"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 309 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10083 болып тіркелген).
2. "Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14099 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 287 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21156 болып тіркелген).