Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32364 болып тіркелді.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2- бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 21 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулық атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін міндетті "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды нақтылайды (бұдан әрі – Талаптар).

      3. Осы Нұсқаулық атом энергиясын пайдалану объектілерінің басшылары мен атом энергиясын пайдалану объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін қызметкерлерінің, атом энергиясын пайдалану объектілері бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілері басшыларының және қызметкерлерінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, терроризмге қарсы комиссиялар мүшелерінің атом энергиясын пайдалану объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауды, бағалауды, сондай-ақ зерделеуді жүзеге асыру кезінде пайдалануына арналған.

      4. Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясы пайдаланылатын объектілер – иондандырушы сәулелену көздері, радиоактивті қалдықтар және пайдаланылып болған ядролық отын, ядролық, радиациялық, электрофизикалық қондырғылар, сақтау және көму пункттері, көліктік қаптама комплектілері мен ядролық материалдар;

      2) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, тексеріп қарауды қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;

      3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;

      4) жеке күзет ұйымы – өзінің кәсіпкерлік қызметі ретінде күзет қызметтерін көрсететін коммерциялық ұйым;

      5) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар;

      6) залал – жеке (заңды) тұлғаның мүлкінің жоғалуы немесе бүлінуі;

      7) күзет наряды – кезекшілікке түсетін күзет қызметкерлері;

      8) күзет дабылы жүйесі – күзетілетін аймаққа (учаскеге) санкциясыз енуді, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуын анықтауға, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты берілген түрде жинауға, өңдеуге, беруге және ұсынуға арналған, бірге жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы;

      9) күзеттің инженерлік-техникалық құралдары – күзетілетін объектілердің шекараларын санкциясыз бұзудан, материалдық және өзге де құндылықтарды ұрлаудан қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын құралдар, жүйелер және арнайы конструкциялар;

      10) күзетілетін объект – материалдық немесе басқа да құндылықтары бар жеке үй-жай (аумақ) немесе ортақ аумақпен (бірыңғай периметрмен), акваториямен біріктірілген және күзетілетін бір немесе бірнеше ғимараттар шегінде шашыраңқы орналасқан бірнеше үй-жайлар

      11) кіруді бақылау және басқару жүйесі – кіруді бақылауға, объектіге және (немесе) оның жекелеген аймақтарына персонал мен келушілердің кіру және (немесе) шығу құқықтарын шектеуге, ақпаратты жинауға және сақтауға арналған, техникалық жағынан үйлесімді аппараттық құралдардың және (немесе) бағдарламалық қамтылымның жиынтығы;

      12) қауіпсіздік – объектінің қорғалу жай-күйі, бұл кезде қандай да бір қатердің болуынан не оның салдарының әсерінен оған зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін тәуекел болмайды;

      13) объект – персоналдың ұйымдасқан жиынтығы бар ұйым (мекеме) және (немесе) ғимарат, құрылыс, ғимараттар мен құрылыстар кешені не олардың бөліктері;

      14) объектіні күзету – күзетілетін объектілерге төнетін қатерлерді уақтылы анықтауға және оларға шабуыл жасауды, төтенше жағдайлардың туындауын, террористік акт, басқа да құқыққа қарсы қол сұғушылықтар, экстремистік сипаттағы әрекеттерді болғызбауға бағытталған шаралар кешені;

      15) объектінің әкімшілігі – мекеменің, кәсіпорынның лауазымды адамдары, басшы персоналы;

      16) объектінің осал жерлері – аумақты, акваторияны, құрылыс конструкциясын (ғимаратты, құрылысты, құрылыс ғимаратын) немесе үй-жайды қоршау фрагменті, ол арқылы бұзушының ену әрекеті барынша ықтимал;

      17) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;

      18) объектішілік режим – объектінің шегінде белгіленген, құпиялылық пен күзет режимін қамтамасыз етуге, объектіде өрт және техникалық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығымен қамтамасыз етілетін тәртіп;

      19) оқу-жаттығу (профилактикалық) іс-шаралары – персонал мен күзетті оқытудың алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқамалар мен сабақтар түрінде жүзеге асырылатын алдын алу тәсілдері;

      20) оқығыш – сәйкестендіру белгілерін оқуға (енгізуге) арналған құрылғы;

      21) өткізу режимі – адамдардың санкциясыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), мүлікті кіргізу (шығару), әкелу (әкету) мүмкіндігін жоққа шығаратын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;

      22) санкцияланбаған іс - қимылдар – заңдардың, нормативтік құқықтық актілердің және объектіде белгіленген объектішілік және өткізу режимдерінің ережелерін бұзатын, объектіге қатысты бұзушы жасайтын тікелей іс-қимылдар;

      23) сәйкестендіргіш – қол жеткізу субъектісінің немесе объектісінің бірегей белгісі;

      24) тәртіп бұзушы – рұқсат етілмеген әрекет жасаған немесе жасауға тырысқан адам, сондай-ақ оған жәрдем көрсеткен адам;

      25) тәуекел – қауіпсіздік объектісінде осалдықтың болуына байланысты қатерді іске асыру кезінде нұқсан келтірудің ықтимал қауіптілігі;

      26) тексеріп қарау жүйелері мен құралдары – тыйым салынған құралдар мен заттарды санкциясыз алып өтуді немесе алып жүруді анықтауға арналған техникалық және техникалық емес құралдардың жиынтығы;

      27) телевизиялық күзет жүйесі – бұзушылықты анықтауға және тіркеуге арналған жабық үлгідегі телевизиялық жүйе болып табылатын бейнебақылау жүйесі;

      28) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

      29) терроризмге қарсы қорғау – объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар кешені;

      30) терроризмге қарсы қорғалу – терроризм актісін жасауға кедергі келтіретін, сондай-ақ ол жасалған жағдайда оның салдарын барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз ететін жағдайлардың болуымен сипатталатын объектінің жай-күйі;

      31) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;

      32) террористік тұрғыдан осал объектілер – терроризмге қарсы қорғалуын міндетті ұйымдастыру талап етілетін аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ экономика салаларының стратегиялық маңызы бар объектілері, адамдар көп жиналатын объектілер, күзетілетін объектілер;

      33) техникалық құралдар мен анықтау жүйелері – тиісті шешімдер қабылдау, үрейлі хабарламалар туралы ақпаратты өңдеу, қабылдау-беру және тіркеу үшін күзетілетін аймақтың не күзетілетін объект режимінің шекараларын санкциясыз бұзу немесе бұзуға әрекет жасау фактісін анықтаудың, осы факт туралы хабарламаларды қалыптастырудың техникалық құралдары мен жүйелері;

      34) тосқауыл қою құрылғысы – кірудің физикалық кедергісін қамтамасыз ететін және олардың жай-күйін басқару үшін атқарушы құрылғылармен жабдықталған құрылғы (турникеттер, шлюздер, өту кабиналары, кіруді бақылау және басқару жүйесі арқылы атқарушы құрылғыларымен жабдықталған есіктер пен қақпалар, сондай-ақ басқа да құрылғылар);

      35) төтенше жағдай – авария, өрт, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, қауіпті табиғи құбылыс, апат, дүлей немесе өзге де зілзала нәтижесінде қалыптасқан, адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық залалға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы немесе әкеп соқтыруы мүмкін белгілі бір аумақтағы жағдай.

      36) ұлттық бейнемониторинг жүйесі – ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртіпбін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекөріністер жинауды, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығын қамтитын ақпараттық жүйе;

      37) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы;

      38) хабардар ету сигналы – төтенше жағдайлардың туындау қаупі немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін сиреналар немесе басқа да сигналдық құралдар арқылы берілетін дыбыстық сигнал;

      39) ядролық материалдар –бөлінетін (ыдырайтын) радионуклидтерден тұратын немесе оларды шығаруға қабілетті материалдар;

      40) ядролық қондырғы – табиғи уранды немесе торийді өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге арналған қондырғыларды қоспағанда, үй-жайларды, құрылыстар мен жабдықтарды қоса алғанда, санамаланған қызмет түрлерінің біреуі немесе бірнешеуі: ядролық материалды шығару, қайта өңдеу, пайдалану, тасымалдау, сақтау, көму жүзеге асырылатын қондырғы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 05.08.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен шарттар:

      1) атом энергиясын пайдалану объектілеріне заңсыз кіруге кедергі жасау, оған мынадай шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі:

      атом энергиясын пайдалану объектілерінде өткізу режимін ұйымдастыру;

      заңсыз кіруді анықтауға мүмкіндік беретін атом энергиясын пайдалану объектілерін инженерлік-техникалық нығайту;

      2) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау, оған мынадай шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі:

      объектілердегі және іргелес аумақтағы жағдайды күдікті адамдар мен заттарды анықтау тұрғысынан бақылау;

      иондаушы сәулелену көздерін, жарылғыш, улы заттарды, улы химикаттарды, қауіпті заттар мен бұйымдарды сақтау және пайдалану орындарын қорғау;

      3) объектілерде терроризм актілерін жасау әрекеттерінің жолын кесу, оған мынадай шараларды қолдану арқылы қол жеткізіледі:

      террористік сипаттағы ықтимал қауіптерді модельдеу, ден қоюдың тиісті алгоритмдерін әзірлеу;

      объектілерді, оның ішінде жеке күзет ұйымдарының күштерімен күзету;

      келушілердің және көлік құралдарының объектілерге кірудің белгіленген тәртібін сақтауын бақылау;

      ұжымда терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

      объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) күзет қызметкерлерін, жұмыскерлерді терроризм актісі жасалған және содан кейінгі кездегі әрекеттерге кәсіби дайындау:

      объектіде терроризм актісі жасалған жағдайда ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;

      объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын уақтылы жасау және өзекті күйде ұстау, оны тиісінше сақтау.

      6. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары:

      1) іс-шаралардың күні бұрын (алдын ала) өткізілуі – террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігін ескере отырып, алдын ала әзірленетін шаралар кешені;

      2) сараланған тәсіл – объектінің жұмыс істеуінің салалық ерекшеліктерін, оның орналасуын есепке алуға бағытталған тәсілдер жиынтығы;

      3) барабарлық – объектіде қолданылатын терроризмге қарсы шаралардың ықтимал террористік қатерлердің сипаты мен ерекшелігіне сай болуы;

      4) кешенділік – жоғарыда тізілген қағидаттарға сүйене отырып объектінің терроризмге қарсы қорғалуын құруға және қолда бар күштер мен құралдарды тартуға мүмкіндік беретін шаралар жиынтығы.

      7. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің басшылары жалға алынатын ғимаратқа (үй-жайға) орналасқан кезде жалдау шартында объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлейтін, объектіні күзетуді, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес осы іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын тараптарды айқындауды қамтамасыз етеді.

      8. Терроризмге қарсы қорғау саласындағы атом энергиясын пайдалану объектілері үшін құжаттар тізбесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада келтірілген.

2 - тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      9. Осы тарау атом энергиясын пайдалану объектілерінде олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келетін өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

      Мемлекеттік күзетуге жататын атом энергиясын пайдалану объектілеріндегі өткізу режимін объектінің физикалық қорғау бөлімшесі бақылайды және жеке күзет ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерімен, Қарулы Күштермен, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарымен жүзеге асырылады.

      Атом энергиясын пайдалану объектілеріндегі өткізу режимін жеке күзет ұйымдары жүзеге асырады.

      10. Террористік тұрғыдан осал объектілерде объектілерге шектеулі және бақыланатын кіру қағидаты қамтамасыз етіледі. Өткізу режимі адамдар мен автокөлік құралдарын объектіге санкцияланған түрде жіберуді ұйымдастыруға, құқыққа қайшы ниеті бар адамдарды анықтауға, тыйым салынған заттар мен бұйымдарды алып жүруді/шығаруды уақтылы анықтауға, объектінің ықтимал қауіпті учаскелері мен қауіпті аймақтарды қорғауға және оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуына жол бермеуге арналған.

      11. Кіруді бақылау және басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) бақылау пункттері арқылы күзетілетін үй-жайларға объектінің қызметкерлері мен келушілерінің кіруін шектеу;

      2) объектінің әрбір қызметкері мен келушісінің келу және кету уақытын белгілеу;

      3) осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында немесе оператордың командасы бойынша кіруге рұқсат етілген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысын ашу;

      4) осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығына кіруге рұқсат етілмеген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысын ашуға тыйым салу;

      5) басқару құрылғыларындағы сәйкестендіру белгілерін санкцияланған өзгерту (қосу, жою) және олардың кіру аймақтарымен (үй-жайларымен) және қол жеткізудің уақыт аралықтарымен байланысын қамтамасыз ету;

      6) сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін басқару құрылғысының бағдарламалық құралдарына санкциясыз кіруден қорғау;

      7) техникалық және бағдарламалық құралдарды басқару элементтеріне санкциясыз кіруден, режимдер мен ақпаратты орнатудан қорғау;

      8) электр қуатын өшіру кезінде баптау және сәйкестендіру белгілерінің дерекқорын сақтау;

      9) белгіленген режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес төтенше жағдайлар, өрт, техникалық ақаулар кезінде өту үшін тосқауыл құрылғыларын қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашу;

      10) жүйе операторының жұмыс орнынан кіру жүйесімен жабдықталған кез келген есіктерді ашу немесе бұғаттау;

      11) рұқсат етілген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін белгілі бір уақыттан кейін өту фактісі болмаған кезде тосқауыл құрылғысын автоматты түрде жабу;

      12) сәйкестендіру белгілерін (кодын) іріктеу әрекеттері кезінде тосқауыл құрылғысын белгілі бір уақытқа жабу және дабыл сигналын беру;

      13) ағымдағы және алаңдатарлық оқиғаларды тіркеу және хаттамалау;

      14) басқару құрылғысынан байланыс істен шыққан кезде әрбір кіру нүктесінде тосқауыл құрылғысынан оқығыштың автономды жұмысы.

      12. Оқығыштар мынадай функцияларды орындайды:

      1) сәйкестендіру белгісін сәйкестендіргіштерден оқу;

      2) енгізілген сәйкестендіру белгісін жадта немесе басқару құрылғысының дерекқорында сақталатын белгімен салыстыру;

      3) пайдаланушыны сәйкестендіру кезінде тосқауыл құрылғысын ашуға сигнал қалыптастыру;

      4) басқару құрылғысымен ақпарат алмасу.

      13. Басқару құрылғылары мынадай функцияларды орындайды:

      1) оқығыштардан ақпаратты қабылдау, оны өңдеу, берілген түрде көрсету және тосқауыл құрылғыларын басқару сигналдарын әзірлеу;

      2) қол жеткізу сипаттамаларын (кодты, қол жеткізудің уақыт аралығын, қол жеткізу деңгейін және басқаларын) көрсету мүмкіндігімен объект қызметкерлерінің дерекқорларын жүргізу;

      3) кіру нүктелері арқылы жұмыскерлердің өтуін тіркеудің электрондық журналын жүргізу;

      4) кіру нүктелеріндегі алаңдатарлық жағдайлар туралы ақпаратты басымдықпен шығару;

      5) тосқауыл құрылғыларының, оқығыштар мен байланыс желілерінің жай-күйінің жарамдылығын бақылау.

      14. Қауіпті аймақтар мен ықтимал қауіпті учаскелерді террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иесі заңсыз әрекеттерді орындау ықтималдығының деңгейіне, объектінің тартымдылығына және ұйым үшін ықтимал залалға байланысты айқындайды.

      15. Объект ішінде барлық оқшау үй-жайлар қолжетімділігі бойынша мынадай үш негізгі аймаққа бөлінеді:

      1) бірінші аймақ – кіру шектелмеген үй-жайлар;

      2) екінші аймақ – лауазымды адамдардың шектеулі тобының ғана кіруіне рұқсат берілген үй-жайлар;

      3) үшінші аймақ – лауазымды адамдардың қатаң шектелген тобы ғана кіретін үй-жайлар.

      16. Объект ішіндегі аймақтардың аражігін ажырату объектінің қауіпсіздік қызметіне консультация беру кезінде объектінің меншік иесінің шешімімен, қатерді, осалдықты, тартымдылықты және қатерді іске асыру кезіндегі салдарларды ескере отырып алынған тәуекелдерді бағалау негізінде айқындалады.

      17. Адамдарды бақылау пункттері арқылы объектіге өткізу:

      1) бірінші кіру аймағында сәйкестендірудің бір белгісі бойынша (визуалды верификация немесе электрондық карточка);

      2) екінші кіру аймағында сәйкестендірудің екі белгісі бойынша (мысалы, визуалды верификация және электрондық карточка немесе механикалық құлыптың кілті);

      3) үшінші кіру аймағында – сәйкестендірудің екі немесе одан да көп белгілері бойынша (мысалы, визуалды верификация, электрондық карточка немесе механикалық құлыптың кілті және биометриялық қол жеткізу) бойынша жүзеге асырылады.

      18. Өткізу режимін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер және көліктік бақылау-өткізу пункті болуы қажет. Аралас жаяу жүргіншілер және көліктік бақылау-өткізу пунктін пайдалануға жол беріледі.

      19. Объектілер иелерінің операциялық талаптарына байланысты бақылау-өткізу пунктінің қатысуынсыз техникалық күзет құралдарының көмегімен бақылау-өткізу режимін ұйымдастыруға жол беріледі.

      20. Объектідегі өткізу режимі объектінің әкімшілігі әзірлейтін және басшының бұйрығымен бекітілетін өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Объектінің басшысы өткізу режимінің тәртібін, оны ұйымдастыруға және бақылауға жауапты тұлғаларды айқындайды. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт болмаған жағдайда өткізу режимін тікелей орындауға жауапты адамдарды тағайындау көзделеді.

      Ядролық қондырғыларда пайдаланушы ұйым күзет және ден қою күштерінің басшылығымен бірлесіп өткізу және объектішілік режимдерді белгілейді.

      Өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру "Мемлекеттік қорғауға жататын объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысының 1-бөлімінің 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Өткізу режимін ядролық объектіні қорғау және ден қою күштері тікелей жүзеге асырады.

      22. Объектілер үшін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібінде:

      1) объектілер персоналының жұмыс графигі және оларды жұмыс және жұмыс жоқ уақытта өткізу тәртібі;

      2) келушілерді объектіге өткізу тәртібі;

      3) материалдық құндылықтарды енгізу (шығару), әкелу (әкету) тәртібі;

      4) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттар мен құралдар көзделеді.

      23. Көзбен шолып қарау және (немесе) металл детекторының ден қою нәтижесінде тыйым салынған заттар мен бұйымдар анықталған кезде, егер объектілердің қауіпсіздік бөлімшесі тиісті талқылаудан кейін Қазақстан Республикасы заңдарымен заттарды алып жүруге тыйым салынған жағдайларда Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық органдары хабардар етіледі.

      24. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру мақсатында объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары, мемлекеттік органдар, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштер, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асыратын өткізу және объектішілік режим туралы нұсқаулық әзірленеді.

      25. Лауазымдық нұсқаулық иесіздендірілген сипатта болады және әр объект үшін оның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.

      26. Объектіде өткізу режимін сапалы ұйымдастыру мақсатында күзет қызметкерінің (қызметкерлерінің) бекеті көзделеді.

      27. Объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалар талаптарының заңдылығын түсіндіретін азаматтардың құқықтарын шектейтін өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі туралы хабарламаларды объектінің әкімшілігі көрінетін жерлерге (объектіге кірген кезде) орналастырады.

      28. Өткізу режимін қамтамасыз ету үшін күзет бөлімшелері, сондай-ақ объектінің қауіпсіздік бөлімшесінің өткізу бюросы тартылады.

      Өткізу бюросы өткізу және объектішілік режим рәсімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

      Күзет бөлімшелері өткізу режимін және объектіні күзетуді жүзеге асырады.

      Объектішілік режимнің орындалуын ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ ядролық қондырғылардағы өткізу режимі бойынша бланктерді, рұқсаттаманы және мөрлерді әзірлеу мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

      29. Күзету жүйесін ұйымдастыруға тікелей рұқсаты бар адамдар объектіні күзету режимі және күзетудің техникалық құралдарын пайдалану қағидалары туралы мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дербес жауапты болады.

      30. Объект басшысы немесе меншік иесі:

      Қазақстан Республикасының жеке күзет ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерімен, Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен бірлесіп объектіні күзетуді ұйымдастырады және оны күзетуді ұйымдастыруды, оның техникалық нығаюын, күзет сигнализациясы құралдарымен және күзет теледидары жүйелерімен жарақтандырылуын және тараптардың шарт бойынша міндеттерді орындауын тұрақты, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;

      қауіпсіздік қызметінің басшысымен (немесе қауіпсіздікке жауапты мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғамен) бірлесіп осал жерлерді айқындай отырып, объектіні күзету ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді; объектінің жабдықтарына, техникалық құралдары мен анықтау жүйелеріне қойылатын бастапқы талаптарды әзірлейді;

      объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады, күзету жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдайды (тиісті бұйрықтар, өзге де құжаттамалар шығару);

      дабыл және байланыс аппаратурасы мен күзет теледидары жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерінің жария етілмеуін бақылауды қамтамасыз етеді, объект персоналына осы талапты сақтау қажеттігін түсіндіреді;

      өткізу және объектішілік режим туралы нұсқаулықтарды уақтылы әзірлейді және өзектілендіреді, оның сақталуына тиісті бақылауды қамтамасыз етеді;

      инженерлік коммуникацияларды, кабельдік желілерді уақтылы күрделі жөндеуді, техникалық құралдар мен анықтау жүйелерін жаңғыртуды қамтамасыз етеді;

      күзет бөлімшесінің лауазымды адамдарымен бірлесіп төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға объектінің басшы құрамын, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерін және персоналын оқытуды ұйымдастырады;

      қауіпсіздік қызметінің (күзет) басшысымен (немесе қауіпсіздікке жауапты мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған адаммен) бірлесіп күзет құрылымдарының қызметкерлерімен күдікті адамдар мен заттарды, жарылғыш құрылғыларды, террористік актілерді дайындаудың басқа белгілерін анықтаған кезде де, оның салдарын оқшаулау және азайту кезінде де қажетті іс-шараларды жүзеге асыру дағдыларын әзірлеу және меңгеру үшін жаттығулар өткізеді;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік полиция бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қолдайды;

      хабардар ету сигналдарының бірыңғай жүйесін орнатады.

      31. Объектіні күзету қызметкерінің міндеттері осы нұсқаулықты ескере отырып, объектінің әкімшілігі әзірлейтін лауазымдық нұсқаулықпен, өткізу және объектішілік режим жөніндегі нұсқаулықпен, объектіні күзету жоспарымен айқындалады.

      Онда күзет қызметкеріне:

      қызмет атқару орны;

      қызмет атқару жөніндегі міндеттер;

      бекетті қабылдау және тапсыру тәртібі, оның ерекшеліктері;

      үй-жайларды ашуға және объектіге кіруге құқығы бар объектінің жауапты тұлғаларының тізімі, осы қызметкерлермен байланыс тәртібі;

      объектінің персоналы қатарындағы адамдарды күзетілетін үй жайларға жұмыс уақытынан тыс уақытта жіберу тәртібі;

      қауіпсіздік қызметінің персоналымен және объектінің басқа да қызметкерлерімен өзара іс қимыл тәртібі;

      пультке шығарылған объектінің үй-жайларын күзетке қабылдау және күзеттен алу тәртібі;

      техникалық құралдар мен анықтау және байланыс жүйелерінің дұрыстығын тексеру тәртібі;

      төтенше жағдайлар туындаған кезде, келушілер объектіге бару қағидаларын бұзған кездегі іс-қимыл тәртібі;

      "дабыл" сигналын алу кезіндегі, сондай-ақ объект персоналының оқу жаттығуларын өткізу кезіндегі іс-қимыл тәртібі;

      көрші бекеттердің нарядтарымен, қауіпсіздік қызметінің персоналымен, аумақтық ішкі істер органдарының кезекшілерімен байланыс тәртібі;

      қызмет өткеру жағдайы мен нәтижелері туралы күзет бөлімшесінің басшылығына баяндау тәртібі (кезеңділігі) ;

      объектіде бұқаралық іс-шараларды өткізу кезіндегі іс-қимыл тәртібі;

      өткізу режимін жүзеге асыру кезінде автомобиль көлігінде және қол жүгінде террор құралдарын ықтимал жасыру орындарын анықтау үшін іс-қимылдары мен арнайы құралдарды пайдалану тәртібі;

      тамақтану уақыты мен орны.

      32. Объектіні күзету наряды учаскенің күзет бастығына, немесе оны алмастыратын адамға тікелей бағынады.

      33. Күзет бекеттерінде олардың функционалдығын ескере отырып мынадай құжаттаманың болуы қажет:

      объектіні күзету қызметкерінің лауазымдық нұсқаулығы;

      өткізу және объектішілік режим бойынша нұсқаулық;

      төтенше жағдайларда объектінің лауазымды адамдары мен персоналының әрекеттері жөніндегі нұсқаулық;

      техникалық күзет құралдарын пайдалану қағидалары;

      кезекшілікті қабылдау және тапсыру журналы;

      "Жедел жағдай және қабылданған шаралар туралы" журнал;

      автокөлік пен адамдардың кіруін бақылаудың электрондық жүйесі болмаған жағдайда келушілер мен автокөліктерді тіркеу журналы;

      объектінің қауіпсіздік қызметі басшысының қалауы бойынша басқа да қажетті құжаттар.

      34. Объектінің сипатына қарай жекелеген журналдарды біртұтас журналға біріктіруге жол беріледі.

      35. Шарттың талаптарына сәйкес күзет бөлімшелері:

      өткізу және объектішілік режимдер, объектінің қауіпсіздік қызметімен, әкімшілікпен өзара іс-қимылын;

      объектіні немесе оның жекелеген үй-жайларын, материалдық құндылықтарды күзету, орналасқан жеріне сәйкес күзет бекеттері мен маршруттарын қою, персоналдың, келушілердің іс-қимылдарын бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтау және өз құзыреті шеңберінде бекеттер мен патрульдеу маршруттары аймағында құқық бұзушылықтардың жолын кесуді;

      өз құзыреті шеңберінде ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауға және күзет бекеттері мен патрульдеу маршруттары аймағында құқық бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесуді;

      күзет-өрт және дабыл сигнализациясы құралдарының іске қосылу сигналдарына ден қоюды;

      қорғалатын объектіге санкциясыз кірудің жолын кесуді;

      төтенше жағдайлар, оның ішінде диверсиялық-террористік акциялар салдарынан туындаған жағдайды нұсқаулыққа сәйкес оқшаулауға және жоюға қатысуды қамтамасыз етеді.

      36. Күзет қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен жабдықталған және объектіні күзетуді жүзеге асыратын қызметтің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қаруланған нысанды киімдегі күзет нарядының құрамында қызметтік міндеттерді орындайды.

      37. Атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Күзет қызметкерінен қызмет өткеру кезінде өзімен бірге оның мәртебесін растайтын құжаттарды көрсету талап етіледі.

      39. Күзет қызметі бөлімшесінің лауазымды адамдары қызметке кіріспес бұрын нарядтың оны атқаруға дайындығын тексереді және нұсқама жүргізеді. Нарядтың объектіні күзету жөніндегі қызметті атқаруын бақылауды басшылыққа алатын және өзге де регламенттейтін құжаттардың талаптарына сәйкес қауіпсіздік қызметі бөлімшесінің лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      40. Тексеруге уәкілетті лауазымды адамдардың:

      режим және күзетті ұйымдастыру мәселелері бойынша іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

      объектілерді күзету қызметінің ұйымдастырылуын және техникалық құралдар мен анықтау жүйелері жарамдылығын тексеруге;

      күзет бөлімшесінің лауазымды адамдарынан объектілерді күзетуге байланысты оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы ақпарат алуға;

      жеке құрамның белгіленген штат саны шегінде объектіні немесе оның жекелеген үй-жайларын (бөлімшелерін) күзетуді уақытша күшейту туралы жазбаша ұсыныстар беруге өкілетті.

      41. Объектіні күзетуді ұйымдастыруды тексеру нәтижелері, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар баянатпен немесе қызметтік жазбамен ресімделеді.

      42. Күзет қызметкерінің құзыретіне мыналар кіреді:

      күзетілетін объектіге өтетін немесе объектіден шығатын адамдардың құжаттарын немесе рұқсаттамаларын тексеру;

      заттарға белгіленген тәртіппен қарап тексеру жүргізу, өткізу режимін бұзушылардың, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген тыйым салынған заттарды заңсыз әкетуге/әкелуге (шығаруға/енгізуге) тырысатын адамдардың өтуіне жол бермеу;

      бақылау-өткізу пунктінде орнатылған күзет, күзет-өрт және дабыл сигнализациясы аспаптарының және күзет телевизиясы жүйесінің элементтерінің жұмысын бақылау;

      дабылдың тікелей басшысына (ауысым аға), орталық диспетчерлік қауіпсіздік қызметі операторына, ал қажет болған жағдайда ішкі істер органдарына, өрт күзетіне іске қосылғандығы туралы хабарлама;

      күдікті заттар туралы қауіпсіздік қызметі немесе объектінің басшылығын анықталған осал жерлер (периметрдегі саңылаулар, ойықтар және объектінің терроризмге қарсы қорғанысының басқа да бұзушылықтары) бойынша уақтылы хабардар ету;

      бекеттің күзет аймағына енгізілген материалдық құндылықтарды сақтауға арналған үй-жайларды материалдық жауапты адамдардан күзетуге қабылдау.

      43. Күзет қызметкері қызмет өткеру процесінде мекеме аумағында террористік актілердің жасалуына және басқа да төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар кешенін орындайды, ол үшін:

      1) кезекшілікті қабылдау-тапсыру кезінде:

      ауыспалы күзет қызметкерімен бірлесіп жедел жағдайды зерделеу және күдікті заттарды табу мақсатында бақыланатын аумақты аралап, қарауды жүзеге асырсын. Көрсетілген қауіптер анықталған кезде жауапты лауазымды адамға дереу хабарлау қажет;

      кезекшілікті қабылдаушыға объектінің техникалық құралдар мен анықтау жүйелері жай-күйі, кезекшілікті атқару кезінде анықталған ақаулар және техникалық құралдар мен анықтау жүйелерінің жұмысында орын алған ақаулар туралы баяндау;

      қолда бар нұсқаулықтармен танысу;

      байланыс жүйесінің жұмысын және күзет, авариялық және өрт дабылдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

      тізімдемеге сәйкес қолда бар құжаттаманы (нұсқаулықтар, журналдар, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспары, материалдық құндылықтар және басқаларын) қабылдау;

      ұйымның жауапты лауазымды адамының рұқсатымен кезекшілікті қабылдау (тапсыру).

      2) кезекшілік кезінде:

      журналда немесе электрондық қол жеткізу жүйесі болған кезде электрондық журналда тіркеуді жүргізе отырып, өткізу режимін жүзеге асыру;

      мекеме әкімшілігі айқындаған рұқсаттама немесе басқа рұқсат беру құжаты негізінде мекеме аумағына автокөліктің кіруін және шығуын қамтамасыз ету. Бұл ретте жоғарыда аталған журналда машинаның маркасын, мемлекеттік нөмірін, кіру және шығу уақытын тіркеу;

      мекеменің аумағын күндізгі және түнгі уақытта схема-маршрутқа сәйкес аралап, қарап-тексеруді жүзеге асырады, ал қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты лауазымды адамды хабардар етеді;

      жеке күзет бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру бойынша заңнамада және бірыңғай талаптарда көзделген тиісті құжаттаманы жүргізу;

      мекеме әкімшілігімен бірлесіп:

      компания ғимараттарындағы, кәсіпорындардағы және оларға іргелес аумақтардағы жағдайды бақылау;

      компания, кәсіпорын аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдарына жәрдемдесу.

      44. Объектіге шабуыл жасалған кезде күзет наряды (бекеттегі адам), осы объектінің қызметкерлері немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дабыл сигнализациясының көмегімен барлық қолда бар байланыс арналарын пайдалана отырып, ішкі органның орталық диспетчерлік немесе кезекші бөліміне немесе өзге де тәсілмен "дабыл" сигналын береді.

      45. "Дабыл" сигналын бергеннен кейін күзет наряды (күзет) құқыққа қарсы іс-қимылдардың жолын кесу, құқық бұзушыларды ұстау және күзетті күшейту, объектіге жақындауды қадағалау үшін шаралар қабылдайды. Полиция наряды келген соң оларға нұсқаулыққа сәйкес қажетті көмек көрсетеді.

      46. Объектінің персоналы "дабыл" сигналы бойынша негізгі қызметін тоқтатады, қауіпсіз жерге көшіріледі, бұдан әрі төтенше жағдайлар болған жағдайда алдын ала әзірленген нұсқаулық бойынша әрекет етеді.

3 - тарау. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      47. Атом энергиясын пайдалану объектісін терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам (адамдар) атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналында терроризм актісін жасау қаупі төнген кезде және оны жасағаннан кейін атом энергиясын пайдалану объектілерінің персоналында терроризмге қарсы сана мен сауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізеді.

      Атом энергиясын пайдалану объектілерінің басшыларын, өзге де лауазымды тұлғаларын, персоналын оқытуға атом энергиясын пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша терроризмге қарсы комиссияны үйлестіру кезінде уәкілетті органдардың өкілдері де тартылады.

      48. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шаралары нұсқаулық, практикалық және теориялық сабақтар түрінде өткізіледі. Нұсқамалар, практикалық және теориялық сабақтар атом энергиясын пайдалану объектісінің басшысы бекіткен өткізу графигіне сәйкес жүргізіледі.

      Осы Нұсқаулықтың 47-тармағында көрсетілген мақсаттарға жету үшін бір реттік сабақ осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес бірнеше тақырыпты қамтуы мүмкін.

      49. Объектінің персоналы қатарындағы қызметкерлермен және күзет қызметкерлерімен профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлауды объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам жүзеге асырады.

      Аталған іс-шараларды өткізуге терроризмге қарсы комиссияның келісімі бойынша объектінің орналасқан жері бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің мүдделі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері , сондай-ақ объектінің дайындалған қызметкерлері тартылады.

      Атом энергиясын пайдалану объектілерінде профилактикалық іс-шара ретінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар объектінің өткізу режимін, сондай-ақ объектілерде күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларды барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге бағытталған эксперименттер жүргізеді.

      50. Күзет қызметін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қатарындағы күзет қызметкерлерімен профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жоспарлауды күзет қызметі субъектісінің басшысы ұйымдастырады.

      51. Күзет қызметкерлерімен терроризмге қарсы қорғаныстың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану дағдыларын игеру және (немесе) жетілдіру, үй-жайларды қарап тексеру техникасы, жарылғыш құрылғыларды салынуы мүмкін орындарын анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.

      52. Сабақтар (практикалық және теориялық) атом энергиясын пайдалану объектісінің меншік иесі, иесі, басшысы немесе күзет қызметі субъектісінің басшысы бекіткен өткізу графиктеріне сәйкес өткізіледі.

      53. Терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам қызметкерлердің жекелеген топтары үшін олардың қызметін ескере отырып, іс-шаралар графигін жасайды.

      54. Теориялық сабақтар қызметкерлер, атом энергиясын пайдалану объектілерін қорғау қызметкерлері арасында терроризм идеологиясының таралуының алдын алуға, терроризм идеологиясын оның әртүрлі көріністерінде қабылдамауға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

      55. Практикалық сабақтар қызметкерлердің, атом энергиясын пайдалану объектілерін күзету қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің барынша үйлесімділігі мен айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

      56. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, объектінің үй-жайларында және аумағында терроризм актісін жасау қаупі туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша практикалық сабақтар терроризмге қарсы комиссияны үйлестіру кезінде жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      57. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтар өткізудің алдында осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілер тұлғаларының әртүрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің жекелеген топтарымен теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқаулықтар өткізу көзделеді.

      58. Нұсқама өткізу қызметкерлерді терроризмге қарсы қауіпсіздіктің негізгі қағидаларымен таныстыруға, сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын дамытуға арналған.

      59. Жоспарлы нұсқама жылына кемінде бір рет немесе жұмыс әдісіне (вахталық, ауысымдық, маусымдық) байланысты екі жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Жоспарлы нұсқама жеке немесе қызметкерлер тобы үшін жүргізіледі.

      60. Жоспардан тыс нұсқама мынадай жағдайларда өткізіледі:

      1) "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы және жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына сәйкес объекті орналасқан өңірде террористік қауіптіліктің мынадай деңгейінің бірі енгізілгенде (бұдан әрі – Хабардар ету қағидалары): объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адамды үйлестіру кезінде бірқалыпты ("сары"), жоғары ("қызғылт сары"), шекті ("қызыл");

      2) объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін тұлғаны үйлестіру кезінде объектіде терроризм актісін жасаудың ықтимал қаупі туралы ақпараттың болуы;

      3) терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға, жаттығуларға дайындық, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабты үйлестіру кезінде атом энергиясын пайдалану объектісін бағалау;

      4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін үйлестіру кезінде күзет іс-шараларын өткізуге дайындық.

      61. Жоспардан тыс нұсқаманың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты айқындалады.

      62. Ұйымда немесе жеке жұмыс істейтін қызметкерлер тобына (жұмысқа түскен адамдар үшін) нұсқама жүргізуге рұқсат етіледі.

      63. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізу үшін арнайы көрнекі ақпаратты (стендтер, плакаттар), тақырыптық слайдтарды көрсетуге арналған проекторды орналастыруға, аудиотехниканы немесе бейнетехниканы пайдалануға арналған орындар бөлінетін барлық немесе белгілі бір қызметкерлер тобы бар үй-жай пайдаланылады.

      64. Іс-шара аяқталғаннан кейін оның нәтижелері осы Нұсқаулыққа 5 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу іс шараларын есепке алу журналына (бұдан әрі – журнал) енгізіледі.

      65. Журнал тігіліп, мөрмен, сондай-ақ бірінші басшының қолымен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң реттілікті сақтай отырып жүргізіледі.

      66. Журнал жүргізгені және объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізгені үшін атом энергиясын пайдалану объектісінің бірінші басшысы жауапты адамды айқындайды.

      67. Жұмыскерлер саны көп (20 адамнан астам) объектілер үшін көрсетілген іс-шаралардың өткізілуін құжаттандыру хаттама немесе анықтама түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

4 - тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      68. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің және атом энергиясын пайдалану объектілерін күзетуге шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары терроризм актісін жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға әзірлікті, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, терроризмге қарсы операцияларды дайындауға және өткізуге дайындықты қамтамасыз ету шеңберінде аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарымен және терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен өзара іс-қимыл жасайды.

      69. Аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары мынадай:

      1) атом энергиясын пайдалану объектісіне шабуыл жасау немесе дайындалып жатқан шабуыл туралы мәліметтер алу;

      2) атом энергиясын пайдалану объектісінің аумағына заңсыз кіру әрекеттері;

      3) атом энергиясын пайдалану объектісінде өрттер мен басқа да дүлей зілзалалардың туындауы;

      4) атом энергиясын пайдалану объектісінің ғимараттарында, қоймаларында немесе аумағында күдікті заттарды табу;

      5) бөгде адамдар тарапынан атом энергиясын пайдалану объектісінің қызметіне және қорғалу жай-күйіне негізсіз қызығушылық таныту жағдайларында дереу хабардар етіледі.

      70. Ақпаратты беру кезінде терроризм актісінің жасалғаны немесе оның жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, атом энергиясын пайдалану объектісінің атауы мен мекенжайы, оқиға болған уақыты, зардап шеккендердің болуы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабарламаны беретін адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және ол атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      71. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде атом энергиясын пайдалану объектілерінің басшылары мынадай қауіпсіздік шараларын қабылдайды:

      1) террористік қауіптіліктің "сары" деңгейінде:

      атом энергиясын пайдалану объектісінде өткізу режимін күшейту;

      қауіпсіздік, хабардар ету, бейнебақылау және күзет дабылы жүйелерінің жұмыс істеу қабілетін тексеру және қамтамасыз ету;

      қажет болған жағдайда арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, келушілерді, персоналды және көлік құралдарын тексеріп қарау;

      тиісті салада алынған ақпаратқа байланысты мамандарды тарта отырып, дағдарыстық жағдайларды оқшаулау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атом энергиясын пайдалану объектілерінің күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі қызметкерлеріне, персоналына және жұмыскеріне нұсқама беру;

      терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі төнген кездегі іс-әрекеттер бойынша персоналмен оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

      адамдарды шұғыл эвакуациялау мәселелерін, материалдық құндылықтарды және эвакуациялау орындарын айқындай отырып құжаттаманы пысықтау;

      объектілерде сақталатын қауіпті заттарға қол жеткізуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

      2)террористік қауіптіліктің "қызғылт сары" деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" деңгейін белгілеу кезінде қабылданатын шаралармен қатар):

      терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен бірлескен іс-қимылдарды пысықтау;

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің жоғары даярлық режимі жағдайына келтіру;

      3) террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейін белгілеу кезінде (террористік қауіптіліктің "сары" және "қызғылт сары" деңгейлерін енгізу кезінде қолданылатын шаралармен қатар):

      адамдарды құтқару бойынша шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмысына жәрдемдесу.

5 - тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар

      72. Атом энергиясын пайдалану объектісінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам (адамдар) атом энергиясын пайдалану объектісінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын (бұдан әрі – паспорт) әзірлейді.

      Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы қатар әзірленеді.

      Ғимараттар, құрылыстар (ғимараттар мен құрылыстар кешені) бір аумақта болған, бірыңғай периметрмен қоршалған және объект ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшесімен мемлекеттік күзетке жататын жағдайларда, ғимараттардың/құрылыстардың сипаттамаларын және олардың инженерлік-техникалық жарақтандырылуын (қабаттылық, ғимараттағы бөлмелер саны, терезелер,кіреберістер/шығулар, алаң, коммуникациялар және тағыда басқа) егжей-тегжейлі көрсетпей, барлық тұрған ғимараттарды/құрылыстарды бірыңғай объект ретінде сипаттауға жол беріледі.

      Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 05.08.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      73. Паспорттың жобасы атом энергиясын пайдалану объектісінің басшысы атом энергиясын пайдалану объектісін террористік тұрғыдан осал объектілердің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) қосу туралы тиісті хабарлама алған кезден бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      Паспортты әзірлеу мерзімдерін ұлғайту қажет болған жағдайда (объектінің күрделілігін ескере отырып) объектінің басшысы ұзарту себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, объектінің орналасқан жері бойынша терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтініш жасауға бастама жасайды.

      74. Аумақтық тізбеге енгізілген атом энергиясын пайдалану объектісі паспортының жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық ішкі істер органының басшысымен келісуге жіберіледі.

      Паспорттың жобасын ішкі істер органдарында келісу мерзімі ол адресатқа келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      75. Ішкі істер органының аумақтық бөлімшесінен паспорт жобасына ескертулер болған кезде оны пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      76. Келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Паспортты (оның ішінде оны жаңарту кезінде) атом энергиясын пайдалану объектісінің басшысы бекітеді.

      77. Ғимарат, құрылыс (ғимараттар мен құрылыстар кешені) бірнеше құқық иеленушіге тиесілі объектілерді орналастыру үшін пайдаланылған жағдайларда, паспорт жасауды объектілердің құқық иеленушілерінің арасындағы жазбаша келісім бойынша бәрі бірлесіп немесе олардың біреуі жүзеге асырады.

      78. Бірлесіп жасалған кезде паспортты террористік тұрғыдан осал объектілердің барлық құқық иеленушілерінің бекітуіне жатады.

      79. Бір құқық иеленуші жасаған кезде паспортты объектінің басқа құқық иеленушілерінің келісімі бойынша объектінің басшысы бекітеді.

      80. Паспорттың көшірмелерінің (электрондық көшірмелерінің) саны және оларды объектінің басқа құқық иеленушілеріне жіберу олардың құқық иеленушілері арасындағы жазбаша келісіммен айқындалады.

      81. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) қолжетімділік шектеулі ақпаратпен жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес объектінің құқық иесі болып табылатын ұйым басшысының бұйрығымен айқындалған жауапты тұлғада немесе объектінің бөлімшесінде сақталады.

      82. Паспорттың екінші данасы мен паспорттың электрондық нұсқасы (ақпаратты электрондық жеткізгіште PDF форматында) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.

      83. Паспорт:

      1) меншік құқығы,

      2) объектінің басшысы;

      3) объектінің атауы;

      4) объектінің негізгі мақсаты;

      5) объектінің жалпы ауданы мен периметрі, іргелес аумақта құрылыс салу немесе күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен құрылысжайларды) және инженерлік жүйелерді реконструкциялау аяқталғаннан кейін, егер конструкциясында өзгерістер жасалса;

      6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;

      7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда түзетіледі.

      84. Паспортқа түзетулер енгізу оның өзгерту себебі туындаған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша атом энергиясын пайдалану объектісінің басшысы бастама жасаған кезде объектінің күрделілігіне және енгізілетін өзгерістерге қарай өзге мерзімдер белгіленеді.

      85. Паспортқа атом энергиясын пайдалану объектісі басшысының қолымен расталған өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер болған паспорттың элементтері ғана ауыстырылуға жатады. Бір мезгілде атом энергиясын пайдалану объектісі басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың екінші данасына қосу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.

      86. Паспорт:

      1) 5 (бес) жылда бір реттен сиретпей;

      2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстыруға жатады.

      Күші жойылған паспорт тиісті акт жасалып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.

      Акт атом энергиясын пайдалану объектісінде қалады.

      Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасы сақталатын жерге жіберіледі.

      87. Паспорттың мәліметтері шектеулі сипатта болады, онымен жұмыс істеу тәртібі заңнаманың қолжетімділік шектеулі ақпаратқа қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.

      Атом энергиясын пайдалану объектілерінің басшылары оны әзірлеуге, объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуге, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылауға, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың қызметіне тартылмаған адамдардың паспортқа қол жеткізуін шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      88. Паспорт терроризмге қарсы операция, жаттығулар, оқу жаттығулары мен эксперименттер жүргізілген жағдайда пайдаланылады және оның өкілінің өтініші бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа беріледі.

6 - тарау. Террористік тұрғыдан осал объектілерді инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      89. Объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына сараланған талаптарды белгілеу мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерін мынадай топтарға бөлу жүргізіледі:

      1) бірінші топтағы объектілер – ядролық қондырғылар және радиациялық қауіптіліктің 1 және 2- санаттағы объектілері;

      2) екінші топтағы объектілер – радиациялық қауіптіліктің 3 және 4- санаттағы объектілері.

      90. Бірінші топтағы объектілер мемлекеттік қорғауға жататын объектілерді инженерлік-техникалық нығайту жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес жарақтандырылады.

      91. Екінші топтағы объектілер:

      1) объектінің периметрін санкциясыз кіруді жоққа шығаратын және объектінің режимдік жағдайларын қанағаттандыратын жабдықтау бойынша: объектінің периметрін, аймақтары мен жекелеген учаскелерін қоршау (физикалық кедергі); бақылау-өткізу пункттері; объектінің ғимараттары, құрылысжайлары қабырғаларының, оның терезе ойықтарының күшейтілуі; кіруді бақылау және басқару, кіруді шектеу құралдары, тексеріп қарау, жарықтандыру жүйелері мен құралдары, сыртқы периметрді өзге бақылау жүйелері;

      2) объектідегі ахуалды бақылау бойынша: байланыс, хабарлау, күзет және дабыл сигнализациясының жүйелері мен құралдары (оның ішінде дабыл берудің мобильді не стационарлық құралдары – "дабыл түймелері"), телевизиялық күзет жүйелері;

      3) қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін: резервтік, үздіксіз электрмен жабдықтау жүйелері мен құралдары бойынша жарақтандырылады.

      Террористік тұрғыдан осал объектілерді осы тармақта тікелей көрсетілмеген, бірақ сол міндеттер мен функцияларды орындайтын немесе сол мақсаттарға сәйкес келетін өзге де инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға жол беріледі.

      92. Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарының қажетті өткізу қабілетін негізге ала отырып жабдықталады.

      93. Бақылау-өткізу пункттері сыртқы және (немесе) ішкі болуы мүмкін.

      94. Сыртқы бақылау-өткізу пункті қоршау болған кезде жабдықталады.

      95. Объектіге (аумаққа) байланысты бақылау-өткізу пунктінде мыналар көзделеді:

      рұқсаттамаларды сақтауға және ресімдеуге арналған үй-жай;

      қызметкерлердің және объектіге келушілердің жеке заттарын сақтау камерасы;

      күзет қызметкерлерінің демалуына арналған үй-жай және техникалық қауіпсіздік жүйелерін орналастыруға арналған үй-жай.

      96. Ашу, өту (көлікпен өту) механизмдерін, жарықтандыруды және стационарлық тексеріп қарау құралдарын басқару құрылғылары бақылау-өткізу пунктінің үй-жайында немесе объектінің периметрінің ішкі жағынан оның сыртқы қабырғасында орналастырылады.

      97. Автокөлікті тексеріп қарау үшін бақылау-өткізу пунктінде қарау алаңдары жабдықталады.

      98. Бақылау-өткізу пунктінің терезелері мен есіктері қорғаныш конструкцияларымен жабдықталады.

      99. Адамдардың бақылау-өткізу пункті арқылы өтуі үшін турникеттермен жабдықталған дәліз көзделеді.

      100. Объектідегі сыртқы кіреберіс есіктер сыртқа ашу жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      101. Егер үй-жайдың барлық терезе ойықтары торлармен жабдықталса, олардың біреуі ашылатын (бұралмалы, жылжымалы) етіп жасалады.

      102. Объектіні кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандыру персонал мен келушілердің объектіге және (немесе) оның аймақтарына (учаскелеріне) кіруінің әртүрлі деңгейін көздейтін аймақтар бойынша жүргізіледі.

      103. Кіруді бақылау және басқару жүйелері терроризм актісін жасауға әрекет ету немесе жасау, дәлелдеме базасын қалыптастыру кезінде объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету, объект персоналы немесе бөгде адамдар санкцияланбаған іс-қимыл жасаған кезде тергеп-тексеру жүргізу мақсатында кейіннен бірмәнді жіктеу үшін барлық оқиғалар архивін ақпарат жеткізгіштерге автоматты түрде жазуды және бір жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

      104. Персонал мен келушілер аз өтетін (келетін) объектілер үшін объектіні объектіге және (немесе) оның ықтимал қауіпті учаскелері мен қауіпті аймақтарына кіруді шектеу құралдарымен ғана жабдықтауға жол беріледі.

      105. Объектідегі және (немесе) оның ықтимал қауіпті учаскелеріндегі ахуалға бақылау жүргізу, сондай-ақ жағдайды бағалау және бұзушылардың әрекеттерін тіркеу үшін санкциясыз кіру фактісін көзбен шолып растау мақсатында объектілер телевизиялық күзет жүйелермен жабдықталады .

      106. Атом энергиясын пайдалану объектісінің телевизиялық күзет жүйесіне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      107. Телевизиялық күзет жүйесімен:

      1) аумақтың периметрі;

      2) бақылау-өткізу пункттері;

      3) тексеріп-қарау үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеріп-қарау аймақтары;

      4) негізгі және қосалқы есіктер;

      5) ықтимал қауіпті учаскелері бар аумақ пен үй-жайлар, үй-жайлар (орындар), оларға апаратын дәліздер;

      6) объект басшысының қалауы бойынша басқа да үй-жайлар жабдықталады.

      108. Телевизиялық күзет жүйесі:

      1) көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына автоматтандырылған режимде беруді;

      2) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтауды (ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулік);

      3) бейнежазбаға жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      109. Объектіге және (немесе) объектінің күзетілетін аймағына санкциясыз ену немесе енуге әрекет жасау туралы хабарламаларды анықтау және беру мақсатында объектілер күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      Күзет дабылы жүйесінің құрылымы:

      1) осы объектінің жұмыс режиміне;

      2) үй-жайлардың ғимарат ішінде орналасу ерекшеліктеріне;

      3) күзетілетін аймақтардың санына байланысты айқындалады.

      110. Объектілер тәуліктің қараңғы уақытында олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында күзеттік жарықтандыру жүйелерімен және құралдарымен жабдықталады.

      Күзеттік жарықтандыру ені 3-4 метр, жарық беруі кемінде 10 люкс болатын тұтас жолақ құрай отырып, тәуліктің қараңғы уақытында периметрдің кез келген нүктесінде объектінің жарықтандырылуын қамтамасыз етеді.

      111. Күзетілетін объектілер күзет бөлімшелерінің күштері мен құралдарын басқару үшін ақпарат алмасу мақсатында байланыс жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      Байланыс жүйесі күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсету аумағындағы күзет нарядтары арасында, қызмет көрсетілетін аумақ шегіндегі күзет нарядтары арасында екіжақты радиобайланысты қамтамасыз етеді.

      112. Объектілер штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісін жасау немесе жасау қаупі және туындаған салдарлар туралы) және олардың іс-қимылдарын үйлестіру туралы объект персоналы мен келушілерді жедел хабардар ету мақсатында хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жабдықталады.

      112-1. Объектінің персоналы мен келушілерді хабардар ету техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар:

      1) ғимараттарға, үй-жайларға, объект аумағының адамдар үнемі немесе уақытша болатын учаскелеріне дыбыс және (немесе) жарық сигналдарын беруді;

      2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты трансляциялауды қамтамасыз етеді.

      112-2. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етеді.

      113. Күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару жүйелері негізгі желілік қоректендіру болмаған кезде жабдықтың кемінде 2 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдаумен үздіксіз қоректендіру көздерімен қамтамасыз етіледі.

      114. Автономды резервтік электр қоректендіру көздері кіруді бақылау және басқару жүйесінің, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзеттік және кезекші жарықтандырудың жұмысын қамтамасыз етеді:

      1) қалалар менқала үлгісіндегі кенттерде – кемінде 24 сағат;

      2) ауылдық аудандарда – кемінде 48 сағат;

      3) жету қиын аудандарда – кемінде 72 сағат.

      115. Объектілердің ғимараттары мен құрылыстарының инженерлік-техникалық нығайтылуы бұзушылардың объектіге және оның ішіне енуінің қиындығын қамтамасыз етеді.

      116. Объектілерде ғимараттардың терезе, есік ойықтарын қорғау құралдарын (оққа төзімді шынылармен, жарылыстан қорғайтын пленкамен, торлармен жабдықтау), құрылыстарды, үй-жайларды, құлыптарды және бекіту құрылғыларын, өзге де инженерлік-техникалық шешімдерді қолдану объектілердің қорғалу деңгейінің жоғарылауымен негізделеді, сондай-ақ өзге де инженерлік-техникалық құралдардың болмауын алмастырады.

      117. Көліктік бақылау-өткізу пункттерінде және объектінің аумағына өзге де кіреберістерде қоршауда олардың жабық күйде мығым бекітілуін қамтамасыз ететін конструкциясы бар қақпалар жабдықталады.

      Қақпалар мен шарбақ қақпалардың құлыптау және бекіту құрылғылары қиратушы әсер етуден қажетті қорғауды қамтамасыз етеді, су, қар, бұршақ, құм және басқа факторлар тікелей әсер еткен кезде осы климаттық аймаққа тән қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығы диапазонында жұмыс қабілетін сақтайды.

      118. Техникалық тексеріп-қарау құралдары объектілерде қаруды, объектіге және объектіден санкциясыз енгізуге (шығаруға), әкелуге (әкетуге) тыйым салынған басқа да бұйымдар мен заттарды табу үшін қолданылады.

      Объектіні техникалық тексеріп-қарау құралдарымен жарақтандыру объектілерге тән қауіп-қатерлерге, оның жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.

      119. Қажет болған жағдайда объектілерде күзет бөлімшелерінің және (немесе) олардың қарауылдарының үй-жайлары жабдықталады, оларды ғимараттардың бірінші қабатында орналастыру ұсынылады. Бұл ретте үй-жай конструкциясы тиісті санаттағы ғимараттардың конструкциясына қойылатын талаптарға сәйкес болады.

      Террористік тұрғыдан осал объектілерді осы тарауда тікелей көрсетілмеген, бірақ сол міндеттер мен функцияларды орындайтын немесе сол мақсаттарға сәйкес келетін өзге де инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға жол беріледі.

      120. Террористік тұрғыдан осал барлық объектілер телевизиялық күзет жүйелерімен және хабардар ету жүйелерімен жарақтандырылады.

      121. Бөлімшелерді осы Нұсқаулықтың 120-тармағында көрсетілген жүйелерді қоспағанда, осы тарауда көзделген инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру мүмкін болмаған жағдайда, осы Нұсқаулыққа сәйкес олардың жоқ екенін білдірмейтін өзге де инженерлік-техникалық шешімдер және (немесе) қауіпсіздік шаралары қабылданады.

      122. Талаптың 56-тармағына сәйкес объектіні салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді жобалау кезінде объектінің меншік иесіне, иесі (оның ішінде әлеуетті) объектінің террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкестігін анықтау және қажет болған жағдайда тиісті инженерлік-техникалық жарақтандыруды қарастыру қажет.

      123. Террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иесінің, иесінің, басшысының немесе өзге де лауазымды адамдарының шешімі бойынша объектіде қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылуы мүмкін.

      124. Объектілерді жобалау және инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыру үшін террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иелері, басшылары оның ықтимал қауіпті учаскелерін айқындайды.

      125. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі:

      1) аумақтық тізбелерге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе деген беру туралы хабарлама алынған;

      2) ведомстволық тізбеге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал деген мәртебе берілген сәттен бастап 6 айдан аспайды.

      Бұл ретте объектішілік бейнебақылау жүйелерін ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген ) бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 05.08.2024 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      126. Объектінің инженерлік-техникалық жабдықтары үнемі жұмыс істейтін күйде ұсталады.

  Қазақстан Республикасының
атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы құжаттар тізбесі

      1. Атом энергиясын пайдалану объектісін терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін жауапты адамды және ол болмаған уақытқа оны алмастыратын адамды (функционалдық міндеттерін көрсете отырып) тағайындау туралы бұйрық.

      2. Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өткізу және объектішілік режимдерін ұйымдастыру туралы қағидалар (ол болған кезде) және атом энергиясын пайдалану объектісі басшысының оларды бекіту туралы бұйрығы.

      3. Терроризмге қарсы қорғалуын нығайту жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспары.

      4. Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын есепке алу журналы.

      5. Атом энергиясын пайдалану объектілері тұлғаларының әртүрлі топтарының террористік сипаттағы ықтимал қауіптерге іс-қимылдары бойынша нұсқаулық (жадынама).

      6. Атом энергиясын пайдалану объектісінің аумағын аралау, кезекшілікті тапсыру, қабылдау журналы.

      7. Атом энергиясын пайдалану объектісінің аумағына кіруге құқығы бар автокөлік құралдарының тізімі (қажет болған жағдайда).

      8. Атом энергиясын пайдалану объектісінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорты.

      9. Өрт кезінде, терроризм актісінің жасалу қаупі және өзге де төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған жағдайда, мекеме қызметкерлері мен келушілерді эвакуациялау жоспарлары мен тәртібі.

      10. Атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналымен практикалық және теориялық сабақтар өткізу графигі бар атом энергиясын пайдалану объектісіне келушілерді ғимараттардан қауіпсіз және уақтылы эвакуациялау бойынша практикалық сабақтар өткізу туралы бұйрық.

      11. Атом энергиясын пайдалану объектісі персоналын террористік акт жасалу қаупі төнген кезде немесе ол жасалған кезде қорғау тәсілдері мен іс-қимылдарға оқыту бағдарламалары, хаттамалары.

      12. Атом энергиясын пайдалану объектісін күзетуге арналған шарттар (күзет қызметін жүзеге асыратын ұйым лицензияларының көшірмелері), күзет сигнализациясы, бейнебақылау жүйелеріне қызмет көрсету.

      13. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде атом энергиясын пайдалану объектісі персоналының іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық, ұсынымдар.

      14. Террористік қауіптілік деңгейлерін белгілеу кезінде атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналы мен келушілерін хабардар ету схемасы.

  Қазақстан Республикасының
атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

Атом энергиясын пайдалану объектілеріне алып өтуге тыйым салынған негізгі заттардың тізбесі

      1. Қару:

      1) атыс;

      2) травматикалық, газ және жарық дыбыстық әсер ететін патрондары бар ұңғысыз;

      3) суық, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын түрлі пышақтар;

      4) лақтырылатын;

      5) пневматикалық;

      6) газ;

      7) электр;

      8) белгі беретін;

      9) зақымдайтын әрекеті радиоактивті сәулеленуді және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару;

      10) зақымдайтын әрекеті электромагниттік, жарық, жылу, инфрақызыл немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген қару.

      2. Механикалық және аэрозольді бүріккіштер мен көзден жас ағызатын, тітіркендіргіш және адам ағзасына теріс әсер ететін құрылғылар.

      3. Заттар:

      1) жарылғыш;

      2) улы;

      3) уландырғыш;

      4) радиоактивті;

      5) көз ашытатын;

      6) пиротехникалық;

      7) тез тұтанатын.

  Қазақстан Республикасының
атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Атом энергиясын пайдалану объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары

№ р/с

Тақырыптың атауы

Өткізу нысаны

Білім алушылар контингенті

1.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптары. Объектіде терроризм актісі жасалған жағдайлардағы жауапкершілік.

дәріс

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

2.

Терроризмнің мәні мен қоғамдық қауіптілігі, террористік сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік.

дәріс

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

3.

Террористік тұрғыдан осал объектінің ерекшеліктері, оған терроризм актісі жасалған жағдайда ықтимал салдары.

дәріс

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

4.

Өткізу пунктінде көлік құралдары мен адамдарды қарап-тексеру тәртібі. Үй-жайларды қарап-тексеру, жарылғыш құрылғыларды салудың ықтимал орындарын анықтау техникасы.

дәріс

жеке күзет ұйымының қызметкерлері

5.

Террористік сипаттағы ықтимал қауіптерге ден қою жөніндегі іс қимылдардың мазмұны мен кезектілігі.

дәріс

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

6.

Терроризм актісін өткізу қаупі туралы анонимді телефон қоңырауын алған кезде объект персоналының іс-қимыл тәртібі.

нұсқама-әдістемелік сабақтар

объектінің персоналы

7.

Иесіз заттарды, күдікті затты немесе күдікті адамдарды анықтаған кезде объект персоналының іс-қимыл тәртібі.

нұсқама--әдістемелік сабақтар

объектінің персоналы

8.

Объектіге қарулы шабуыл кезінде объект персоналының іс-қимыл тәртібі.

нұсқама--әдістемелік сабақтар

объектінің персоналы

9.

Адамды кепілге алған кезде объект персоналының іс-қимыл тәртібі.

нұсқама-әдістемелік сабақтар

объектінің персоналы

10.

Терроризмге қарсы қорғаныстың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану қағидалары.

практикалық сабақтар

жеке күзет ұйымының қызметкерлері

11.

Атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналын, оның келушілерін терроризм актісі қаупі төнген немесе жасалған кезде хабардар ету тәртібі

практикалық сабақтар

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

12.

Атом энергиясын пайдалану объектісінің персоналын, оның келушілерін эвакуациялауды ұйымдастыру

практикалық сабақтар

объектінің персоналы,
жеке күзет ұйымының қызметкерлері

  Қазақстан Республикасының
атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілерінің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша

Атом энергиясын пайдалану объектілері әртүрлі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қауіптерге іс-қимыл алгоритмдері

      1. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кезде келушілердің әрекеттері:

      1) қорғану, ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайда паналау, есікті бұғаттау, аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің келуін күту;

      2) құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      2. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кезде персоналдың іс-қимылы:

      1) қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын, күзетшілерді, персоналды, объектінің басшылығын кез келген тәсілмен хабардар ету;

      2) қорғану, ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайда паналау, есікті бұғаттау, аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің келуін күту.

      3. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кезде объектінің жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің әрекеттері:

      1) қарулы қаскүнемді анықтау;

      2) оның объектідегі адамдардың жаппай болатын орындарына жылжуына тосқауыл қою;

      3) объектінің басшылығын, аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын қарулы шабуыл фактісі туралы хабардар ету;

      4) объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

      5) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      4. Қарулы шабуыл қаупі туындаған кезде объект басшылығының әрекеттері:

      1) аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын қарулы шабуыл фактісі мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;

      2) объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараны ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау);

      3) объект персоналының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      5. Адамды кепілге алу қаупі туындаған кезде келушілердің әрекеттері:

      1) қорғану, кепілге алудан аулақ болу, ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайда паналау, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан кету қауіпсіздігі мүмкіндігіне дейін шыдау;

      2) құқық қорғау және (немесе) аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын кепілге алу мән-жайлары мен шабуылдаушылар (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) туралы кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдендірілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабардар ету.

      6. Адамды кепілге алу қаупі туындаған кезде объект персоналының әрекеттері:

      1) қорғану, кепілге алынудан аулақ болу, ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайда паналау, есікті бұғаттау, аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері келгенге дейін шыдау;

      2) кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету шартымен ғана аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын кепілге алу мән-жайлары мен шабуылдаушылар (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) туралы хабардар ету.

      7. Адамды кепілге алу қаупі туындаған кезде объектінің жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің іс-қимылдары:

      1) қарулы қаскүнемді анықтау;

      2) оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      3) объектінің басшылығын, аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын кепілге алуға оқталу фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету;

      4) объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, зиянкестердің жолындағы ішкі кедергілерді бұғаттау);

      5) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету (кепілге алынбау).

      8. Адамды кепілге алу қаупі туындаған кезде объект басшылығының әрекеттері:

      1) аумақтық ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарын кепілге алу әрекетінің фактісі мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету;

      2) объектіде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау);

      3) объект персоналының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.

      9. Адамды кепілге алу кезінде атом энергиясын пайдалану объектісіне келушілердің және (немесе) персоналдың іс-қимылдары:

      1) "өзіңізді ұстаңыз", тынышталыңыз, үрейленбеңіз, тыныш дауыспен сөйлесіңіз;

      2) террористердің бостандықтан айыру мен қорлауына табанды және ұстамды түрде шыдау, қылмыскерлердің көзіне қарамау, арандатушылықпен әрекет етпеу. Қылмыскерлерді физикалық күш немесе қару қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу;

      3) қылмыскерлердің талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, ашуланшақтық пен дүрбелеңге жол бермеу;

      4) мүмкін болатын қатал сынаққа физикалық және психикалық тұрғыдан дайындалыңыз;

      5) ұрлаушыларға сыртқы жеккөрушілік пен немқұрайлылық білдірмеңіз;

      6) басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) қарақшылардың барлық нұсқауларын орындаңыз. Басқыншылардан кез келген әрекетті жасауға рұқсат сұрау: отыру, тұру, ішу, дәретханаға бару;

      7) өз мінез-құлқыңызбен террористердің назарын аудармаңыз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін;

      8) қашудың сәттілігіне толық сенімділік болмаса, жүгіруге тырыспаңыз;

      9) террористер туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтаңыз (олардың саны, қару-жарақ, сыртқы түрі, дене бітімі, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы);

      10) орналасқан жеріңізді анықтауға тырысыңыз;

      11) мүмкіндік болған кезде, байланыстың кез келген қолжетімді тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған оқиға туралы аумақтық ішкі істер органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына немесе объектіні күзет қызметіне хабарлауға тырысу;

      12) қандай тағам болса да, оны назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі;

      13) жарақат алған кезде өзіңізге алғашқы көмек көрсетуге тырысыңыз;

      14) ең бастысы-қарақшылар өздерін басқаруды тоқтатса да, үрейленбеу;

      15) терезелерден, есіктерден және террористердің өздерінен аулақ болыңыз. Бұл үй-жайға шабуыл жасау, қылмыскерлерді жеңу үшін мергендерді ату кезінде сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет.

      10. Арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің кепілге алынғандарды босату жөніндегі операцияларды жүргізуі кезінде атом энергиясын пайдалану объектісіне келушілердің және (немесе) персоналдың іс-қимылдары:

      1) еденге етпетіңнен жатып, қабырғаға жабысып, басыңызды қолдарыңызбен жауып, қозғалмаңыз;

      2) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы жүгіруге немесе олардан қашуға болмайды, өйткені олар жүгірушіні қылмыскер деп қателесуі мүмкін;

      3) есіктер мен терезелердің саңылауларынан алысырақ тұру;

      4) егер шабуыл жасау және басып алу кезінде жәбірленушіге алдымен (жеке басын анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер сияқты біршама қате әрекет көрсетсе, ашуланбаңыз. Босатылған кепілге алынған адамды тінтуге, жауапқа тартуға, қажет болса кісендеуге, байлауға тиіс. Бұған түсіністікпен қарау қажет, өйткені мұндай жағдайларда шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерін (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіруге және шынайы қылмыскерлерді анықтауға дейін) ақтап алуға болады.

      11. Күдікті зат табылған кезде келушілердің іс-қимылдары:

      1) қол тигізбеңіз, жақындамаңыз, қозғамаңыз;

      2) иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрау;

      3) радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы затқа жақын пайдаланудан бас тарту;

      4) табылған уақыты мен орнын жазып алыңыз;

      5) күдікті заттың табылғаны туралы объектінің күзетіне және персоналына не құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;

      6) жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны табудың маңызды мән-жайларын сипаттауға дайын болу;

      7) дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуі қажет адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      8) өмірге қауіп төнген кезде қорғауды қамтамасыз ететін заттардың (ғимараттың бұрышы, колонна, жуан ағаш, автомашина) артын паналау;

      9) объектіні күзетуді, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті тұлға/адамдар (саны, қаруы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) туралы хабардар ету;

      10) объектіден шығып кету және (немесе) күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта паналау.

      12. Күдікті затты анықтаған кездегі персоналдың іс-қимылдары:

      1) қол тигізбеңіз, жақындамаңыз, қозғамаңыз;

      2) иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрау;

      3) радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы затқа жақын пайдаланудан бас тарту;

      4) табылғануақыты мен орнын жазып алыңыз;

      5) күдікті заттың табылғаны туралы объектінің күзетіне және персоналына не аумақтық ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау;

      6) жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны табудың маңызды мән-жайларын сипаттауға дайын болу;

      7) дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуі қажет адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      8) күзетпен бөгде адамдардың күдікті затқа және қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру;

      9) қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу;

      10) өмірге қауіп төнген кезде қорғауды қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, колонна, жуан ағаш, автомашина) паналау, бақылау жүргізу;

      11) объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардың күзетіне күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары (саны, қаруы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) болуы мүмкін адамдар тобы анықталған жағдайда хабарлау;

      12) келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылыққа және күзетке жәрдем көрсетуге;

      13) объектіден шығып кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта паналау.

      13. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің күдікті зат табылған кездегі іс-қимылдары:

      1) қол тигізбеңіз, жақындамаңыз, қозғамаңыз;

      2) иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналасындағылардан сұрау;

      3) радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы затқа жақын пайдаланудан бас тартуға;

      4) табылған уақыты мен орнын жазып алыңыз;

      күзетте күдікті заттың табылғаны туралы объектінің персоналына не құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;

      5) жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны табудың маңызды мән-жайларын сипаттауға дайын болу;

      6) дүрбелең туғызбау үшін болған оқиға туралы білуі қажет адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарлауға болмайды;

      7) бөгде адамдардың күдікті затқа және қауіпті аймаққа қажетті қашықтықтан кіруін шектеуді қамтамасыз ету;

      қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      8) өмірге қауіп төнген кезде қорғауды қамтамасыз ететін заттарды (ғимараттың бұрышы, баған, жуан ағаш, автомашина) паналау, бақылау жүргізу;

      9) күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары (саны, қаруы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты) болуы мүмкін адамдар тобы анықталған жағдайда, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдардың күзетін хабардар ету.

      14. Күдікті зат анықталған кезде басшылықтың іс-қимылдары:

      1) құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдарға күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабарлау;

      2) қажетті қашықтықта иесіз күдікті заттың табылған орнын қоршауды ұйымдастыру;

      3) адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау;

      4) күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралауды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету;

      5) объект персоналының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, қажетті ақпарат беру.

      15. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер:

      1) табылған затта сымдардың, арқандардың, оқшаулағыш таспаның болуы;

      2) заттан шығатын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттардың тықылдауы;

      3) заттан бадамға тән иіс немесе ерекше иіс шығады;

      4) табылған заттың басқаша орналастырылуы;

      5) сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас қоректендіру көздерінің әртүрлі түрлерінің табылған нысанына орнатылған сым.

      16. Жарылғыш құрылғы немесе зат табылған кезде ол жерден алыстату және (немесе) қоршау үшін қашықтық:

      1) РГД-5 гранатасы -50 метр;

      2) Ф-1 гранатасы – 200 метр;

      3) салмағы 200 грамм тротил дойбы – 45 метр;

      4) салмағы 400 грамм тротил дойбы - 55 метр;

      5) сыра банкасы 0,33 литр - 60 метр;

      6) дипломат (кейс) - 230 метр;

      7) жол чемоданы - 350 метр;

      8) "Жигули" класты автокөлік - 460 метр;

      9) "Волга" класындағы автокөлік - 580 метр;

      10) шағын автобус - 920 метр;

      11) жүк көлігі (фургон) – 1240 метр.

      17. "Жанкешті-лаңкестерді" пайдалана отырып шабуыл жасау кезіндегі персонал мен келушілердің іс-қимылдары:

      1) қорғану, ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайда паналау, есікті бұғаттау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенше күту;

      2) құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объектінің басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      18. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің "жанкешті-террористерді" қолдана отырып шабуыл жасау кезіндегі іс-қимылдары:

      1) оның объектідегі адамдардың жаппай болатын жерлеріне қарай жылжуына тосқауыл қою;

      2) объектінің басшылығына, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы кез келген тәсілмен хабарлау;

      3) объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді бұғаттау);

      4) қажет болған кезде күдікті адамның немесе адамдар тобының объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы) жүріп-тұруын бақылауды ұйымдастыру;

      5) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      19. "Жанкешті-террористерді" қолдану арқылы шабуыл жасау кезіндегі басшылықтың іс-қимылдары:

      1) объектіде күдікті адамды немесе адамдар тобын анықтау туралы ақпаратты құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға дереу беру;

      2) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;

      3) адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету;

      4) өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      20. Телефон арқылы қауіп-қатерді алушының іс-қимылы (жеке күзет ұйымының басшысы, персоналы, қызметкері):

      1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз:

      2) дауыс (қатты немесе тыныш, төмен немесе жоғары);

      3) сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);

      4) айтылуы (айқын, бұрмаланған, кекештенген, сыбырлаған, екпінмен немесе диалектімен);

      5) сөйлеу мәнері (бей-берекет, мазақ, балағат сөздермен);

      6) дыбыстық фонға (автомобиль немесе теміржол көлігінің шуы, теле - немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңыраудың сипатына (қалалық, қалааралық) назар аударыңыз;

      7) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын жазыңыз;

      8) әңгіме барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:

      - бұл адам қайда, кімге, қай телефонға қоңырау шалады?

      - ол қандай нақты талаптар қояды?

      - жеке өзі талаптар қояды ма, әлде делдал рөлін атқарады ма және адамдардың қандай да бір тобын білдіреді ме?

      - ол қандай шарттармен немесе олар жоспардан бас тартуға келіседі?

      - онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      - сіз бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?

      9) қоңырау шалушыдан сіз және мектеп басшылығы шешім қабылдауы немесе қандай да бір әрекет жасауы үшін мүмкін болатын ең ұзақ уақыт аралығына қол жеткізуге тырысыңыз;

      10) әңгімелесу процесінде немесе әңгімелесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және атом энергиясын пайдалану объектісінің басшылығына телефон қатері туралы хабарлау.

  Қазақстан Республикасының
атом энергиясын пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге
асыратын террористік тұрғыдан
осал объектілердің терроризмге
қарсы қорғалуын ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша

Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын есепке алу журналы (титул парағы)

      ___________________ (ұйымның атауы)

      Терроризмге қарсы дайындық бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуді есепке алу № ___ журналы

      20__ "___" ___журналдың басталуы,

      журналдың аяқталуы 20__ "___" __.

      1-бөлім. Нұсқамалар

№ р/с

Нұсқама өткізілген күні

Нұсқама берілетін адамның Т. А. Ә, (болған жағдайда) және лауазымы

Нұсқама түрі

Нұсқама өткізген адамның Т. А. Ә, (болған жағдайда) және лауазымы

Нұсқама берілетін адамның қолы

Нұсқаманы өткізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

      2-бөлім. Сабақ

      1. Сабақ өткізілетін күн.

      2. Сабақтың тақырыбы.

      3. Оқу сұрақтары.

      4. Қатысып отырған персоналдардың саны.

      5. Сабақты өткізген адамның қолы.

      Сабақтарды өткізу туралы негізгі есепті құжаттар:

      1. Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізуді есепке алу журналы;

      2. Терроризмге қарсы бағыттағы нұсқамалар өткізу графигі;

      3. Практикалық сабақтарды өткізу графигі;

      4. Практикалық сабақтарды дайындау және өткізу жоспары;

      5. Терроризмге қарсы дайындық бойынша іс-шараларды өткізу нәтижелері туралы есеп;

      6. Теориялық сабақтардың өткізілген тақырыптары бойынша дәріс материалдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады