Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 мамырда № 32631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Заңы "Азаматтық қорғау туралы" 12-бабының 37-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген

Міндетті түрде мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесі

      1. Мұнай мен газды өндіру, қайта өңдеу, сақтау, қамтамасыз ету және тасымалдау жөніндегі ұйымдар мен объектілер:

      1) мұнай өндіру жөніндегі объектілер:

      өнімділігі тәулігіне үш жүз тоннаға дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      өнімділігі тәулігіне үш жүз тонна және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      2) өнімділігіне қарамастан газ өндіру жөніндегі объектілер – жолға шығатын техникасы бар;

      3) мұнай айдау станциялары:

      резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы қырық мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы қырық мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      4) газ айдау агрегаттарының жалпы қуаттығына қарамастан газкомпрессорлық станциялар – жолға шығатын техникасы бар;

      5) өндірістік қуаттығына қарамастан, газ өңдеу зауыттары – жолға шығатын техникасы бар;

      6) өндірістік қуаттығына қарамастан, мұнай өңдеу зауыттары – жолға шығатын техникасы бар;

      7) газ толтыру станциялары:

      резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      резервуарлардың жалпы сыйымдылығы сегіз мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      8) мұнай құю және мұнай төгу эстакадалары:

      төгу-құю операцияларының жобалық көлемі тәулігіне екі мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      төгу-құю операцияларының жобалық көлемі тәулігіне екі мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      9) өнімділігіне қарамастан, қайраңда мұнай мен газ өндіру мен дайындауға арналған теңіз операцияларын қолдау базалары – жолға шығатын техникасы бар;

      10) мұнай базалары мен мұнай өнімдерінің қоймалары:

      резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы он мың текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      резервуарлық парктерінің жалпы сыйымдылығы он мың текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      11) жерасты газ сақтау станциялары:

      жалпы көлемі бір миллиард текше метрге дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы көлемі бір миллиард текше метр және одан көп – жолға шығатын техникасы бар.

      2. Химия және мұнай-химия өнеркәсібі ұйымдары:

      1) мұнай-химия өнімдерін (полипропилен, полиэтилен, хош иісті көмірсутектер, синтетикалық каучук, полистирол және басқалары) шығару жөніндегі кәсіпорындар:

      жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

      2) жарылу-өрт қаупі бар заттарды қолдана отырып, химия өнімдерін (спирттерді, эфирлерді, шайырларды, винилхлоридті, талшықтарды, бояуларды және басқаларды) шығару жөніндегі кәсіпорындар:

      жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

      3) шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды шығару жөніндегі кәсіпорындар:

      жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

      4) сұйытылған көмірсутегі газдарын қайта өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындар:

      жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

      5) минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар:

      жалпы өндірістік ауданы үш мыңнан он мың шаршы метрге дейін, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы жоқ;

      жалпы өндірістік ауданы он мың шаршы метр және одан көп, егер осы ауданның он және одан көп пайызын жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар алып тұрса – жолға шығатын техникасы бар;

      6) қуаттығына қарамастан, биоотын өндіру жөніндегі кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы жоқ.

      3. Электр энергетикасы өнеркәсібінің ұйымдары:

      1) мемлекеттік аудандық электр станциялары қуаты бес жүз МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      2) су электр станциялары:

      қуаты екі жүз елу МВт дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      қуаты екі жүз елу МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      3) жылу электр станциялары:

      қуаты елу МВт немесе үш жүз Гкал дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      қуаты елу МВт және одан көп немесе үш жүз Гкал және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      4) қуаттығына қарамастан, атом электр станциялары – жолға шығатын техникасы бар;

      5) газ-турбиналық электр станциялары:

      қуаты елу МВт дейін – жолға шығатын техникасы жоқ;

      қуаты елу МВт және одан көп – жолға шығатын техникасы бар;

      6) кернеуі бір мың бір жүз елу кВ және одан көп кіші станциялар – жолға шығатын техникасы бар.

      4. Өндірістік қуаттығына қарамастан көмірді, қара және түсті металдарды өндіретін кен орындарының объектілері – жолға шығатын техникасы бар.

      5. Жолаушылардың есептік сыйымдылығына ғимараттары бар халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған көлік кәсіпорындары:

      әуежайлардағы жолаушылардың сыйымдылығына қарамастан – жолға шығатын техникасы бар;

      темір жол вокзалдарында және метрополитендерде жеті жүз адам және одан көп – жолға шығатын техникасы жоқ.

      6. Жалпы ауданы бір жарым мың шаршы метрден астам жарылғыш заттар қоймалары – жолға шығатын техникасы бар.

      7. Астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша жалпы өндірістік қуаттығы елу мың тонна астық және одан көп элеваторлар – жолға шығатын техникасы бар.

      8. Жалпы ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан өрт қаупі, жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар мен үй-жайлар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар бар өнеркәсіптік өндірістің барлық түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар – жолға шығатын техникасы бар.

      9. Сауда ауданы үш жарым мың шаршы метр және одан көп, өрт сөндірудің автоматикалық жүйесімен жабдықталмаған және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен үш километрден астам қашықтықта орналасқан базарлар – жолға шығатын техникасы бар.

      Ескертпелер:

      1. Ғимараттарды, құрылыстарды, кәсіпорындардың сыртқы технологиялық қондырғыларын өрт қаупі немесе жарылу-өрт қаупі бар өндіріс санаттарына жатқызу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) техникалық регламентінде айқындалады.

      2. Жарылу-өрт қаупі бар ғимараттар, үй-жайлар мен сыртқы технологиялық қондырғылар алатын орынның жалпы өндірістік алаңының үлесін анықтау кезінде жарылу-өрт қаупі бар заттар мен материалдар сақтау жүргізілетін ашық алаңдар да есепке алынады.

      3. Өндірістік-өнеркәсіптік аймақта орналасқан шаруашылық жүргізу ұйымдары мен объектілерін өртке қарсы қорғауды бір өрт бөлімшесі мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қызметкерлері мен ұтқыр өрт техникасына қызмет көрсету және оны ұстау жөніндегі аталған кәсіпорындардың үлестік қатысуы арқылы қамтамасыз ете алады. Бұл ретте бөлімшенің жалпы штат саны мен техникалық жарақтандырылуы әр кәсіпорынның өндірістік сипаттамаларын ескере отырып айқындалады.

      4. Өнеркәсіп объектілерінде көшпелі техникамен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құру кезінде өрт депосына қызмет көрсету радиусы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

      5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің техникалық жарақтандырылуы мен қызметкерлер саны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелді) Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      6. Аталған тізбеге енбеген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері бар ұйымдар мен объектілер олардың одан әрі жұмыс істеуін сақтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады