Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 сәуірде № 34262 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 17 сәуірдегі
№ 218 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 10.09.2024 № 613 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Ұйымдастырушы қажет болған кезде тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына не ескертулеріне жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді тапсырыс беруші осы Қағидалардың 71-тармағында белгіленген тәртіппен бекітеді.

      Тапсырыс беруші қажет болған кезде тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке немесе шарттың жобасына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы бекітілген шешімді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 130-1-тармақпен толықтырылсын:

      "130-1. Осы Қағидаларға 7-3-қосымшада көзделген тауарларды, жұмытарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарийден мәліметтер мен құжаттар қолданылады.";

      131-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Егер сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын және әлеуетті өнім берушінің төленген салықтар көрсеткіші үш пайыздан жоғары болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде әрбір ноль бүтін оннан бір (0,1) пайыздан асатын көрсеткіш үшін ноль бүтін оннан бір (0,1) пайыз, бірақ үш пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңілдік береді.";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған қатысуға өтінімнің бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшін) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан екі пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      мынадай мазмұндағы 146-1-тармақпен толықтырылсын:

      "146-1. Әлеуетті өнім берушінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған тендерге қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол көрсетілген техникалық құжаттаманың бағасынан бес пайыздан артық болса, демпингтік болып танылады.";

      360-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "360. Сатып алуды ұйымдастырушы тендер тәсілімен сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібін айқындау үшін "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес үлгілік тендерлік құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерінде тендерлік құжаттаманы әзірлейді.";

      411-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "411. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендер лоттарының жалпы сомасына (әлеуетті өнім беруші қатысатын) немесе тендердің әрбір лотына (әлеуетті өнім беруші қатысатын) жеке жасайды.";

      412-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "412. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді:

      әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарнасы;

      үлгілік тендерлік құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес банктік кепілдігі түрде енгізеді.";

      426-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "426. Тендерлік комиссия тендерге қатысуға өтінімдерді қарайды және тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады).

      Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес ресімделеді, оған тендерлік комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағына қол қояды. Тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға бар болған жағдайда сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін.

      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және тендерлік құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда тендерге қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді.";

      458-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "458. Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған тендерге қатысуға өтінімнің бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      462-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "462. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуге (техникалық қадағалау) арналған тендерге қатысуға өтінімнің бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен құрылыстағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі Нормативтік құжатқа сәйкес есептелген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.";

      462-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "462-3. Осы Қағидалардың 458, 460, 461 және 462-тармақтарында көзделген жағдайларда, демпингтік бағаларды ұсынуға жол берілмейді.";

      469-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 42-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;";

      мынадай мазмұндағы 484-1-тармақпен толықтырылсын:

      "484-1. Қолдану мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда, ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып жойылады. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші сатып алу туралы шартқа тиісті қаржы жылында міндеттемелерді қабылдауға арналған қосымша келісім жасалған кезден бастап он жұмыс күні ішінде енгізіледі.";

      көрсетілген Қағидалардың 3 қосымшасы Тендерлік құжаттаманың 47-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Егер сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса және әлеуетті өнім берушінің төленген салықтар көрсеткіші төрт пайыздан жоғары болған жағдайда, веб-портал автоматты түрде бір оннан (0,1) пайыздан асатын, бірақ үш пайыздан аспайтын әрбір пайыз үшін шартты жеңілдік береді.";

      осы тізбеге 15-қосымшаға сәйкес 7-3-қосымшасымен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада:

      Аукциондық құжаттамада:

      2-тармағының 6) тармақшасына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      61-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде сатып алудың алдын ала жылдық Жоспары шеңберінде өткізілген сатып алу қорытындыларына шағым жасау рәсімдері тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (даму жоспары, жеке қаржыландыру жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      75-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің және авансты қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады (егер сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда):

      1) жеткізушінің электрондық әмиянындағы ақша;

      2) Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдікті қамтуға тиіс.";

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
8-қосымша

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
10-қосымша

      Ескерту. 10-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
11-қосымша

      Ескерту. 11-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
12-қосымша

      Ескерту. 12-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
13-қосымша

      Ескерту. 13-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
14-қосымша

      Ескерту. 14-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 10.09.2024 № 613 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
15-қосымша
  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қорының
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің сатып
алуын жүзеге асыру
қағидаларына
7-3-қосымша

Сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптастырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасынын әзірлеу жөніндегі жұмыстар

3.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады