріне қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстары

50 дейін

21.

Көліктік қызметтер

30 дейін

22.

Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет күндерін және шетелдегі қазақстандық кино күндеріне қатысушылардың тамақтану шығыстары

30 дейін

23

Баспа өнімдер әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

1 дейін

24.

Іс-шараны ұйымдастыру бойынша шетелдегі қосымша персоналдың және (немесе) заңды тұлғалардың қызметтері

5 дейін

25.

Визаларды ресімдеу және төлеу, іс-шараға қатысушыларды медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету

5 дейін

26.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

27.

Аудармашының қызметтері

0,5 дейін

28.

Нотариалдық қызметтер

0,5 дейін

29.

Логистикалық қызметтер

1 дейін

30.

Субтитрлері бар DCP көшірмелерін жасау

5 дейін

31.

Банкет және фуршет

10 дейін

32.

Кәдесый өнімдері

2 дейін

33.

Авторлық сыйақылар

0,5 дейін

34.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Мерейтойлық іс-шараларды өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Мерейтойлық іс-шаралар өткізу кезінде құрметті атақтары бар әртістердің қатысуын қамтамасыз ету

1)

Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Қазақ КРО Халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі

10 дейін

2)

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Мәдениет қайраткері" төсбелгі иегері, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгі иегері

7 дейін

3)

халықаралық конкурстардың лауреаты

3 дейін

4)

республикалық конкурстардың лауреаты

2 дейін

2.

"Ұлттық" және "Академиялық" мәртебесі бар шығармашылық ұжымдар (театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар)

5 дейін

3.

Театрлар, концерттік ұйымдар, жеке кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдар

3 дейін

4.

Көркемөнерпаздар ұжымдары, сондай-ақ "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағы бар ұжымдар

2 дейін

5.

Шетел шығармашылық ұжымдары, жекелеген орындаушылар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік концерттік ұйымдары мен театрлары

5 дейін

6.

Режиссерлік-қойылымдық топты қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

5 дейін

7.

Жүргізушілер, стилистер, визажистер, костюмерлер қызметі

0,1 дейін

8.

Ноталарды қайта жазу жөніндегі, аранжировкаларды құру қызметтері

0,1 дейін

9.

Музыкалық материалды шығару/сатып алу/жазу және қолда бар музыкалық шығармаларды өңдеу

0,3 дейін

10.

Сахнаны рәсімдау бойынша қызметтер (сахналық бутафория/ реквизитті/декорацияларды әзірлеу/өндіру/сатып алу)

10 дейін

11.

Кіші сәулет нысандары

1 дейін

12.

Фитодизайн

1 дейін

13.

Кәсіби концерттік жабдықты қамтамасыз ету және оның қызмет көрсетуі бойынша қызметтер

30 дейін

14.

Бейнематериалдарды әзірлеу және дайындау бойынша қызметтер

2 дейін

15.

Зал және үй-жайларды жалға алу

10 дейін

16.

Музыкалық аспаптарды, сахналық костюмдерді жалға алу

0,1 дейін

17.

Бейнетүсірілімдер және фототүсірілімдер қамтамасыз ету

1 дейін

18.

PR-кампания өткізу

1 дейін

19.

Мерейтойлық іс-шараларға қатысушылардың жол жүру, тұру бойынша шығыстары

20 дейін

20.

Көліктік қызметтер

5 дейін

21.

Мерейтойлық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану шығыстары

20 дейін

22.

Баспа өнімдерін әзірлеу және дайындау жөніндегі қызметтер

1 дейін

23.

Медициналық қызметтер, эпидемиологиялық ахуалдар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тауарлар

0,1 дейін

24.

Стейджмендер қызметтері

0,1 дейін

25.

Кәдесый өнімдері

0,5 дейін

26.

Авторлық сыйақылар

0,5 дейін

27.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Мемлекеттік тапсырма немесе мемлекеттік сатып алу шеңберінде балеттер/хореографиялық миниатюралар дайындау/қою бойынша жұмыстарды жасау (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Балет/хореографиялық миниатюралар дайындау/қою үдерісіне режиссерлік-қойылым тобының қатысуын қамтамасыз ету

15 дейін

2.

Жүргізуші/бет әрлеуші/бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету

1 дейін

3.

Балет әртістерін, сондай-ақ, басқа жұмыскерлерді (акробаттар, альпинисттер, көрермендерге қызмет көрсететін мамандар, гардеробшылар) тарту

3 дейін

4.

Қойылым аясында жұмылдырылған жеке тұлғалардың қызмет ақысы

8 дейін

5.

Жұмысшылардың еңбекақы қоры

80 дейін

6.

Сахна бутафориясы/реквизитін әзірлеу/жасау/сатып алу

25 дейін

7.

Жұмсақ/қатты декорацияларды өңдеу/жасау/сатып алу

15 дейін

8.

Бутафория/реквизит/декорациялар жасауға қажетті тауарлар/материалдарды сатып алу

6 дейін

9.

Сахна/театр киімдерін/бас киімдерін және олардың дизайн/эскиздерін өңдеу/жасау/сатып алу, репетиция формаларын сатып алу

20 дейін

10.

Пуанттарды, театр/балет/би аяқ киімдерін және олардың дизайн/эскиздерін әзірлеу/сатып алу

1 дейін

11.

Сахна/театр киімдерін, бас киімдер мен әшекейлер тігуге арналған мата, ұсақ-түйектер мен керек-жарақтар сатып алу, матаға сурет салу қызметі

6 дейін

12.

Постижер бұйымдарын дайындауға қажетті материалдарды, грим-постижер керек-жарағын сатып алу

1 дейін

13.

PR-кампания өткізу

1 дейін

14.

Полиграфиялық және (немесе) жарнамалық өнімдерді жасау

0,4 дейін

15.

Ғимарат пен сахна кеңістігін жалға алу

40 дейін

16.

Қойма орындарын жалға алу

10 дейін

17.

Дыбыс/жарық/бейне және басқа да техникалық жабдықтарды жалға алу

0,5 дейін

18.

Жылжымалы телевизиялық стансаны жалға алу/жылжымалы телевизиялық стансаның бейнетүсірілім қызметі

0,1 дейін

19.

Музыка аспаптарын жалға алу

0,5 дейін

20.

Фото және бейнетүсірілімді қамтамасыз ету

0,1 дейін

21.

Ұйымдастыру мәселелерін шешу: авиабилет және (немесе) теміржол билеттерін сатып алу, шақырылған маман/қайраткерлерді жатын-орынмен қамтамасыз ету, көлік қызметін көрсету

0,3 дейін

22.

Қалаішілік/қалааралық/халықаралық тасымалдау, жүкті сақтандыру, кеден қызметі, уақытша сақтау қоймаларының қызметі, тауарларды сертификаттау

0,1 дейін

23.

Сахналық төсенішті сатып алу (балет линолеумы)

2 дейін

24.

Декорация/реквизиттер/бутафорияны өртке қарсы өңдеу/сараптама жасау

0,1 дейін

25.

Бейне сүйемелдеу/бейне контент жасау, қойылымдарды жарықпен безендіру

0,1 дейін

26.

Премьераның onlinе көрсетілімін ұйымдастырып, өткізу

0,5 дейін

27.

Елді мекеннен тыс жерлерде видеоконтент құруға арналған түсірілімге балет труппасының, қажетті қызметкерлер мен техникалық-қойылым тобының қатысуын қамтамасыз ету

0,3 дейін

28.

Музыкалық/ноталық материалдарды жасау/сатып алу, қолданыстағы музыкалық шығармаларды өңдеу, әңгіме жанрындағы әртістің және/немесе дыбыс жазу студиясының немесе дыбыс режиссерінің/музыкалық ұжымның/оркестрдің/ жеке орындаушылардың қызметтері

1 дейін

29.

Қойылым шеңберінде тартылған заңды тұлғалардың қызметтері

5 дейін

30.

Қойылым көрсетілетін орынды дайындау және безендіру, фитодизайн, гүлдер/букеттер, логотипті баннерлер әзірлеу, қойылым көлемі мен үлгісін ескере отырып, холл/фойе/сахнаны материалдық-техникалық жағынан жабдықтау

0,4 дейін

31.

Шақырылған мамандардың/қайраткерлердің визаларын ресімдеу және төлем жүргізу, медициналық сақтандыруды ресімдеу

3 дейін

32.

Жасалған шарттарға сәйкес аудармашылар қызметі, нотариалдық қызмет

0,5 дейін

33.

Жасалған шарттарға сәйкес халықаралық пошта/курьер қызметі

0,1 дейін

34.

Жасалған шарттарға сәйкес авторлық құқық объектілерін сатып алу, авторлық аударымдарды жүзеге асыру

3 дейін

35.

Дистрибьютор қызметі (билеттерді сату бойынша қызметтер)

0,1 дейін

36.

Қойылым жұмыстары барысында дер кезінде медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдарды/дәрі-дәрмектерді сатып алу

0,1 дейін

37.

Эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету (медициналық бетперделер, санитайзерлер, медициналық қолғаптар), оның ішінде қатысушы тұлғаларға шектеу іс-шараларын, соның ішінде карантинді қолдануды талап ететін инфекциялық ауруларға зертханалық тексерулерді ұйымдастыру

0,1 дейін

38.

Өзге шығыс материалдарын (балет скотчы, билетке арналған термоқағаз және басқа да қажетті материалдар) сатып алу

0,1 дейін

39.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Мемлекеттік тапсырма немесе мемлекеттік сатып алу шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар, соның ішінде Қазақстан Республикасында және шетелдерде гастрольдік сапарлар өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Жүргізуші/бет әрлеуші/бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету

0,2 дейін

2.

Шеберлік-сыныптарын өткізу

2 дейін

3.

Балет әртістерін, сондай-ақ, басқа жұмыскерлерді (акробаттар, альпинисттер, көрермендерге қызмет көрсететін мамандар, гардеробшылар) гастрольдік сапарларға қатысу үшін тарту

0,2 дейін

4.

Гастроль аясында тартылған жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы төлеу

0,2 дейін

5.

Жұмысшылардың еңбекақы қоры

80 дейін

6.

Бутафория/реквизит/декорацияларды өңдеу/жасау

2 дейін

7.

Бутафория/реквизит/декорацияларды жасау үшін тауарлар/ материалдарды сатып алу

1 дейін

8.

Сахна/театр киімдерін тігу/жөндеу/реставрациялау

1 дейін

9.

Пуанттарды, театр/балет/би аяқ киімдерін дайындау/сатып алу

0,5 дейін

10.

Сахна/театр киімдерін/бас киімдерді/аяқ киімдерді тігу/өңдеу/ реставрациялауға қажетті тауар/материалдарды сатып алу

0,5 дейін

11.

Постижер бұйымдарын дайындауға қажетті материалдарды, грим-постижер керек-жарағын сатып алу

0,2 дейін

12.

PR-кампания өткізу

0,2 дейін

13.

Полиграфиялық және (немесе) жарнамалық өнім дайындап шығару

0,2 дейін

14

Концерт залын/сахна кеңістігін жалға алу және/немесе репетициялар мен қойылымдарға техникалық қызметтер бойынша көрсетілетін қызметтер

40 дейін

15

Дыбыс/жарық/бейне және басқа да техникалық жабдықтарды жалға алу

21 дейін

16.

Музыка аспаптарын жалға алу

0,5 дейін

17.

Ұйымдастыру мәселелерін шешу: авиабилет және (немесе) теміржол билеттерін сатып алу, гастрольге қатысушылардың және жұмылдырылған мамандардың тұруы (қонақ үйде тұру, тәуліктік, тамақтану), көлік қызметін көрсету

50 дейін

18.

Фото және бейнетүсірілімді қамтамасыз ету

0,1 дейін

19.

Концерттік киімдер мен реквизиттер, декорация, балет едені (гастрольдік нұсқасы), сахна төсенішін (балет линолеумы) қалаішілік/қалааралық/халықаралық тасымалдаумен қамтамасыз ету, шамадан тыс жүкке төлем жүргізу, жүкті сақтандыру, кеден қызметі

0,6 дейін

20.

Бутафория/реквизит/декорацияларды өртке қарсы өңдеу/сараптама жасау

0,1 дейін

21.

Қоюшының көркемдік түпкі ойына сәйкес сценография, жарық әсерлері және бейнесүйемелдеу саласындағы заманауи технологияларды қолдану

1 дейін

22.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастыру (үй-жайды қажетті жабдықтарымен жалға алу), театр/балет сыншыларын, әйгілі қайраткерлерді, өнер және мәдениет майталмандарын шақыру

0,3 дейін

23.

Гастрольдік сапарды ұйымдастыру бойынша қосымша қызметкерлер және/немесе заңды тұлғаларды жалдау

1 дейін

24.

Әңгіме жанрындағы әртістің және (немесе) дыбыс жазу студиясының немесе дыбыс режиссерінің, музыкалық ұжымның, оркестрдің, жеке орындаушылардың қызметтері, қолданыстағы музыкалық шығармаларды өңдеу, музыкалық/ноталық материалдарды сатып алу

1 дейін

25.

Гастрольге қатысушылардың/шақырылған мамандардың визаларын ресімдеу және төлем жүргізу, медициналық сақтандыруды ресімдеу

3 дейін

26.

Гастрольдер шеңберінде тартылған заңды тұлғалардың қызметтері

0,5 дейін

27.

Жасалған шарттарға сәйкес аудармашылар қызметі, нотариалдық қызмет

0,5 дейін

28.

Жасалған шарттарға сәйкес халықаралық пошта/курьер қызметі

0,1 дейін

29.

Жасалған шарттарға сәйкес авторлық құқық нысандарын сатып алу, авторлық аударымдарды жүзеге асыру

3 дейін

30.

Дистрибьютор қызметі (билет сату қызметі), билет кітапшаларын дайындау бойынша қызметтер

0,1 дейін

31.

Гастроль барысында дер кезінде медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдарды/дәрі-дәрмектерді сатып алу

0,1 дейін

32.

Эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету (медициналық бетперделер, санитайзерлер, медициналық қолғаптар), оның ішінде қатысушы тұлғаларға шектеу іс-шараларын, соның ішінде карантинді қолдануды талап ететін инфекциялық ауруларға зертханалық тексерулерді ұйымдастыру

0,1 дейін

33.

Өзге шығыс материалдарын (балет скотчы, билетке арналған термоқағаз және басқа да қажетті материалдар) сатып алу

0,1 дейін

34.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін

      Мемлекеттік тапсырма немесе мемлекеттік сатып алу шеңберінде әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды, соның ішінде концерттер өткізу (қаржыландыру көлемі іс-шараны өткізудің сметалық құнының 100%-нан аспауы тиіс)

Шығыстар бөлімдері мен баптарының атауы

іс-шараны өткізудің сметалық құнынан %

1.

Режиссерлік-қойылым тобының концерт үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету

15 дейін

2.

Балет әртістерін, сондай-ақ, басқа жұмыскерлерді (акробаттар, альпинисттер, көрермендерге қызмет көрсететін мамандар, гардеробшылар) концертке қатысу үшін тарту

0,2 дейін

3.

Концертке қатысуға жұмылдырылған жеке тұлғалардың қызмет ақысы

0,6 дейін

4.

Жұмыскерлердің еңбекақы қоры

80 дейін

5.

Бутафория/реквизит/декорацияларды өңдеу/жасау/сатып алу

6 дейін

6.

Бутафория/реквизит/декорацияларды жөндеуге арналған тауарлар/материалдарды сатып алу

6 дейін

7.

Сахна/театр киімдерін тігу/жөндеу/реставрациялау

10 дейін

8.

Пуанттарды, театр/балет/би аяқ киімдерін жасау/сатып алу

1 дейін

9.

Сахна/театр киімдерін/бас киімдерді/аяқ киімдерді тігу/өңдеу/реставрациялауға қажетті тауар/материалдарды сатып алу

6 дейін

10.

PR-кампания өткізу

0,3 дейін

11.

Полиграфиялық және (немесе) жарнамалық өнім дайындап шығару

0,1 дейін

12.

Ғимарат пен сахна алаңын жалға алу

40 дейін

13.

Қойма орындарын жалға алу

10 дейін

14.

Дыбыс/жарық/бейне және басқа да техникалық жабдықтарды жалға алу

20 дейін

15.

Жылжымалы телевизиялық станцианы жалға алу/жылжымалы телевизиялық стансаның бейнетүсірілім қызметі

0,1 дейін

16.

Музыка аспаптарын жалға алу

0,1 дейін

17.

Фото және бейнетүсірілімді қамтамасыз ету

0,1 дейін

18.

Ұйымдастыру мәселелерін шешу: авиабилет және (немесе) теміржол билеттерін сатып алу, концерттік киімдер мен реквизиттер, декорация, балет едені, балет линолеумының қалаішілік және/немесе қалааралық және/немесе халықаралық тасымалдануымен қамтамасыз ету. Шақырылған мамандарды жатын-орынмен (қонақ үйде тұруы, тәулікақы) қамтамасыз ету, көліктік қызмет көрсету және аудармашылармен қамтамасыз ету

30 дейін

19.

Декорация/реквизиттер/бутафорияны өртке қарсы өңдеу/сараптама жасау

0,1 дейін

20.

Бейне сүйемелдеу (бейнеконтент), жарықпен безендіру

1 дейін

21.

Әңгіме жанрындағы әртістің және (немесе) дыбыс жазу студиясының немесе дыбыс режиссерінің, музыкалық ұжымның, оркестрдің, жеке орындаушылардың қызметтері, қолданыстағы музыкалық шығармаларды өңдеу, музыкалық/ноталық материалдарды сатып алу

1 дейін

22.

Коцерттік бағдарламаның көлемі мен үлгісін есепке ала отырып, өткізілетін орнын дайындау және безендіру, сахнаны, концерт залының холлын және (немесе) фойесін безендіру, логотипті баннерлер әзірлеу және қамтамасыз ету, фитодизайн, гүлдер/букеттер, материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру

0,4 дейін

23.

Шақырылған мамандардың визаларын ресімдеу және төлем жүргізу, медициналық сақтандыруды ресімдеу

3 дейін

24.

Жасалған шарттарға сәйкес аудармашылар қызметі, нотариалдық қызмет

0,5 дейін

25.

Жасалған шарттарға сәйкес халықаралық пошта/курьер қызметі

0,1 дейін

26.

Концерт шеңберінде тартылған заңды тұлғалардың қызметтері

0,5 дейін

27.

Жасалған шарттарға сәйкес авторлық құқық нысандарын сатып алу, авторлық аударымдарды жүзеге асыру

3 дейін

28.

Дистрибьютор қызметі (билеттерді сату бойынша қызметтер)

0,1 дейін

29.

Репетиция мен концерт барысында дер кезінде медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдарды/дәрі-дәрмектерді сатып алу

0,1 дейін

30.

Эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету (медициналық бетперделер, санитайзерлер, медициналық қолғаптар), оның ішінде қатысушы тұлғаларға шектеу іс-шараларын, соның ішінде карантинді қолдануды талап ететін инфекциялық ауруларға зертханалық тексерулерді ұйымдастыру

0,1 дейін

31.

Өзге шығыс материалдарын (балет скотчы, билетке арналған термоқағаз және басқа да қажетті материалдар) сатып алу

0,1 дейін

32.

Әкімшілік шығыстар

1)

cалықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар

25 дейін

2)

жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

25 дейін

3)

коммуналдық қызметтер

5 дейін

4)

әкімшілік-басқару персоналына арналған іссапар шығыстары

5 дейін

5)

банктік қызметтер

5 дейін

6)

пошталық және курьерлік қызметтер

5 дейін

7)

өртке қарсы және күзет қызметтер

5 дейін

8)

негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету

5 дейін

9)

аудиторлық шығыстар

5 дейін

10)

сақтандыру

3 дейін

11)

консультациялық шығыстар

5 дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады