"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның міндетін атқарушы | М. Елемесов |
бұйрығына қосымша/ |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтері үшін тарифтер мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 263 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14540 болып тіркелген).
2. "Өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 27-5-6/253 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22009 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2022 жылғы 10 қазандағы № 27-5/252-НҚ бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 30109 болып тіркелген).