ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық сауда қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қабылданған шешім туралы үміткерге аккредиттеу туралы немесе тауар биржасы аккредиттеуден негізді бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.";
21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"21-тарау. Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тауар биржасы арқылы сатып алуды өткізу тәртібі";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Табиғи монополиялар субъектілерінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың сатып алулары, сондай-ақ стандартталған тауарларды ұлттық компаниялардың тауар биржалары арқылы сатып алулары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.";
140, 141, 142 және 143-тармақтар алып тасталсын;
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі