"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 381 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 қазанда № 35265 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:

      3-тараудың 2-параграфында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Объектілерді жобалау кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының және кіреберістердің ені кемінде 6 м болуы тиіс. Өрт сөндіру автомобильдеріне арналған өту жолдарының еңісі 10%-дан, ал кіреберістердің еңісі 6%-дан аспауы керек.";

      84 және 85-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Өрт гидрантын өтетін бөліктің шетінен бастап 2,5 м артық емес, бірақ ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларынан кемінде 5 м аралықта автомобиль жолы бойымен орнату қажет.

      Өрт гидрантын өтетін бөлікте орналастыруға рұқсат етіледі, бұл ретте біріккен шаруашылық-ауыз су құбыры желісінен тармақтануда өрт гидрантын орнатуға жол берілмейді.

      Өрт гидранты өрт техникасына арналған кіреберісте орналасқан жағдайда, осы учаскедегі өту жолының ені кемінде 8 м болуы тиіс.

      85. Су құбыры желісінде өрт гидрантын орналастыру қатты жабыны бар жолдармен ұзындығы 150 м аспайтын жең жолдарын төсеуді ескере отырып, өртті сыртқы сөндіруге 15 л/с және одан көп су шығысы кезінде екі өрт гидрантынан кем емес және 15 л/с кем су шығысы кезінде бір гидрант осы желі қызмет көрсететін кез келген ғимарат, құрылыс немесе оның бөліктерінде өрт сөндіруді қамтамасыз етуі тиіс.";

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтыққа қойылатын талаптар";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Ғимараттар және құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтық болып ғимараттың сыртқы қабырғасы немесе басқа конструкциясы арасындағы аралық анықталады. Жанатын материалдан жасалған ғимараттар мен құрылыстар конструкциясының 1 м артық шығыңқылығы бар болса, осы конструкциялар арасындағы қашықтық қабылданады.";

      110-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      115 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Өртке қарсы қашықтықты тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың терезелерінен және мектепке дейінгі балаларға білім беру мекемелерінің, жалпы білім беру мекемелерінің және стационарлық үлгідегі емдеу мекемелерінің жер учаскелерінің шекараларынан бастап, гараж қабырғаларына немесе ашық тұрақ автомобильдерін орналастыру орындарына дейін анықтау қажет.";

      142-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "142. Түтінге қарсы желдетудің тартып-сору жүйесі сәулет-жоспарлау шешімдерімен немесе механикалық желдету көмегімен жойылатын жану өнімдерінің көлеміне сәйкес келетін көлемде ауа ағыны қамтамасыз етілетін ғимараттар мен құрылыстарда қолданылады.

      Ауа ағынын толтыру және түтін шығаратын сорғы клапандары бір-бірінен шашыраңқы орнатылуы керек. Оларды орнату биіктігі өрт болған жағдайда ауа-түтін конвекциясын қамтамасыз етуі тиіс.";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектерін белгіленген тәртіппен стандарттау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі құжаттарда белгіленген есептік-аналитикалық әдістер бойынша анықтауға болады.";

      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2022 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.";

      223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Объектілерді күзету жөніндегі өрт сөндіру деполарын орналастыру орындары қызмет көрсету радиустарының шегінде орнатылатын қолданыстағы өрт сөндіру деполарын (бекеттерін) ескере отырып, кәсіпорынның қызмет көрсету радиусы есебінен алынуы тиіс.

      Өрт сөндіру деполарының қызмет көрсету радиусы жалпы қолданыстағы жолдар немесе өту жолдары арқылы едәуір қашық ғимаратқа немесе құрылысқа дейінгі жүріп өту жолының шартымен анықталуы тиіс және құрылыстың барлық ауданының 50%-ынан астамын А, Б және В санатты өндіірстері бар кәсіпорындар үшін 2 км, құрылыс ауданының 50%-ына дейін А, Б және В санатты өндірістері бар кәсіпорындар және Г және Д санатты өндірістері бар кәсіпорындар үшін 4 км етіп қабылдануы тиіс.

      Көрсетілген радиустан асқан жағдайда, кәсіпорын алаңында қосымша өрт сөндіру деполары (бекеттері) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 32631 болып тіркелген) Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне сәйкес қарастырылуы қажет.

      Кәсіпорын алаңында ауданы кәсіпорын құрылысының барлық ауданының 50%-дан астамын құрайтын құрылыс ауданы бар, отқа төзімділігі ІІІ, ІІІб, IV, IVa, V дәрежелі ғимараттар мен құрылыстар болған кезде өрт сөндіру деполары мен бекеттерінің қызмет көрсету радиустары 40%-ға азаяды.

      Өрт сөндіру деполарын (бекеттерін) А және Б санатты өндірістері бар өндірістік және қосалқы ғимараттарға жапсарлас салуға жол берілмейді.";

      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Жеңіл тұтанғыш, жанғыш және улы сұйықтықтарды ыдыста сақтайтын өндірістік объектілердің алаңдарының периметрі бойынша тұйықталған үйіп көму құрылғысы немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршау қабырғалары қарастырылуы керек.";

      292-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "292. Құрылыс конструкцияларының (оның ішінде ойықтарды толтыру конструкцияларының) отқа төзімділік шегінің, өрт қауіптілік сыныбының, сондай-ақ құрылыс материалдарының (оның ішінде өңдеу) өрт қауіптілігінің көрсеткіштерін қоса алғанда, өнімнің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-нқ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 23364 болып тіркелген) Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 1-қосымшада:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Өрттерді және оның қауіпті факторларын жіктеу

      1. Өрттерді жанғыш материал түрі бойынша жіктеу өрт сөндіру құралдарын қолдану саласын белгілеу үшін қолданылады.

      Өрттерді сөндіру қиындығына қарай оларды жіктеу өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің және өрттерді сөндіруге тартылған басқа қызметтердің күштері мен құралдарының қажетті санын анықтау кезінде пайдаланылады.

      Өрттің қауіпті факторларын жіктеу өрт кезінде адамдар мен мүлікті қорғау үшін өрт қауіпсіздігінің қажетті шараларын негіздеу кезінде пайдаланылады.

      2. Жанғыш материалының түрі бойынша өрттер мынадай сыныптарға бөлінеді:

      1) А – қатты жанғыш заттар мен материалдардың өрттері;

      2) В – жанғыш сұйықтықтардың немесе балқитын қатты заттар мен материалдардың өрттері;

      3) С – газдардың өрттері;

      4) D – металдардың өрттері;

      5) Е – кернеуде тұрған электр қондырғыларының жанғыш заттары мен материалдарының өрттері;

      6) F – ядролық материалдардың, радиоактивті қалдықтардың және радиоактивті заттардың өрттері.

      3. Адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларына мыналар жатады:

      1) жалын мен ұшқындар;

      2) жылу ағыны;

      3) қоршаған ортаның жоғарғы температурасы;

      4) жанатын және термикалық бөлшектенетін уытты элементтердің жоғарғы концентрациясы;

      5) оттегінің төменгі концентрациясы;

      6) түтіннен көрудің төмендеуі.

      4. Өрттің қауіпті факторларының құрылыс конструкцияларына, технологиялық жабдыққа және өрт сөндіру жөніндегі әрекеттерге әсер ететін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, материалдық құндылықтарға зиян келтіретін екінші зардаптарына мыналар жатады:

      1) бүлінген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың сынықтары, бөліктері;

      2) бүлінген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивті және уытты заттар мен материалдар;

      3) конструкцияның, аппараттардың, агрегаттардың ток өткізетін бөліктеріне жоғарғы кернеуді шығару;

      4) өрт салдарынан болған жарылыстың қауіпті факторлары;

      5) өрт сөндіретін заттардың әсері және өрттерді сөндіру жөніндегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттері.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Құрылыс материалдары жанғыш (Г) және жанбайтын (НГ) болып бөлінеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:

      1) Г1 (әлсіз жанатын) – түтінді газдарының температурасы 135oС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 65% артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 20% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 0 с артық емес құрылыс материалдары;

      2) Г2 (орташа жанатын) – түтінді газдарының температурасы 235оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 30 с артық емес құрылыс материалдары;

      3) Г3 (қалыпты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық емес құрылыс материалдары;

      4) Г4 (қатты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450oС артық, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85 % артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық құрылыс материалдары.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Г1 – Г3 жанғыш топтарына жататын құрылыс материалдары үшін сынау кезінде балқыған заттың ыстық тамшыларының түзілуіне жол берілмейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жанғыштығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

      1) В1 (қиын тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

      2) В2 (орташа тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м2 кем емес, бірақ 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;

      3) В3 (тез тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары.";

      59-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ф1 – адамдардың тұрақты тұруға және уақытша болуына арналған ғимараттар:

      Ф1.1 – мектепке дейінгі ұйымдар, мамандандырылған қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың (пәтерлік емес) үйлері, ауруханалар, интернаттық ұйымдардың ұйықтауға арналған корпустары;

      Ф1.2 – қонақ үйлер, жатақханалар, хостелдер, жалпы типтегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің, кемпингтердің, мотельдер мен пансионаттардың ұйықтауға арналған корпустары;

      Ф1.3 – көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      Ф1.4 – бір пәтерлік, оның ішінде бұғатталған тұрғын үйлер;

      Ф1.5 – көп функциялы ғимараттар;";

      Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 6-қосымшада:

      1-кестенің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Отқа төзімділік деңгейіне қарай тұрғын үй, қоғамдық, әкімшілік, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрмыстық ғимараттары арасындағы өртке қарсы қашықтық";

      "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 8-қосымшада:

      1-кестенің ескертпелерінде:

      1-тармақ алып тасталсын;

      6 және 7-тармақтарда орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 "Об утверждении технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 15 октября 2024 года № 381. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 октября 2024 года № 35265

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 "Об утверждении технического регламента "Общие требования к пожарной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24045) следующие изменения:

      в техническом регламенте "Общие требования к пожарной безопасности", утвержденном указанным приказом:

      в параграфе 2 главы 3:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Требования пожарной безопасности при проектировании объектов";

      пункт 40 изложить в следующей редакции:

      "40. Ширина подъездов и проездов для пожарных автомобилей должна быть не менее 6 м. Максимально допустимый уклон проездов для пожарных автомобилей необходимо принимать не более 10 %, а уклон подъездов не более 6 %.";

      пункты 84 и 85 изложить в следующей редакции:

      "84. Установку пожарных гидрантов необходимо предусматривать вдоль автомобильных дорог на расстоянии не более 2,5 м от края проезжей части, но не менее 5 м от стен зданий и сооружений.

      Допускается располагать пожарные гидранты на проезжей части, при этом установка пожарных гидрантов на ответвлении от линии объединенного хозяйственно-питьевого водопровода не допускается.

      В случае расположения пожарного гидранта на подъезде для пожарной техники, минимальная ширина проездов на данном участке должна составлять 8 м.

      85. Расстановка пожарных гидрантов на водопроводной сети должна обеспечивать пожаротушение любого обслуживаемого данной сетью здания, сооружения или их части не менее чем от двух пожарных гидрантов при расходе воды на наружное пожаротушение 15 л/с и более и от одного гидранта при расходе воды менее 15 л/с, с учетом прокладки рукавных линий длиной не более 150 м по дорогам с твердым покрытием.";

      заголовок раздела 2 изложить в следующей редакции:

      "Раздел 2. Требования к противопожарным расстояниям между зданиями и сооружениями";

      в пункт 95 на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке не меняется;

      пункт 110 изложить в следующей редакции:

      "110. При размещении автозаправочных станций на территории населенных пунктов противопожарные расстояния должны определяться от стенок резервуаров (сосудов) для хранения топлива и аварийных резервуаров, наземного оборудования, в котором обращается топливо и (или) его пары, от дыхательной арматуры подземных резервуаров для хранения топлива и аварийных резервуаров, корпуса топливно-раздаточной колонки и раздаточных колонок сжиженных нефтяных газов или сжиженного природного газа, границ площадок для автоцистерны и технологических колодцев, от стенок технологического оборудования очистных сооружений, от границ площадок для стоянки транспортных средств и от наружных стен и конструкций зданий автозаправочных станций до:

      1) границ земельных участков дошкольных организаций, организаций среднего образования, интернатных организаций, медицинских организаций, оказывающих медицинскую помощь в стационарных условиях, одноквартирных жилых зданий;

      2) стен жилых и общественных зданий другого назначения.";

      в пункт 115 на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке не меняется;

      пункт 142 изложить в следующей редакции:

      "142. Приточно-вытяжная система противодымной вентиляции применяется в зданиях и сооружениях, в которых архитектурно-планировочными решениями или с помощью механической вентиляции обеспечивается приток воздуха в объемах, соответствующих объему удаляемых продуктов горения.

      Компенсационный приток и вытяжной клапан дымоудаления необходимо устанавливать рассредоточено друг от друга. Высота их установки должна обеспечивать воздушно-дымовую конвекцию в случае пожара.";

      пункт 161 изложить в следующей редакции:

      "161. Пределы огнестойкости строительных конструкций допускается определять расчетно-аналитическими методами, установленными в документах по стандартизации, архитектуры, градостроительства и строительства.";

      пункт 214 изложить в следующей редакции:

      "214. Работы, выполняемые по монтажу систем и установок пожарной автоматики, оформляются в соответствии с требованиями СН РК 1.03-00-2022 "Строительное производство. Организация строительства предприятий, зданий и сооружений".";

      пункт 223 изложить в следующей редакции:

      "223. Место расположения пожарных депо по охране объектов необходимо выбирать из расчета радиуса обслуживания предприятия с учетом имеющихся пожарных депо (постов), находящихся в пределах, устанавливаемых радиусов обслуживания.

      Радиусы обслуживания пожарными депо должны определяться из условия пути следования до наиболее удаленного здания или сооружения по дорогам общего пользования или проездам и необходимо принимать 2 км – для предприятий с производствами категорий А, Б и В, занимающих более 50 всей площади застройки, 4 км – для предприятий с производствами категорий А, Б и В, занимающих до 50 % площадь застройки, и предприятий с производствами категории Г и Д.

      В случае превышения указанного радиуса на площадке предприятия необходимо предусматривать дополнительные пожарные депо (постов) в соответствии с Перечнем организаций и объектов, на которых в обязательном порядке создается негосударственная противопожарная служба, утвержденным приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 29 мая 2023 года № 281 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32631).

      При наличии на площадке предприятии зданий и сооружении III, IIIб, IV, IVа, V степеней огнестойкости с площадью застройки составляющий более 50 % всей площади застройки предприятия, радиусы обслуживания пожарными депо и постами уменьшаются на 40 %.

      Пожарные депо (посты) не допускается встраивать в производственные и вспомогательные здания с производствами категорий А и Б.";

      пункт 235 изложить в следующей редакции:

      "235. По периметру площадок производственных объектов хранения легковоспламеняющихся, горючих и токсичных жидкостей в таре должно быть предусмотрено устройство замкнутого обвалования или ограждающей стены из негорючих материалов.";

      пункт 292 изложить в следующей редакции:

      "292. 292. Подтверждение соответствия продукции, включая показатели предела огнестойкости, класса пожарной опасности строительных конструкций (в том числе конструкций заполнения проемов), а также показателей пожарной опасности строительных материалов (в том числе, отделочных) осуществляется в соответствии с Правилами оценки соответствия, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 июня 2021 года № 433-НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 23364).";

      в приложении 1 к Техническому регламенту "Общие требования к пожарной безопасности":

      глава 1 на государственном языке изложена в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Строительные материалы подразделяются на горючие (Г) и негорючие (НГ).";

      в пункт 18 на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке не меняется;

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Для строительных материалов, относящихся к группам горючести Г1-Г3, не допускается образование горящих капель расплава при испытании.";

      в пункт 21 на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке не меняется;

      подпункт 1) пункта 59 изложить в следующей редакции:

      "1) Ф1 – здания для постоянного проживания и временного пребывания людей:

      Ф1.1 – дошкольные организации, специализированные дома престарелых и лиц с инвалидностью (неквартирные), больницы, спальные корпуса интернатных организаций;

      Ф1.2 – гостиницы, общежития, хостелы, спальные корпуса санаториев и домов отдыха общего типа, кемпингов, мотелей и пансионатов;

      Ф1.3 – многоквартирные жилые дома;

      Ф1.4 – одноквартирные, в том числе блокированные жилые дома;

      Ф1.5 – многофункциональные здания;";

      в приложении 6 к Техническому регламенту "Общие требования к пожарной безопасности":

      наименование таблицы 1 изложить в следующей редакции:

      "Противопожарные расстояния между жилыми, общественными, административными, а также бытовыми зданиями промышленных предприятий в зависимости от степени огнестойкости";

      в приложении 8 к Техническому регламенту "Общие требования к пожарной безопасности":

      в примечании таблицы 1:

      пункт 1 исключить;

      пункты 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "6. Расстояние, обозначенное "*", необходимо увеличивать в два раза для АЗС, обслуживающих автотранспортные средства, полная масса которых более 3,5 т;

      7. Расстояние от АЗС с наземными резервуарами до объектов, указанных в строках 1, 2, 3, 4, 7, 10, 11 необходимо увеличивать в два раза.".

      2. Комитету противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан