"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғаларды тізімге енгізу, сондай-ақ тізімді жүргізу туралы өтініш беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғаларды тізімге енгізуге өтініш берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;
2) жақын туыстар - ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
3) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлға – құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін шектеген жеке тұлға;
4) ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;
5) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы өтініш беру тәртібі
3. Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзінің алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.
4. Өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу үшін жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша өтініші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "е-Otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы (бұдан әрі - "е-Otinish" АҚ) арқылы немесе "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта беріледі.
5. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық-цифрлық қолтаңба қамтылады.
6. Берілген өтініш қайтарылуға немесе кері қайтарып алуға жатпайды.
7. Құмар ойындарға, бәс тігуге, салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық ауыр жағдайға ұшыратқан азамат, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіп бойынша сотпен әрекет қабілетінен шектеледі. Оған қамқоршылық белгіленеді. Жақын туыстары, отбасы мүшелері азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органға мұндай адамды құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
8 Қазақстан Республикасының азаматы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеудің қолданылу мерзімі өткенге дейін шектеуді алты айдан кем емес және он жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы өтінішті алдыңғы өтініштерді ескере отырып бере алады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.02.2025 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. "е-Otinish" АҚ арқылы жазбаша өтініш берілген кезде уәкілетті орган жазбаша өтініш тіркелген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
"eGov mobile" мобильдік қосымшасы арқылы электрондық форматта өтініш берген кезде азамат тиісті өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойғаннан кейін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне мәлімделген шектеу мерзіміне дереу енгізіледі.
10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер көрсету;
2) ұсынылған өтініштің осы Қағидалармен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі немесе өтініштің болмауы;
3) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тәртіппен жақын туысы, отбасы мүшесі өтініш берген кезде азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу туралы сот шешімінің көшірмесінің болмауы;
4) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу мерзімі көрсетілмеген;
5) жақын туыстары, отбасы мүшелері болып табылмайтын үшінші тұлғалар өтініш берген жағдайда.
Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті орган өтініш берушіні құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама өтініш берушінің өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген негіздер жойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізу туралы;
2) дәлелді жауапты бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматын құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізуден бас тарту туралы.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.02.2025 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізу тәртібі
11. Уәкілетті орган Заңның 8-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізімін жүргізеді.
12. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы тек ойын бизнесін ұйымдастырушыларға, сондай-ақ Заңның 15-1-бабында көзделген өзге де тұлғаларға ғана қамтамасыз етеді.
13. Уәкілетті орган құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілген тұлғаны тізімнен алып тастайды.
14. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне енгізілген тұлға, азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеуді жою туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде уәкілетті органмен тізімнен шығарылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.02.2025 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімне енгізуге өтініш беру, сондай-ақ тізімді жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне БСН 241040019120 |
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімге енгізу туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.02.2025 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, __________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ ______________, берген орган ________________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ___________________ "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 15-1-бабының негізінде мені құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге
қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне ______________________ мерзімге қосуды
(6 айдан 10 жылға дейін)
сұраймын.
Шектеу мерзімі кезеңінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, сондай-ақ менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға
деректерді беруге өз келісімімді беремін.
Күні ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) _______
Қолтаңба ____________________
Жақын туысын, отбасы мүшесін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне енгізу туралы өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 03.02.2025 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мен, _______________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ ______________, берген орган ________________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ______________________,
азаматтың әрекет қабілетін шектеу туралы 20 ____ жылғы "___" ____________
заңды күшіне енген сот шешімі негізінде, менің жақын туысым, отбасы мүшесі
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе))
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________, жеке куәлік
№ _______________, берген орган _______________, берілген күні – қолданылу
мерзімі ________________________, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге
қатысуы шектелген тұлғалар тізіміне _____________________ мерзімге қосуды
(6 айдан 10 жылға дейін)
сұраймын.
Шектеу мерзімі кезеңінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға
және өңдеуге, сондай-ақ менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға
деректерді беруге өз келісімімді беремін.
Қосымша: сот шешімінің көшірмесі
Күні ____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) _______
Қолтаңба ____________________
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2024 жылғы 10 қазандағы № 179 Қағидаларға 3-қосымша |
|
Нысан |
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалар тізімі
№ п/п | Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | Өтініш берілген күні | Шектеу мерзімінің басталу күні | Шектеу мерзімінің аяқталу күні | Өтініш беру тәсілі* | Шектеудің негіздері** |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |
Ескерту:
* "е-Otinish" АҚ арқылы, "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы.
** Азаматтың тізімге енгізуге немесе шектеу мерзімін ұзартуға дербес (ерікті) өтініш беруі, немесе азаматтың әрекетке қабілеттілігін шектеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде өзге тұлғалардың өтініш беруі.