ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Сертификаттаудың мақсаты – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың мемлекеттік аудиторға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін олардың кәсіби білімінің, дағдылары мен тәжірибесінің, іскерлік қасиеттерінің және әлеуетті мүмкіндіктерінің деңгейін белгілеу.";
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) апелляция – кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;
2) апелляциялық комиссия – кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін құрылатын комиссия;";
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) білімді растау жөніндегі ұйым – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарды оқытатын ұйым;";
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) емтихан комиссиясы – біліктілік емтиханының нәтижелерін тексеру мен бағалауды жүзеге асыру үшін құрылатын комиссия;";
5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйымдар мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттарды оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
Білімді растау "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Орталық) базасында "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 қаулысының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі.
Білімді растау жөніндегі ұйымдардың тізімі Жоғары аудиторлық палатаның және уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
6. Біліктілік емтиханы тест сұрақтарынан және кешенді ахуалдық тапсырмалардан тұрады.
Біліктілік емтиханы кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.
7. Пәндер бойынша біліктілік емтихандарын өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатаның;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық айқындайды.
8. Кандидат білімін растауға қатысу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат тапсыруға үміт білдірген біліктілік емтиханы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
9. Өтініш және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі құжат тігілетін папкаға бекітіледі, оның беткі жағында: №__ жеке іс, кандидаттың аты және әкесінің аты (ол болған кезде), тегі, ресімделу күні көрсетіледі.";
10-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Үлгілік тест сұрақтарының тізбесін және үлгілік кешенді ахуалдық тапсырмалардың мазмұнын Орталық Жоғары аудиторлық палатаның, уәкілетті органның келісімі бойынша әзірлейді және Орталықтың интернет-ресурсына орналастырады.";
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар кандидаттар Жұмыс органының шешімі бойынша сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандарды тапсырудан мынадай тәртіппен босатылады:";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Орталық емтихан модульдері бойынша біліктілік емтиханын олар келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісілгеннен кейін ұйымдастырады.
Тест сұрақтары мен кешенді ахуалдық тапсырмалардан тұратын емтихан модульдері қолданыстағы заңнама, мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттары ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жыл сайын жаңартуға жатады.";
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Біліктілік емтиханынан өту кезінде кандидатқа басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (соның ішінде дербес қалта компьютерлері мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына, үй-жайдан қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты шығаруына, қадағалаушылардың ілесіп жүруінсіз үй-жайдан шығуына жол берілмейді.
Кандидат осы тармақтың талаптарын бұзған кезде кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады, ал біліктілік емтиханының қолда бар аралық нәтижелерінің күші жойылады. Қадағалаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт жасайды.
Қадағалаушылардың құрамына: Жоғары аудиторлық палатаның бір өкілі, уәкілетті органның бір өкілі, Орталықтың бір өкілі кіреді.
19. Өзіне қатысты біліктілік емтиханы рәсімінің бұзылғаны туралы акт жасалған кандидат Орталықтың тиісті күнтізбелік жылға бекіткен Біліктілік емтихандарының кестесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап алты ай өткеннен кейін оны қайта өтеді.
20. Біліктілік емтиханын өткізу кезінде тиісті мемлекеттік органның:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатаның;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органның өкілі қатысады.
Жоғары аудиторлық палатаның өкілі Орталықты алдын ала хабардар ете отырып, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін өткізілетін біліктілік емтиханының кез келген кезеңіне қатысады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Сертификаттаудың әр пәні бойынша біліктілік емтиханының ұзақтығы үш сағатттан (180 минут) аспайды, оның ішінде:
тестілеуден өтуге – 60 минуттан аспайтын, кешенді ахуалдық тапсырмаларды шешуге – 120 минуттан аспайтын уақыт беріледі.";
25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Тестілеу нәтижелері және кешенді ахуалдық тапсырмалардың шешімі ведомоспен ресімделеді және оған 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықтың өкілдері қол қояды.
26. Орталық емтихан комиссиясын:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісе отырып, адамдардың тақ санынан (кемінде бесеу) қалыптастырады.
Емтихан комиссиясының құрамына: білімді растау жөніндегі ұйымның екі өкілі, Жоғары аудиторлық палатаның бір өкілі, уәкілетті органның бір өкілі, үкіметтік емес ұйымның (келісім бойынша) бір өкілі кіреді.
27. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған кандидатқа Орталық ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімін растау туралы құжат береді.
Білімді растау туралы құжаттың көшірмесі кандидаттың жеке ісіне тігіледі.
Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша білімін растаған адамдардың тізімі ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.";
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат оны біліктілік емтиханын 1 (бірінші рет) тапсыра алмаған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес, бірақ сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсырма алмаған күнінен бастап 1 (бір) жылдан кешіктірмей қайта тапсырады.
30. Біліктілік емтиханының қорытындыларымен келіспеген кандидаттардың өтініштерін қарау үшін Орталық:
сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – Жоғары аудиторлық палатамен;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын кандидаттар үшін – уәкілетті органмен келісе отырып, сертификаттаудың тиісті мамандану (пән) салаларының сарапшылары болып табылатын және емтихан комиссиясының құрамына кірмейтін, кемінде үш мүшеден тұратын апелляциялық комиссия құрады.";
31-тармақ алып тасталсын;
33-тармақ алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай:
1) кандидаттың апелляцияға берген өтінішін қанағаттандыру және біліктілік емтиханының нәтижесіне (балына) балл (-дар) қосу туралы шешім қабылдау;
2) апелляцияға берілген өтінішті қанағаттандырусыз, ал біліктілік емтиханының нәтижесін (балын) өзгеріссіз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";
40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде аудит жүргізумен байланысты бағыттар бойынша (талдамалық, әдіснамалық, сапаны бақылау, заң тұрғысынан сүйемелдеу);
және (немесе) бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті, салықтық әкімшілендіруді, бюджетті, мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік сатып алуды болжауды, жоспарлауды және орындауды жүзеге асыруға байланысты экономикалық, қаржы салаларында;
және (немесе) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және заң сараптамасына байланысты құқықтық салада;
және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл ішкі мемлекеттік аудитор немесе мемлекеттік аудитордың ассистенті жұмыс тәжірибесі бар кандидат жіберіледі.
41. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 (бес) жыл бойы жұмыс істейтін және:
1) мемлекеттік аудитор сертификаты;
2) мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі:
ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты);
АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);
CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі:
ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);
ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);
CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор);
CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор);
АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8-пен (Аудит және анықтықты растау) немесе Cert IA ACCA (Certificate in International Auditing) (Халықаралық аудит бойынша сертификат) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификат) (орыс тілінде) бар екенін растайтын құжаты;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекет аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;
4) соңғы 2 (екі) жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі бар кандидат жіберіледі.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері, аппарат басшылары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің басшылары мен орынбасарлары (болған жағдайда) Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге Ұлттық комиссияға әңгімелесу үшін жіберіледі.";
43-тармақтың жиырмасыншы абзацы алып тасталсын;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы аудиожазба техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Аудиожазбалар әңгімелесу аяқталған күннен бастап кемінде алты ай Жұмыс органында сақталады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Жұмыс органы тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын Ұлттық комиссияда әңгімелесуден табысты өткен кандидаттарға Ұлттық комиссияның шешіміне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Жұмыс органы тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы мәліметтерді жұмыс органының интернет-ресурсына Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.".
2. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ұлттық комиссия мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді.";
4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Ұлттық комиссияның мүшелерін мүдделер қақтығысы (Ұлттық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы объективті шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін) немесе оның туындау мүмкiндiктері туралы Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша түрде хабарлау қажеттігі туралы хабардар етеді.
Кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары болған жағдайда, Ұлттық комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзiне белгiлi болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Дауыс беру әрбір кандидатпен әңгімелесу аяқталғаннан кейін, Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, Ұлттық комиссияның шешімдері қабылданды деп саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда, Ұлттық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Ұлттық комиссияның шешімдері Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсы арқылы қалың көпшілік назарына жеткізіледі.
10. Дауыс берудің нәтижелері, осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағына енгізіледі.
Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Ұлттық комиссия мүшелері осы Ереженің 6-1-тармағында көрсетілген кандидатқа дауыс беруге қатыспайды.";
11-тармақ алып тасталсын;
11-1, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1. Ұлттық комиссияның мүшелері:
1) Ұлттық комиссияның қарауына жұмыс жоспары, күн тәртібі, сондай-ақ Ұлттық комиссияның отырысында талқыланатын мәселелердің мәні бойынша ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
2) Ұлттық комиссияның отырыстарында тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттар жөнінде өз пікірін білдіреді;
3) жазбаша өтініші бойынша Ұлттық комиссияның құрамынан шығады;
4) Осы Ереженің талаптарын сақтайды;
5) Ұлттық комиссия отырыстарының жұмысына қатысады, сондай-ақ себебін көрсете отырып, Ұлттық комиссияның отырысына келмейтіндігі туралы Төрағаға жазбаша және (немесе) ауызша нысанда алдын ала хабарлайды;
6) егер кандидаттар жақын туыстары, жекжаттары болған жағдайда, мүдделер қақтығысының туындағаны немесе оның туындау ықтималдығы туралы өзіне белгілі болған сәтте Ұлттық комиссияның төрағасына жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлайды.
Ұлттық комиссияның мүшесі Ұлттық комиссия отырысында қатарынан үш реттен артық болмаған жағдайда, оны Ұлттық комиссияның құрамынан шығару туралы мәселе көтеріледі.
12. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Жоғары аудиторлық палата аппаратының Ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскері Ұлттық комиссияның хатшысы болып табылады, оны Ұлттық комиссияның төрағасы тағайындайды.
Жұмыс органы:
1) Ұлттық комиссияның дербес құрамын және тиісті күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын Ұлттық комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;
2) әңгімелесуге жіберілген мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың жеке істерін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында (бұдан әрі – Сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қарайды және қалыптастырады;
3) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға Ұлттық комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жолдайды;
4) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттардың дерекқорын жүргізеді;
5) Ұлттық комиссияның төрағасына Ұлттық комиссияның кезекті отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, тиісті материалдарды дайындайды және оның өткізілуін ұйымдастырады;
6) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тартуды дайындайды;
7) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді;
8) Сертификаттау қағидаларында айқындалған тәртіппен сертификаттарды беру журналын жүргізеді;
9) мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты береді;
10) алдағы болатын отырысқа қажетті материалдарды таратуды жүзеге асырады;
11) өз өкілеттіліктері шегінде Ұлттық комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.
13. Ұлттық комиссияның отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өткізіледі.
Ұлттық комиссияның отырысы Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет өткізіледі.
Ұлттық комиссия төрағасының шешімі бойынша Ұлттық комиссияның кезектен тыс отырыстары өткізіледі.";
қосымша осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
А. Смаилов |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы ____________________________________________________________________ (Ұлттық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Р/с | Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны | Атқаратын лауазымы | Дауыс бердім:* |
Дауыс | |
Сәйкес | Сәйкес емес | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
Барлығы: |
Ұлттық комиссия мүшесі: ___________________
(қолы)
Күні: 20__ жылғы "____" __________
Ескертпе:
*Тиісті сандар қойылатын "Барлығы" деген жолды қоспағанда, "Сәйкес" және "Сәйкес емес" деген бағандарда "+" немесе "-" деген белгілер қойылады.
** Ұлттық комиссияның мүшесі отырыста болмаған жағдайда тиісті белгі жасалады.