Аккредиттеу картасын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 407-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 қыркүйекте № 35040 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Аккредиттеу картасын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 407-НҚ бұйрыққа
қосымша

Аккредиттеу картасын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы аккредиттеу картасын беру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) аккредиттеу карталарыy беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;

      2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;

      3) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле -, радиоарна, интернет-басылым;

      4) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – материалдарды жинауды, дайындауды, бұқаралық ақпарат құралын шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шығармашылық ұжым;

      5) бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

      6) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

      7) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және оның өкілеттігін мемлекеттік органның және (немесе) ұйымның тануы;

      8) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Бұқаралық ақпарат құралдары журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібімен бірыңғай медиа платформа арқылы аккредиттейді.

      Аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында журналистерге (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу карталары беріледі.

2-тарау. Аккредиттеу картасын беру тәртібі

      4. Аккредиттеуші ұйым аккредиттеу картасын беруге өтініштерді қабылдауды бастау туралы хабарландыруды бірыңғай медиа платформада қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

      5. Аккредиттеуші ұйымның жанынан өз журналистері (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) үшін аккредиттеу картасын алуға ниет білдірген бұқаралық ақпарат құралдары он жұмыс күні ішінде бірыңғай медиа платформада аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) көшірмесін, аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін пайдалануға келісімін және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) фотосуретін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралы редакциясы өкілінің қолы қойылған аккредиттеу картасын беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      6. Өтінішті қарау мерзімі – осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.

      Өтінішті аса маңызды мемлекеттік объектілерде және стратегиялық объектілерде қарау мерзімі – он жұмыс күні.

      7. Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы бірыңғай медиа платформа арқылы хабардар етеді:

      1) аккредиттеу картасын беру туралы;

      2) аккредиттеу картасын беруден бас тарту туралы.

      8. Аккредиттеу картасы аккредиттеуші ұйым айқындайтын мерзімге беріледі.

      9. Мыналар:

      1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

      2) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы аккредиттеу картасын беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      10. "Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 тіркелген) бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес аккредиттеу картасынан айырудың (күшін жоюдың) негізі айқындалады.

      11. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен аккредиттеу картасын беруден бас тартуға шағым жасай алады.

  Аккредиттеу картасын
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аккредиттеу картасы №___



      (Фотосуретке арналған орын)

      Осы аккредиттеу картасы: ____________________________________________ берілді.

      (журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      және

      _______________________________________________аккредиттеуді растайды.

      (Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының, қоғамдық бірлестігінің

      және ұйымының атауы)

      Журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      __________________________________________________________________

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы) қызметкері болып табылады.

      Қолданылу мерзімі_______.

      _______________________.

      Лауазымы ТАӘ

      QR

  Аккредиттеу картасын
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  __________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның
атауы
__________________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралдарының
атауы ақпарат)

Аккредиттеу картасын беру туралы

ӨТІНІШ

      Сізден _______________________________аккредиттеу картасын беруіңізді сұраймын

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон нөмірі, факс нөмірі, электрондық

                        мекенжайы)

      Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

      1) бұқаралық ақпарат құралының атауы: ____________________________;

      2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)

      және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): _____________________________;

      3) бұқаралық ақпарат құралының телефон, факс нөмірлері, электрондық

      мекенжайы: ______________________________________________;

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының

      Заңына сәйкес дербес деректерін пайдалануға келісімі.

      Өтініште көрсетілген журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)

      _________________________________________жұмыскері екенін растаймын.

      (бұқаралық ақпарат құралының атауы)

      _____________________

      (бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық

      ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

      "___" _________20__жыл

Об утверждении Правил выдачи аккредитационной карты

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 5 сентября 2024 года № 407-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 сентября 2024 года № 35040.

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      В соответствии с пунктом 1 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила выдачи аккредитационной карты согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр культуры
и информации
Республики Казахстан
от 5 сентября 2024 года
№ 407-НҚ

Правила выдачи аккредитационной карты

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи аккредитационной карты (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" (далее – Закон) и определяют порядок выдачи аккредитационной карты для журналистов (представителей средств массовой информации).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) упрощенный порядок аккредитации – автоматизированный процесс аккредитации средств массовой информации и их журналистов (представителей средств массовой информации) посредством выдачи аккредитационной карты;

      2) главный редактор (редактор) – физическое лицо, возглавляющее редакцию средства массовой информации и имеющее соответствующие полномочия на выпуск и распространение продукции средства массовой информации;

      3) средство массовой информации – периодическое печатное издание, теле-, радиоканал, интернет-издание;

      4) редакция средства массовой информации – физическое лицо либо творческий коллектив, являющийся структурным подразделением юридического лица, осуществляющие сбор, подготовку материалов, выпуск и распространение средства массовой информации;

      5) единая медиаплатформа – информационная система, предназначенная для реализации государственной информационной политики;

      6) журналист (представитель средств массовой информации) – физическое лицо, осуществляющее деятельность по сбору, обработке и подготовке сообщений и материалов для средства массовой информации на основе трудовых или иных договорных отношений с редакцией средства массовой информации;

      7) аккредитация журналиста (представителя средства массовой информации) – процедура назначения журналиста и признание его полномочий государственным органом и (или) организацией;

      8) уполномоченный орган в области масс-медиа (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование в области масс-медиа.

      3. Средства массовой информации аккредитовывают своих журналистов (представителей средств массовой информации) в упрощенном порядке аккредитации посредством единой медиаплатформы.

      Журналистам (представителям средств массовой информации) выдаются аккредитационные карты, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

Глава 2. Порядок выдачи аккредитационной карты

      4. Аккредитующая организация размещает на единой медиаплатформе объявление о начале приема заявлений на выдачу аккредитационной карты на казахском и русском языках.

      5. Средства массовой информации, изъявившие желание получить аккредитационную карту для своих журналистов (представителей средств массовой информации) при аккредитующей организации, в течение десяти рабочих дней представляют на единой медиаплатформе заявление о выдачи аккредитационной карты (далее – заявление), по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам за подписью главного редактора и (или) представителя редакции средства массовой информации с приложением копии документа, удостоверяющего личность аккредитуемых журналистов (представителей средств массовой информации) (требуется для идентификации личности), согласия аккредитуемого журналиста (представителя средств массовой информации) на использование персональных данных в соответствии с Законом Республике Казахстан "О персональных данных и их защите" и фотография аккредитуемого журналиста (представителя средств массовой информации).

      6. Срок рассмотрения заявления – три рабочих дня со дня окончания приема документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил.

      Срок рассмотрения заявления в особо важных государственных объектах и стратегических объектах – десять рабочих дней.

      7. Аккредитующая организация по итогам рассмотрения заявления уведомляет заявителей об одном из следующих решений посредством единой медиаплатформы:

      1) о выдаче аккредитационной карты;

      2) об отказе в выдаче аккредитационной карты.

      8. Аккредитационная карта выдается на срок, определяемый аккредитующей организацией.

      9. Основаниями для отказа в выдаче аккредитационной карты являются:

      1) не предоставление документов, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил;

      2) наличие вступившего в законную силу решения суда о приостановлении либо прекращении распространения продукции средства массовой информации, либо выпуска средства массовой информации;

      3) отсутствие в реестре поставленных на учет средств массовой информации.

      10. Основание лишения (аннулирования) аккредитационной карты определяются в соответствии с Типовыми правилами аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации), утвержденными приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан от 20 августа 2024 года № 367-НҚ "Об утверждении Типовых правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 34967).

      11. Отказ в выдаче аккредитационной карты может быть обжалован представителем средства массовой информации в порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам выдачи
аккредитационной карты
  Форма

Аккредитационная карта
№ ____



(Место для фотографии)

      Настоящая аккредитационная карта выдана:
__________________________________________________________________,
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) журналиста
(представителя средств массовой информации)
и подтверждает аккредитацию в
__________________________________________________________________.
(наименование государственного органа, общественного объединения
и организации Республики Казахстан)
Журналист (представитель средств массовой информации) является работником
__________________________________________________________________.
(наименование средства массовой информации)
Срок действия _________________.
______________________________.
Должность ФИО (при его наличии)
QR

  Приложение 2
к Правилам выдачи
аккредитационной карты
  Форма
  __________________________
кому (наименование
аккредитующей организации)
__________________________
от кого (наименование средства
массовой информации)

ЗАЯВЛЕНИЕ
о выдаче аккредитационной карты

      Прошу Вас выдать аккредитационную карту __________________________________.
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), номер телефона, факса, электронный
адрес)

      Сведения о средстве массовой информации:

      1) наименование средства массовой информации: ______________________________;

      2) юридический адрес (для физических лиц) и местонахождение
(для юридических лиц) средства массовой информации:
_________________________________________________________________________;

      3) номера телефонов, факсов, электронный адрес средства массовой информации:
_________________________________________________________________________.

      Прилагаемые документы:

      1) копия документа, удостоверяющего личность аккредитуемого журналиста
(представителя средств массовой информации);

      2) согласие аккредитуемого журналиста (представителя средств массовой
информации) на использование персональных данных в соответствии с законом
Республике Казахстан "О персональных данных и их защите".
Подтверждаю, что указанный в заявлении журналист (представитель средств
массовой информации) является работником
_________________________________________________________________________.
(наименование средства массовой информации)
_________________________________________________________________________
(подпись главного редактора и (или) собственника средства массовой информации)
"___" _________ 20__ года