ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ Бұйрығына қосымша |
Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) аккредиттеудің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары (бұдан әрі – аккредиттеуші ұйым (дар)) жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;
2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;
3) бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, теле -, радиоарна, интернет-басылым;
5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және оның өкілеттігін мемлекеттік органның және (немесе) ұйымның тануы;
7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
8) іс-шара регламенті – аккредиттеуші ұйыммен жүргізілетін іс-шараның жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.
3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі
1-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу
4. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу аккредиттеуші ұйымның жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.
5. Аккредиттеуші ұйым өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдау және қарау тәртібін, оның ішінде мерзімдерін белгілейді.
6. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.
7. Аккредиттеуші ұйым өзінің интернет-ресурсында журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
8. Аккредиттеуші ұйым он жұмыс күні ішінде аккредиттеуші ұйым жанынан өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуге тілек білдірген бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.
9. Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.
Аса маңызды мемлекеттік объектілерде және стратегиялық объектілерде тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - он жұмыс күні.
10. Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) аккредиттеу туралы;
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
11. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
1) оның аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдарынан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
2) аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.
12. Аккредиттеуші ұйым өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.
13. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.
Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
14. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;
2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан аккредиттеуші ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген шарттарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.
15. Аккредиттеуші ұйым негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.
16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.
17. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиа платформа арқылы "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.
2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу
18. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
19. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолымен ұсынады
20. Аккредиттеуші ұйым өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:
1) аккредиттеу туралы;
2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.
21. Уақытша аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:
1) оның аккредиттелген мемлекеттік органдар мен ұйымдарынан алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;
2) аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шаралар регламентінің сақтау;
3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.
22. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:
1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
2) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілі)________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)
аккредиттеуді сұраймын.
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар
үшін):_______________________________________________;
3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық
мекенжайы:________________________________________________________
____________.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
______________________________________________________.қызметкер
екенін растаймын.
(бұқаралық ақпарат құралының атауы)
_____________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20__жылғы "___" _________
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
_______________________________________аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):
_______________________________________________;
3) телефондардың, факстың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық
мекенжайы: _________________________________________________________
___________.
_____________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20__жылғы "___" ________
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы өтініш
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)
уақытша аккредиттеуді сұраймын.
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): ______________________________________;
3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының
электрондық мекенжайы:_______________________________________________.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
______________________________________________________.қызметкер
екенін растаймын.
(бұқаралық ақпарат құралының атауы)
_____________________
(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)
20__жылғы "___" _________