"Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 317-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 35012 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық сауда қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қабылданған шешім туралы үміткерге аккредиттеу туралы немесе тауар биржасы аккредиттеуден негізді бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тауар биржасы арқылы сатып алуды өткізу тәртібі";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Табиғи монополиялар субъектілерінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың сатып алулары, сондай-ақ стандартталған тауарларды ұлттық компаниялардың тауар биржалары арқылы сатып алулары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.";

      140, 141, 142 және 143-тармақтар алып тасталсын;

      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады