БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
2) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, тексеріп қарауды қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;
3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;";
72- тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы қатар әзірленеді.";
125-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"125. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі:
1) аумақтық тізбелерге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе деген беру туралы хабарлама алынған;
2) ведомстволық тізбеге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал деген мәртебе берілген сәттен бастап 6 айдан аспайды.
Бұл ретте объектішілік бейнебақылау жүйелерін ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген ) бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі