Бұқаралық ақпарат құралдары қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес туралы үлгілік ереже

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 471-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қазанда № 35252 болып тіркелді

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдары қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
А. Курманова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 9 қазандағы
№ 471-НҚ бұйрыққа
қосымша

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңес туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өзін-өзі реттеу мәселелері жөніндегі қоғамдық-кәсіптік кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.

      2. Кеңестің негізгі мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінде журналистердің Әдеп кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) кәсіптік стандарттарының жоғары деңгейін сәйкес болып табылады.

      3. Кеңес медиа саласын дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылатын тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2-тарау. Кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

      4. Кеңестің міндеттері:

      1) Кодекстің кәсіби стандарттарын ілгерілету;

      2) журналистердің кәсіптік деңгейін арттыруға жәрдемдесу.

      5. Республикалық кеңестің негізгі функциясы Кодексті әзірлеу болып табылады.

      Негізгі функцияны іске асыру үшін өңірлік кеңестер Кодексті әзірлеу кезінде пайдаланылатын ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді және Республикалық кеңеске енгізеді.

      6. Кеңестің өкілеттіктері:

      1) Кеңес қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пайдаланушылардан және иеленушілерден қажетті ақпаратты сұратады және алады;

      2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінеді.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңес төрағадан, төрағаның орынбасарынан және кемінде 7 (жеті) Кеңес мүшелерінен тұрады.

      Төраға Кеңес мүшелерінің арасынан қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жай көпшілік даусымен сайланады.

      Отырысты төраға, ол болмаған кезде – төрағаның орынбасары, төрағаның орынбасары болмаған кезде – Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланған Кеңеске қатысып отырған мүшесі басшылық етеді.

      Төраға отырысты өткізу регламентін (сөздері мен баяндамалардың ұзақтығын, баяндамашылардың сөз сөйлеу тәртібін) айқындайды.

      Кеңес мүшелерінің әрқайсысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіреді.

      8. Кеңес мүшелері жалпы жиналыста сайланады және бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіптік қоғамдастығы өкілдерінен, жергілікті кәсіптік қоғамдастықтар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тұрады.

      Кеңес хатшысы жалпы жиналыста тағайындалады және ұйымдастыру функцияларын орындайды. Кеңес хатшысы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.

      Кеңес отырыстарын ұйымдастыру мынадай дәйекті іс-әрекеттерден тұрады:

      1) отырыс өткізу жоспарланған күнге дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кеңес хатшысы шақырту, күн тәртібін және қажетті материалдарды жібереді;

      2) егер отырысқа Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Кворум болмаған кезде отырыс бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ауыстырылады;

      3) Кеңес мүшелері бір жұмыс күні ішінде алдағы отырысқа өзінің қатысатынын немесе қатыспайтынын (себептерін көрсете отырып) растайды.

      Күн тәртібіндегі мәселелер Кеңес алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес енгізіледі.

      9. Кеңес мүшелері:

      1) Кеңес жұмысына белсенді қатысады;

      2) Кодекс және Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын сақтайды;

      3) жеке мүдделілік оның Кеңес мүшесінің міндеттерін тиісінше орындауына әсер етуіне жол бермейді, шешімдерді әділ қабылдауға ықпал ететін мүдделер қақтығысымен жағдайлар туындаған кезде Кеңес мүшелері бұл туралы Кеңес төрағасын алдын ала хабардар етеді және мұндай шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатыспайды.

      10. Кеңес отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      Отырыс бейнеконференцбайланысты және қолжетімді онлайн-сервистерді пайдалана отырып өткізіледі.

      Отырыс таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты немесе мемлекеттік құпияларды қамтитын мәселелер қаралған кезде, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болмаған кезде тікелей қатысу форматында өткізіледі. Бұл ретте Кеңес мүшелері отырысқа өзінің қатысуын қамтамасыз етеді.

      Отырысқа қатысатын Кеңес мүшелерінің есебін Кеңес хатшысы жүзеге асырады.

      Аралас режим кезінде бейнеконференциялар мен қолжетімді онлайн-сервистерді бір уақытта қолдана отырып, тікелей қатысу форматы қолданылады.

      11. Кеңес шешімдері қатысып отырған Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

      Кеңес шешімдерін қабылдау кезінде дауыстар тең болған кезде, Кеңес төрағасының шешуші дауысы болады.

      12. Кеңес отырыстарының хаттамаларын Кеңес хатшысы жүргізеді және оған Кеңес төрағасы не оның орнындағы адам қол қояды.

Об утверждении Типового положения об общественно-профессиональном совете по вопросам саморегулирования деятельности средств массовой информации

Приказ и.о. Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 471-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 октября 2024 года № 35252

      В соответствии с пунктом 2 статьи 41 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Типовое положение об общественно-профессиональном совете по вопросам саморегулирования деятельности средств массовой информации согласно приложению, к настоящему приказу.

      2. Департаменту государственной политики в области средств массовой информации Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа предоставление в Юридический департамент Министерства культуры и информации Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра культуры и информации
Республики Казахстан
А. Курманова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
исполняющий обязанности
Министра культуры
и информации
Республики Казахстан
от 9 октября 2024 года
№ 471-НҚ

Типовое положение об общественно-профессиональном совете по вопросам саморегулирования деятельности средств массовой информации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Типовое положение об общественно-профессиональном совете по вопросам саморегулирования деятельности средств массовой информации (далее – Типовое положение) разработано в соответствии с пунктом 2 статьи 41 Закона Республики Казахстан "О масс-медиа" и определяет статус и полномочия общественно-профессионального совета по вопросам саморегулирования деятельности средств массовой информации (далее – Совет).

      2. Основной целью Совета является соблюдение высокого уровня профессиональных стандартов Этического кодекса журналистов (далее – Кодекс) в деятельности средств массовой информации.

      3. Совет является постоянно действующим консультативно-совещательным органом, образуемым в целях выработки предложений и рекомендаций по вопросам развития медиаотрасли.

Глава 2. Задача, функции и полномочия Совета

      4. Задачи Совета:

      1) продвижение профессиональных стандартов Кодекса;

      2) содействие повышению профессионального уровня журналистов.

      5. Основной функцией республиканского Совета является разработка Кодекса.

      Для реализации основной функции региональные Советы вырабатывают и вносят предложения и рекомендации в республиканский Совет, которые будут использоваться при разработке Кодекса.

      6. Полномочия Совета:

      1) запрашивать необходимую информацию у пользователей и обладателей информации по вопросам, относящимся к деятельности Совета;

      2) обращаться в государственные органы по вопросам, входящим в его компетенцию.

Глава 3. Организация деятельности Совета

      7. Совет состоит из председателя, заместителя председателя и не менее 7 (семи) членов Совета.

      Председатель избирается из числа членов Совета простым большинством голосов присутствующих членов Совета.

      Руководит заседанием председатель, при отсутствии – заместитель председателя, в случае отсутствии заместителя председателя – присутствующий член Совета, избираемый большинством голосов членов Совета.

      Председатель определяет регламент проведения заседания (длительность выступлений и докладов, порядок выступления докладчиков).

      Каждый из членов Совета выражает свою позицию по вопросам повестки дня.

      8. Члены Совета избираются на общем собрании и состоят из представителей профессионального сообщества средств массовой информации, представителей местных профессиональных сообществ, средств массовой информации.

      Секретарь Совета назначается на общем собрании и выполняет организационные функции. Секретарь Совета не является членом Совета и не участвует в голосовании.

      Организация заседаний Совета состоит из следующих последовательных действий:

      1) не позднее чем за три рабочих дня до запланированной даты проведения заседания секретарем Совета направляются приглашение, повестка и необходимые материалы;

      2) заседание считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа членов Совета. При отсутствии кворума заседание переносится на срок не более пяти рабочих дней;

      3) члены Совета в течение одного рабочего дня подтверждают свое участие или неучастие (с указанием причин) на предстоящем заседании.

      Вопросы в повестку включаются в соответствии с целями и задачами, поставленными перед Советом.

      9. Члены Совета:

      1) активно участвуют в работе Совета;

      2) соблюдают нормы законодательства Республики Казахстан;

      3) не допускают возникновения ситуации, при которых личная заинтересованность повлияет на надлежащее выполнение им обязанностей члена Совета, при обстоятельствах возникновения ситуаций с конфликтами интересов, которые влияют или потенциально способны повлиять на беспристрастное принятие решений, члены Совета заблаговременно уведомляют об этом председателя Совета и не принимают участие в обсуждении и принятии таких решений.

      10. Заседания Совета проводятся не менее одного раза в квартал.

      Заседание проводится с использованием видеоконференцсвязи и доступных онлайн-сервисов.

      Заседание в очном формате проводится при рассмотрении вопросов, содержащих служебную информацию ограниченного распространения или государственные секреты, а также при отсутствии технической возможности. При этом члены Совета обеспечивают свое участие на заседании.

      Учет принимающих участие в заседании членов Совета осуществляется секретарем Совета.

      При смешанном режиме используется очный формат с одновременным использованием видеоконференцсвязи и доступных онлайн-сервисов.

      11. Решения Совета принимаются простым большинством голосов присутствующих членов Совета.

      При равенстве голосов, решающим голосом обладает председатель Совета.

      12. Протоколы заседаний Совета ведутся секретарем Совета и подписываются председателем Совета либо лицом его замещающим.