Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтері үшін тарифтер мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 22 қарашадағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14540 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 2 қазандағы № 233 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 02.10.2024 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысының 17-тармағының 286) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтері үшін тарифтер мөлшерлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қаржы басқармасы:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) тіркелген осы бұйрықтың алынған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағазға басылған және электронды түрдегі көшірмесінің бір данасын Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық іс жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
Қ. Үстеміров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитеті төрағасының
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 263 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтері үшін тарифтер мөлшерлері

      Ескерту. Мөлшері жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 10.10.2022 № 27-5/252-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтердің атауы

Қызметтер үшін тарифтер, (теңге)

1

2

3

1

Жабдықталған туристік соқпақтар, тамашалау алаңқайларын, дамылдау алаңқайларын 1 (бір) адамға 1 (бір) күнге есептеп ұсыну

250

2

Шатырлы лагерьлерді немесе оларды орналастыруға арналған орындарды 1 (бір) шаршы метрін 1 (бір) күнге ұсыну

2

3

Көліктеріне арналған тұрақтарды 1 (бір) орын есебінен, тәулігіне ұсыну, олар:
Жеңіл көліктер
Автобустар
Жүк көліктері

108
216
270

4

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және зерделеу кезінде 20 адамға дейінгі 1 (бір) топқа күніне мынадай қызметтерді ұсыну:
аудармашы:
экскурсия жүргізуші:

2 553
1 285

5

Ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағында орналасқан демалыс аймағының объектілерінен нәжіс тасып әкету бойынша бір рейстің қызметін ұсыну

10 726

6

Пайдалануға берілген аумақтар және объектілерді санитариялық тазалау және абаттандыру бойынша қызметтер

300

7

Ұлттық парктің ерекше қорғалатын табиғи аумағында орналасқан демалыс аймағының объектілерінен қоқыс шығару бойынша бір рейстің қызметін ұсыну

8 828

8

Атты жалға берудің бір адамнан 1 (бір) сағат есебінен ақылы қызметін ұсыну,

1 135

9

Туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша қызмет көрсету

шарттарға сәйкес

10

Ұлттық парктің аумағында табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және оларды қалпына келтіруге байланысты емес ғылыми зерттеулер жүргізу

шарттарға сәйкес

11

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Кемпіртас" жартасы - құрама (жаяу-автомобильдік) бағытпен күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 1 туристік бағыты бойымен жүріп өту

8 345

12

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Қоңыр әулие" үңгірі - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 2 туристік бағыты бойымен жүріп өту

2 571

13

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Ботаникалық соқпағы" - 1 топ (25 адам) 4 сағат есебінен № 3 туристік бағыты бойымен жүріп өту,

1 285

14

"Жасыбай" демалыс аймағы - Баянауыл ауылы – "Жасыбай батыр" зираты - 1 топ (25 адам) 4 сағат есебінен № 4 туристік бағыты бойымен жүріп өту

1 285

15

"Сабындыкөл" демалыс аймағы – "Жасыбай батыр" зираты - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 5 туристік бағыты бойымен жүріп өту

2 571

16

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Көгершін" жартасы - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 6 туристік бағыты бойымен жүріп өту

2 571

17

"Жасыбай" демалыс аймағы - "Туристер жазбалары" жартасы - 1 топ (25 адам) 3 сағат есебінен № 7 туристік бағыты бойымен жүріп өту,

964

18

"Жасыбай" демалыс аймағы - "Кең алаң" алаңқайы - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 8 туристік бағыты бойымен жүріп өту

2 571

19

"Сабындыкөл" демалыс аймағы – "Торайғыр" демалыс аймағы - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 9 туристік бағыты бойымен жүріп өту

13 705

20

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Торайғыр" демалыс аймағы - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 10 туристік бағыты бойымен жүріп өту

9 621

21

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Қоңыр әулие" үңгірі - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 11 туристік бағыты бойымен жүріп өту

8 770

22

"Жасыбай" демалыс аймағы - Баянауыл ауылы - күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 12 туристік бағыты бойымен жүріп өту

11 238

23

"Жасыбай" демалыс аймағы – "Мәшhүр Жүсіп Көпеев" кесенесі күніне 1 топ (25 адам) есебінен № 13 туристік бағыты бойымен жүріп өту

14 513

24

Мәдени-ағарту, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде қармақпен спорттық-әуесқойлық балық аулауды ұйымдастыру бойынша ақылы қызметтер ұсыну (күніне 1 адамға шаққанда 5 кг ауланымнан және 5 қармақтан аспауы керек)

168

25

Трактор қызметін 1 (бір) сағат есебінен ұсыну,

1 738

26

Жүк көтергіштігі 6 тоннадан аспайтын жүк автомобилінің қызметін 1 (бір) километр қашықтыққа шаққанда есебінен ұсыну:
жанар-жағармай материалдарын есепке ала отырып:
жанар-жағармай материалдарын есепке алмай:

83 35

27

Жүк көтергіштігі 4,5 тоннадан аспайтын жүк автомобилінің қызметін 1 (бір) километр қашықтыққа шаққанда есебінен ұсыну:
жанар-жағармай материалдарын есепке ала отырып:
жанар-жағармай материалдарын есепке алмай:

70 32

28

Микроавтобус (11 орындық) қызметін, 1 (бір) километр қашықтыққа шаққанда есебінен ұсыну:
жанар-жағармай материалдарын есепке ала отырып:
жанар-жағармай материалдарын есепке алмай:

123 97

29

Адам тасымалдау бойынша қызметтер жанар-жағармай материалдарые есепке ала отырып 1 (бір) километр қашықтыққа шаққанда есебінен ұсыну:

187

30

Микроавтобус (9 орындық) қызметін 1 (бір) километр қашықтыққа шаққанда есебінен ұсыну:
жанар-жағармай материалдарын есепке ала отырып:
жанар-жағармай материалдарын есепке алмай:

76 44

31

Минералды жолақтардың бойында және шабындық жерлерде пішен шабу жөнінде қызметтер 1 (бір) тонна есебінен ұсыну

5 833,97

32

Мәдени-тұрмыстық (бұқаралық) мақсат саласында қызмет (би алаңы) күніне 1 (бір) адамға есебінен ұсыну

40

33

Ерекше қорғалатын табиғи аумақта жылына 1 (бір) гектарға шаққанда есебінен құбыр тарту, электр және байланыс желілерін орналастыру, жолдар (жалпы пайдаланылатын жолдардан басқа) салу жөнінде қызметтер ұсыну

365 973,2

      Ескертпе: 1, 8-тармақтарда аталған қызметтер үшін мынадай жеңілдіктер қарастырылады:

      мектеп жасына дейінгі балаларға - тегін;

      мектеп жасындағы балаларға - 50 (елу) пайыз;

      күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне - 25 (жиырма бес) пайыз;

      мүгедектігі бар адамдардан 1, 2, 3, 11-23 тармақтарда көрсетілген қызметтер үшін төлем алынбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады