Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35054 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 613 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

Қосымша талап

1.

Көрсетілетін қызметтер:


1.1.

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтер

Медициналық қарап тексеру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс

1.2.

Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер және өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс

1.3.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтер

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер көрсетілген қызметтерді сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс

1.4.

Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтер

Корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер корпоративтік басқару жүйелерін бағалау бойынша кемінде бес жыл немесе Қазақстанда да, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде де он ірі компанияда тәжірибенің болуы тиіс

1.5.

Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп ұстау бойынша қызметтер

Гүлдерді отырғызу және оларды күтіп ұстау бойынша қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер қызметтерді сатып алу жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында орналасуы тиіс

2.

Жұмыстар:


2.1.

Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар

Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды орындайтын әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілер көрсетілген жұмыстарды сатып алу жоспарланып отырған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумағында болуға тиіс

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 613 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 "Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18359 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1229 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30991 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 218 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34262 болып тіркелген).

Об утверждении перечня отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 сентября 2024 года № 613. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 сентября 2024 года № 35054

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      В соответствии с пунктом 7 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Приложение 1 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 10 сентября 2024 года № 613

Перечень отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования

Наименование

Дополнительное требование

1.

Услуги:


1.1.

Услуги по медицинскому осмотру

Потенциальные поставщики и поставщики, оказывающие услуги по медицинскому осмотру должны находиться на территории соответствующей административно-территориальной единицы (области, города республиканского значения и столицы), на которой планируется приобретение указанных услуг

1.2.

Услуги по организации питания

Потенциальные поставщики и поставщики, оказывающие услуги по организации питания должны находиться на территории соответствующей административно-территориальной единицы (области, города республиканского значения и столицы), на которой планируется приобретение указанных услуг

1.3.

Услуги по утилизации медицинских отходов

Потенциальные поставщики и поставщики, оказывающие услуги по утилизации медицинских отходов должны находиться на территории соответствующей административно-территориальной единицы (области, города республиканского значения и столицы), на которой планируется приобретение указанных услуг

1.4.

Услуги по независимой оценке корпоративного управления

Потенциальные поставщики и поставщики, оказывающие услуги по независимой оценке корпоративного управления должны иметь опыт по оценке систем корпоративного управления не менее пяти лет или в десяти крупных компаниях, как в Казахстане, так и за пределами Казахстана

1.5.

Услуги по посадке цветов и их содержанию

Потенциальные поставщики и поставщики, оказывающие услуги по посадке цветов и их содержанию должны находиться на территории соответствующей административно-территориальной единицы (области, города республиканского значения и столицы), на которой планируется приобретение указанных услуг

2.

Работы:


2.1.

Работы по содержанию автомобильных дорог

Потенциальные поставщики и поставщики, выполняющие работы по содержанию автомобильных дорог и улиц населенных пунктов должны находиться на территории соответствующей административно-территориальной единицы (области, города республиканского значения и столицы), на которой планируется приобретение указанных работ

  Приложение 2 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 10 сентября 2024 года № 613

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

      1. Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2019 года № 155 "Об утверждении перечня отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 18359).

      2. Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 5 декабря 2022 года № 1229 "О внесении изменений в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 февраля 2019 года № 155 "Об утверждении перечня отдельных товаров, работ, услуг, при государственных закупках которых к потенциальным поставщикам и поставщикам могут быть установлены дополнительные требования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30991).

      3. Пункт 2 Перечня некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 17 апреля 2024 года № 218 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34262).