ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;
3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 8 қазандағы № 677 бұйрығына 1-қосымша |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардан сатып алынатын тауарлар |
2. | Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары орындайтын құрылысқа байланысты емес жұмыстар |
3. | Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары көрсететін қызметтер |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 8 қазандағы № 677 бұйрығына 2-қосымша |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында Заңның 10-бабында көзделген тәсілдермен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен мынадай екі шарт орындалған кезде жүзеге асырылады:
1) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген;
2) Қағидалардың осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы бұйрыққа 3-қосымшада көрсетілген көлемнен аспайды.
4. Заңның 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 7 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған кезде, тапсырыс беруші Заңның 10-бабында көзделген тәсілдермен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен барлық әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
5. Қағидалар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өзге де тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектемейді.
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 8 қазандағы № 677 бұйрығына 3-қосымша |
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі
№ | Атауы | Көлемі |
1. | Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардан сатып алынатын тауарлар | құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды |
2. | Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары орындайтын құрылысқа байланысты емес жұмыстар | құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды |
3. | Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары көрсететін қызметтер | құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды |