Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары бекітілсін.
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Жаңбыршин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 15 желтоқсан
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 04.06.2021 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1-1. Сертификаттаудың мақсаты – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың мемлекеттік аудиторға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін олардың кәсіби білімінің, дағдылары мен тәжірибесінің, іскерлік қасиеттерінің және әлеуетті мүмкіндіктерінің деңгейін белгілеу.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) апелляция – кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;
2) апелляциялық комиссия – кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін құрылатын комиссия;
3) біліктілік емтиханы – кандидаттың сертификаттау пәндері бойынша емтихан модулін орындау рәсімі;
4) білімді растау жөніндегі ұйым – мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарды оқытатын ұйым;
5) емтихан модулі – тест сұрақтарынан және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;
6) кандидат – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер Қазақстан Республикасының азаматы;
7) кандидаттың білімін растауы – біліктілік емтиханын офлайн режимде тапсыру арқылы кандидаттың білім деңгейін бағалау;
8) қадағалаушылар – біліктілік емтиханын өткізу процесін қадағалауды жүзеге асыратын адамдар;
9) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) – тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттерін айқындайтын консультативтік-кеңесші орган;
10) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау (бұдан әрі – сертификаттау) – білімін растау және Ұлттық комиссияда өтетін әңгімелесу арқылы кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру рәсімі;
11) мемлекеттік аудитор сертификаты – Ұлттық комиссия электрондық және қағаз жеткізгіштерде беретін, арнайы қорғау дәрежесі бар, кандидатқа тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруді растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
12) Ұлттық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) – қызметі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережемен (бұдан әрі – Ұлттық комиссия туралы ереже) айқындалатын Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата);
13) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент белгілеген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық айқындалатын орналасқан орны жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланудағы байланыс құралы;
14) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін қамтитын ақпараттық жүйе.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2-тарау. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау тәртібі
3. Сертификаттау мынадай:
1) мемлекеттік аудитор;
2) жоғары санатты мемлекеттік аудитор деңгейлері бойынша жүзеге асырылады.
Берілген тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитордың сертификаттары осы Қағидалардың 40 және 43-тармақтарына сәйкес мемлекеттік аудитор сертификаты берілгенге дейін қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4-1. "Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Жоғары аудиторлық палата көрсетеді.
"Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада келтірілген.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.1-параграф. Кандидаттың білімін растау
5. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған білімді растау жөніндегі ұйымдар мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидаттарды оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
Білімді растау "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - Орталық) базасында "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 935 қаулысының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес компьютерлік техниканы пайдалана отырып, біліктілік емтихандарын тапсыру жолымен жүргізіледі.
Білімді растау жөніндегі ұйымдардың тізімі Жоғары аудиторлық палатаның және уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5-1. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
6. Біліктілік емтиханы тест сұрақтарынан және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмалардан тұрады.
Біліктілік емтиханы кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Пәндер бойынша біліктілік емтихандарын өткізудің күнтізбелік жылға арналған кестесін Жоғары аудиторлық палатамен және уәкілетті органмен келісім бойынша Орталық айқындайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Кандидат білімін растауға қатысу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат тапсыруға үміт білдірген біліктілік емтиханы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Өтініш және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі құжат тігілетін папкаға бекітіледі, оның беткі жағында: №__ жеке іс, кандидаттың аты және әкесінің аты (ол болған кезде), тегі, ресімделу күні көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
12. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат мынадай:
1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
3) сәйкестік аудиті;
4) тиімділік аудиті;
5) қаржылық есептілік аудиті пәндері бойынша біліктілік емтиханын тапсырады.
13. Үлгілік тест сұрақтарының және тест нысанындағы ахуалдық тапсырмалардың тізбесін Орталық Жоғары аудиторлық палатамен, уәкілетті органмен келісім бойынша әзірлейді және Орталықтың интернет-ресурсына орналастырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.14. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі бар, тиісті сертификаттардың бағыттары бойынша жұмыс істейтін кандидаттар сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандарды тапсырудан босатылады. Емтихан тапсырудан босату Орталықтың ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби сертификаттарды берген тиісті ұйымдардан алынған растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде Жұмыс органының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) кандидаттар мынадай:
"аудитор";
АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);
АСА (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломды бухгалтер) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;
2) кандидаттар мынадай:
"кәсіби бухгалтер";
DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;
3) кандидаттар мынадай:
CIPFA (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор) біліктіліктерінің бірі болған жағдайда, "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" және "Қаржылық есептілік аудиті" пәндері бойынша емтихандар тапсырудан босатылады;
4) кандидаттар IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) біліктілігі болған жағдайда, "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Орталық емтихан модульдері бойынша біліктілік емтиханын олар келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде Жоғары аудиторлық палатамен және уәкілетті органмен келісілгеннен кейін ұйымдастырады.
Тест сұрақтары мен тест нысанындағы ахуалдық тапсырмаларды қамтитын емтихан модульдері қолданыстағы заңнаманы, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және жылына 2 (екі) рет жаңартылуға жатады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Емтихан модульдері таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатады.
17. Біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жай емтихан процесінің барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарымен жабдықталады. Аудио, бейнежазба деректерін сақтау мерзімі біліктілік емтиханын өткізген күннен бастап кемінде 6 (алты) айды құрайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.11.2023 № 21-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.18. Біліктілік емтиханынан өту кезінде кандидатқа:
- біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жайға электрондық құрылғыларды (соның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) алып кіруіне. Мұндай құрылғылар біліктілік емтиханын өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға қойылады;
- басқа адамдармен сөйлесуіне, материалдармен алмасуына;
- біліктілік емтиханын өткізуге арналған үй-жайдан қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты алып шығуына, қадағалаушылардың еріп жүруінсіз үй-жайдан шығуына жол берілмейді.
Кандидат осы тармақтың талаптарын бұзған кезде кандидаттың емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады, ал біліктілік емтиханының қолда бар аралық нәтижелерінің күші жойылады. Қадағалаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт жасайды.
Қадағалаушылардың құрамына: Жоғары аудиторлық палатаның екі өкілі, уәкілетті органның бір өкілі, Орталықтың бір өкілі кіреді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.19. Өзіне қатысты біліктілік емтиханы рәсімінің бұзылғаны туралы акт жасалған кандидат Орталықтың тиісті күнтізбелік жылға бекіткен Біліктілік емтихандарының кестесіне сәйкес бұзушылық анықталған күннен бастап алты ай өткеннен кейін оны қайта өтеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.20. Біліктілік емтиханын өткізу кезінде Жоғары аудиторлық палатаның және уәкілетті органның өкілдері біліктілік емтиханының барлық кезеңіне қатысады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.21. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.11.2023 № 21-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
22. Сертификаттаудың әр пәні бойынша біліктілік емтиханының ұзақтығы екі сағаттан (120 минут) аспайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.23. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 24.11.2023 № 21-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
24. Егер дұрыс жауаптардың саны тест тапсырмалары бойынша мүмкін болатын жүз (100) пайыздың кемінде жетпіс (70) пайызын құраса, кандидат әр пән бойынша біліктілік емтиханынан өткен болып есептеледі.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.25. Тестілеу нәтижелері ведомоспен ресімделеді және оған 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталықтың өкілдері қол қояды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.26. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
27. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң нәтиже алған кандидатқа Орталық ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімін растау туралы құжат береді.
Білімді растау туралы құжаттың көшірмесі кандидаттың жеке ісіне тігіледі.
Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша білімін растаған адамдардың тізімі ведомосқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.28. Кандидаттың мемлекеттік аудитор біліктілігіне алған білімін растау туралы құжаты оның білімін растау туралы құжат берілген күннен бастап әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берген күнге дейін екі жыл ішінде Ұлттық комиссияда одан әрі әңгімелесуден өтуі үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 24.03.2022 № 3-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.29. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған кандидат оны біліктілік емтиханын 1 (бірінші рет) тапсыра алмаған күнінен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес, бірақ сертификаттаудың белгілі бір пәнінен біліктілік емтиханын тапсырма алмаған күнінен бастап 1 (бір) жылдан кешіктірмей қайта тапсырады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2-параграф. Апелляциялық комиссия
30. Біліктілік емтиханының қорытындыларымен келіспеген кандидаттардың өтініштерін қарау үшін Орталық Жоғары аудиторлық палатамен және уәкілетті органмен келісе отырып, сертификаттаудың тиісті мамандану (пән) салаларының сарапшылары болып табылатын, кемінде үш мүшеден тұратын апелляциялық комиссия құрады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.31. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
32. Кандидат біліктілік емтиханының қорытындыларымен келіспеген жағдайда, апелляциялық комиссияға біліктілік емтиханының қорытындылары туралы хабарланған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің негізделген келіспеушілігін (нақты сұрақтардың қисынсыздығы, техникалық ақаулықтарға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері, тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасай отырып, тестілеу нәтижелері) көрсете отырып, жазбаша нысанда немесе электрондық түрде жүгінеді.
33. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай:
1) кандидаттың апелляцияға берген өтінішін қанағаттандыру және біліктілік емтиханының нәтижесіне (балына) балл (-дар) қосу туралы шешім қабылдау;
2) апелляцияға берілген өтінішті қанағаттандырусыз, ал біліктілік емтиханының нәтижесін (балын) өзгеріссіз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.35. Апелляцияға өтініш берген кандидат біліктілік емтиханының қорытындысымен танысады, өзінің апелляцияға берген өтінішін қарау кезінде қатысады.
Апелляциялық комиссияның шешімі апелляцияға берген кандидатқа беріледі және шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білімді растау жөніндегі ұйымның интернет-ресурсына орналастырылады.
36. Апелляцияға қайта берілген өтініш қаралмайды.
37. Апелляциялық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) нормаларына сәйкес шағым берілуі мүмкін.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.38. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену үшін сертификаттауға: экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит) немесе құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) және (немесе) ақпараттық технологиялар жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидат жіберіледі.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.39. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
40. Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде аудит жүргізумен байланысты бағыттар бойынша (талдамалық, әдіснамалық, сапаны бақылау, заң тұрғысынан сүйемелдеу);
және (немесе) бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті, салықтық әкімшілендіруді, бюджетті, мемлекеттік қаржыны, мемлекеттік сатып алуды болжауды, жоспарлауды және орындауды жүзеге асыруға байланысты экономикалық, қаржы салаларында, сондай-ақ аудиторлық қызметте;
және (немесе) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және (немесе) заң тұрғысынан сараптауға байланысты құқықтық салада;
және (немесе) аудит саласындағы халықаралық ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар;
және (немесе) кемінде 2 (екі) жыл ішкі мемлекеттік аудитор немесе мемлекеттік аудитордың ассистенті жұмыс тәжірибесі бар кандидат жіберіледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.41. Ұлттық комиссияда әңгімелесу үшін жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында мемлекеттік аудитор болып соңғы 5 (бес) жыл бойы жұмыс істейтін және:
1) мемлекеттік аудитор сертификаты;
2) мына халықаралық кәсіби ұйымдардың бірі:
ICAEW (Institute of Chartered Accountants in England and Wales) (Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты);
АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);
CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
IIA (Institute of Internal Auditors) (Ішкі аудиторлар институты) берген мына кәсіби біліктіліктердің бірі:
ACA (Associated Chartered Accountant) (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);
ACCA (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы);
CIPFA (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
CIPFA DipIPSAS-пен (Diploma in international public sector accounting standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша диплом) бірге CIPFA public auditor (Chartered Institute of Public Finance and Accountancy Public Auditor) (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор);
CIA (Certified Internal Auditor) (Дипломы бар ішкі аудитор);
АССА F8 (Audit and Assurance) не АССА F8-пен (Аудит және анықтықты растау) немесе Cert IA ACCA (Certificate in International Auditing) (Халықаралық аудит бойынша сертификат) бірге IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша сертификат) (орыс тілінде) бар екенін растайтын құжаты;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірлеген, ішкі мемлекет аудит және қаржылық бақылау органдары үшін қолданылатын сертификатпен (Public Audit and Assurance) (Мемлекеттік аудит және анықтықты растау) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат) кәсіби біліктілігінің бар екенін растайтын құжаты;
4) соңғы 2 (екі) жыл ішінде мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалаудың оң нәтижесі бар кандидат жіберіледі.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесінде кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссияларының төрағалары, мүшелері, аппарат басшылары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы мен орынбасарлары, Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшылары мен орынбасарлары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің басшылары мен орынбасарлары (болған жағдайда) Қағидалардың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге Ұлттық комиссияға әңгімелесу үшін жіберіледі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.42. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
3-параграф. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
43. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге кандидат (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.44. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдап, тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және/немесе мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттар құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкеріне 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3-1-параграф. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау тәртібі
Ескерту. Қағидалар 3-1-параграфтың тақырыбымен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
45. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
46. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын:
1) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 38 және 40-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі;
2) осы Қағидалардың 41 және 43-тармақтарына сәйкес құжаттарды ресімдеудің толықтығы, анықтығы және дұрыстығы;
3) құжаттарын қайта берген адамдар үшін осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеруді ұйымдастырады.
Тізбенің 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға Кодекстің 73-бабына сәйкес алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Қарау нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберу не Ұлттық комиссияда өтетін әңгімелесуге жіберуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта беруге тыйым салуға әкеп соқпайды.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.47. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
48. Жұмыс органы кандидатты осы Қағидаларда көзделмеген талаптарға сәйкестігін тексеруге жол бермейді.
49. Алып тасталды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 22.06.2022 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.50. Алып тасталды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
51. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 38, 40, 41, 43 және 60-тармақтарында және Тізбенің 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберіледі және көрсетілетін қызметті беруші өтініштің тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оған Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуге жіберу туралы хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы жібереді.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.52. Көрсетілетін қызметті алушылардың кезектілігі олардың өтініштерінің ақпараттық жүйеде тіркелген күні мен нөміріне қарай айқындалады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3-2-параграф. Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту
Ескерту. Қағидалар 3-2-параграфтың тақырыбымен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
52-1. Ұлттық комиссияның отырыстары Ұлттық комиссия туралы ережеге сәйкес тоқсанына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.
Ескерту. Қағидалар 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.53. Көрсетілетін қызметті беруші әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесу өткізілетін орынды, күнді және уақытты көрсете отырып, әңгімелесуге жіберілген адамдардың тізімін өзінің интернет-ресурсына орналастырады және көрсетілетін қызметті алушыға Ұлттық комиссияның отырысына шақыру туралы хабарламаны "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "жеке кабинетіне" жібереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер әрбір көрсетілетін қызметті алушы бойынша қорытынды дайындайды.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.54. Көрсетілетін қызметті алушы Ұлттық комиссияға әңгімелесуге келмеген жағдайда, оның өтініші қараусыз қалады және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жатады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.55. Жұмыс органы кандидаттардың Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуі үшін білуі қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қалыптастырады, ол Жұмыс органының интернет-ресурсына орналастырылуға жатады.
56. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы аудиожазба техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Аудиожазбалар әңгімелесу аяқталған күннен бастап кемінде алты ай Жұмыс органында сақталады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.57. Ұлттық комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге қатысып отырған Ұлттық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі оларға дауыс берсе, шешімдер қабылданған болып саналады.
Дауыстар тең болған жағдайда Ұлттық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
58. Ұлттық комиссияның шешімі әңгімелесу аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді және Ұлттық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жұмыс органының интернет-ресурсына орналастырылады.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.59. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы не тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тарту туралы Ұлттық комиссияның шешімі.
Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.60. Ұлттық комиссияда әңгімелесу қорытындысы бойынша теріс нәтиже алған көрсетілетін қызметті алушы осы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айдан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қайта тапсырады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3-3-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі
Ескерту. Қағидалар 3-3-параграфтың тақырыбымен толықтырылды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
60-1. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
60-2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Ескерту. 60-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.60-3. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Ескерту. 60-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.60-4. Егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.
Ескерту. 60-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4-параграф. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын беру
61. Жұмыс органы тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын Ұлттық комиссияда әңгімелесуден табысты өткен кандидаттарға Ұлттық комиссияның шешіміне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.62. Қағаз жеткізгіштегі тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаттарын беруді есепке алу журналы бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке өзіне не сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі.
Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының бланкісін үйлестіруді, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды көрсетілетін қызметті берушінің Ұлттық комиссия қызметін қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.63. Алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
5-параграф. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқаларын беру
64. Электрондық нұсқасы жоқ, қағаз жеткізгіштегі тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге оның телнұсқасын алу туралы өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жолдайды, ол электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесінде құжаттар келіп түскен күні тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқасын берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоғалған, бүлінген, зақымданған сертификаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.65. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне телнұсқа беру туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде "телнұсқа" деген мөртаңба қойып, тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізіліміне тиісті толықтырулар енгізе отырып, тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының телнұсқасын беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6-параграф. Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу
66. Ұлттық комиссия Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.
67. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудиторға қатысты тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу үшін негіздің болуы туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуға негіздің болуы туралы хаттамасын;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың уәкілетті органы ұсынған мемлекеттік аудитордың кәсіби әдеп талаптарын сақтамағанын растайтын құжаттарды;
3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуға негіз болған, қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес аудиторлық есепті және мемлекеттік аудит материалдарының сапасын бақылаумен расталмаған аудиторлық есепті;
4) аудиторлық есептің сапа бақылауының нәтижелері бойынша қорытындыны;
5) Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палата жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитор материалдарының танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудит нәтижелерін тану қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қоса бере отырып, Жұмыс органына тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдайды.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторларға ескерту жасалады.
Ескерту. 67-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.68. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған, сондай-ақ Заңның 39-бабының 8-тармағында көрсетілген негіздер болмаған жағдайда, Жұмыс органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ұсынған құжаттарды (материалдарды) қайтарады.
69. Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, Жұмыс органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының ұсынысын растайтын құжаттарымен бірге Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді және мемлекеттік аудиторды (сот үкімімен сотталған адамдарды қоспағанда) Ұлттық комиссия отырыстарының кестесіне сәйкес Ұлттық комиссияның отырысына шақырады.
Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік аудитордың болмауы ұсынысты қарау үшін кедергі болып табылмайды.
70. Жұмыс органы тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы мәліметтерді жұмыс органының интернет-ресурсына Ұлттық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 26.09.2024 № 13-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.71. Тізбенің 10-тармағының 5), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген адамдарды қоспағанда, Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған адамдар тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін Ұлттық комиссияның тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатты қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң осы Қағидалардың 43-тармағында және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта бере алады.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.72. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 72-тармақпен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.ӨТІНІШ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Мемлекеттік аудитор біліктілігіне білімді растау жөніндегі біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Үйінің мекенжайы, жұмысының/үйінің және ұялы телефондарының нөмірі:
__________________________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы:_______________________________
Жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен таныстым және олармен келісемін.
Толтырылған күні: 20___жылғы "____" ________ ________________
(қолы)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Біліктілік емтиханы рәсімдерінің бұзылғаны туралы акт
20___жылғы "____" ______ ___ сағат _____минут
Қадағалаушы ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
кандидат________________________________________________________ жеке сәйкестендiру нөмiрі (бұдан әрі – ЖСН) ____________________________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларының 18-тармағының бірінші бөлігін мынадай
түрде:
________________________________________________________________________________
(бұзушылықты қысқаша сипаттау)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
бұзу фактісін анықтады.
Қадағалаушының қолы ______________________________________________________
Актімен таныстым _________________________________________________________
(бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидат осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тиісті жазба жасалады.
________________________________________________________________________________
(көрсетілген бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартуын растайтын басқа да адамның қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, ЖСН)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 4-қосымша |
"Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" ЖШС Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттың білімін растау туралы құжат Электрондық дерекқорда 20___ жылғы "___" ________ № ____ болып тіркелген
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Осы құжат___________________________________________________
____________________________________________________________________
(кандидаттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) (бұдан әрі – А.Ә.Т.)
мынадай сертификаттау пәндері бойынша оң нәтиже алғандығын растайды:
№ | Біліктілік емтиханының атауы | Нәтиже (балл) |
1. | Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау | |
2. | Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау | |
3. | Қаржылық есептілік аудиті | |
4 | Сәйкестік аудиті | |
5 | Тиімділік аудиті |
Құжаттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы "_____" ______________
Басшы _______________________________________________________
(А.Ә.(болған жағдайда), Т. (қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия ________________________ ________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) |
ӨТІНІШ
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
__________________________________________________________________________
(деңгейін (мемлекеттік аудитор/жоғары санатты мемлекеттік аудитор) көрсету)
біліктілігі сертификатын беруіңізді сұраймын.
Нақты тұратын мекенжайы, үйінің және ұялы телефондарының №
_________________________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы: _______________________________________
Осы өтінішке мыналарды қоса беріп отырмын:
жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
еңбек өтілі бар адамдар үшін еңбек кітапшасының көшірмесі;
мемлекеттік қызметшілер үшін "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) сәйкес ресімделген қызметтік тізім;
аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;
бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласында ұлттық немесе халықаралық кәсіби біліктілікті иелену туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді растау жөніндегі ұйым берген білімді растау жөніндегі құжаттардың көшірмесі;
жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдар үшін мемлекеттік аудитор сертификатының көшірмесі;
осы Қағидалардың 41-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген халықаралық кәсіби біліктіліктердің бірін иелену туралы құжаттың көшірмесі;
3x4 көлеміндегі 1 (бір) фотосурет (жеке іске);
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш.
Осымен:
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларымен танысқанымды және олармен келісетінімді;
қоса берілген барлық құжаттың шындыққа сәйкес келетінін және жарамды екенін растаймын.
Толтырылған күні: 20___жылғы "_____" _____________________
(қолы)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 5-1-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия ___________________________ ____________________________ (өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) |
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы өтініш
Ескерту. 5-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Мен, _______________________________________________________________,
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі – толығымен жазу қажет)
жеке сәйкестендіру нөмірім (ЖСН) ________________________, жеке басты
куәландыратын құжаттың деректері ____________________________________,
№ ________________________, берілген күні ____________________________,
(құжаттың атауы)
Құжатты берген орган ______________________, нақты тұратын мекенжайым:
__________________________________________________________________,
(нақты тұратын мекенжайы)
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, осымен Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – Жұмыс органы) олардың электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалды тасығышта тіркелген кірістер мен мүлік туралы мәліметтерден тұратын менің дербес деректерімді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруына сөзсіз келісім беремін.
Осы арқылы Жұмыс органы қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтаған жағдайда, менің дербес деректерімді жинау және өңдеу жөніндегі оның қызметіне қатысты қандай да бір наразылықтардың бұдан әрі болмайтындығын растаймын.
Осы келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.
________________ ______________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
"____" ____________20 _ жыл.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 6-1-қосымша |
"Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 6-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 13.02.2023 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 05.02.2025 № 1-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік аудитор сертификатын беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz), телнұсқаны беру кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 6 (алты) ай ішінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған), қағаз нысанда |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Мемлекеттік аудитор сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту |
7 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұратылатын құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) кандидат үміт білдірген тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігі көрсетілген өтініш осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптасады; |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
11 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар | Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының www.esep.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
Тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге көрсетілетін қызметті алушы туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 19.04.2024 № 8-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1. Жалпы мәліметтер&
1) А.Ә.(болған жағдайда), Т.;
2) лауазымы, жұмыс орны;
3) мемлекеттік аудитор (мемлекеттік аудитор, жоғары санатты мемлекеттік аудитор) біліктілігі;
4) туған күні (күні, айы, жылы);
5) білімі туралы мәліметтер;
6) наградалары мен көтермелеулері (болған жағдайда);
7) жалпы өтілі (осы Қағидалардың 40 және 41-тармақтарында белгіленген);
8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарындағы жалпы өтілі (болған жағдайда);
9) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер, сондай-ақ тәртіптік жазалар туралы мәліметтер (болған жағдайда).
2. Білімін растаудан өту нәтижелері туралы ақпарат.
Дайындалған күні: _______________
Ұлттық комиссия хатшысының қолы: ___________________________
(А.Ә. (болған жағдайда), Т., қолы)
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік аудитор сертификаты
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның 20___ жылғы "____"___________ № ____ шешімімен ______________________
(А.Ә.(болған жағдайда),Т.)
____________________________________________________________________
біліктілігі берілді.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы: ____________ _________________________________
(қолы) (А.Ә.(болған жағдайда),Т.)
М.О.
Берілген күні: 20___ жылғы ____ _____________
Тіркеу нөмірі № _______
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік аудитор сертификаттарын есепке алу және беру журналы
№ | аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | хаттама-ның күні және нөмірі | тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор сертификатының берілген күні және нөмірі | біліктілігі | қолы |