БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер.";
18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Мемлекеттік білім беру тапсырысын, студенттерді, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысын бекіту, бөлу және орналастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер.
19. Кәсіптік стандарттарын және бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамаларын және жұмысшылардың кәсіптерін, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |