БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25210 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қаптау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі - оператор) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан жасалған орамаларды (бұдан әрі – орамалар) өндірушілердің (импорттаушылардың) (бұдан әрі – орамалардың өндірушілері (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемі түрінде енгізілген ақшалай қаражаттын "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі - өндірушілер) өтейді.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі